Дуал – балшықтан қаланып, биік етіп салынған қоршау.
Дулулар – түрік тілдес тайпа.
Дулыға – темір-телпек; соғыс кезінде қорғану үшін киілетін болған.
Дурут – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.
Дүнгендер – ислам дінін ұстанатын қытай тілдес халық.
Дүниежүзілік соғыс – капиталистік елдердің ықпал ету аймақтары, шикізат көздері, дүниежүзілік үстемдік
жолындағы қарама-қайшылықтарының шиеленісу нәтижесі.
Діни-наным – қандай да бір дінге, конфессияларға қатысты болу, сондай-ақ өзінің діни ілімі, табынуы, ұйымы
бар діни бірлестік.
Екінші дүниежүзілік соғыс – 1939 жылғы 1 қыркүйекте басталған жаңа дүниежүзілік соғыс; адамзат
тарихындағы ең үрейлі, қатал, апатты соғыс. 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталды.
Елбөрлі, бөрлілер – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.
Елтебер – қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым.
Елтірі – туғаннан кейін 2-3 күн ішінде сойылған қозы терісі.
Енисей жазуы – VI-VIII ғасырларда түрік тайпалары қолданған жазу. Орхон-Енисей жазуы деп те аталады.
Ереуіл – жұмысшылар мен қызметшілер ұжымының өздерінің экономикалық және саяси талаптарын
қанағаттандырғанға дейін жұмысты тоқтатуы, еңбек дауларын реттеудің бір әдісі.
Ер-тұман – салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық аты.
Еуроцентризм – ғылымның , өнердің, философияның, әдебиеттің және т.б. құндылықтардың түбегейлі дамуы
тек Еуропада ғана жүрді деп саналатын ғылыми концепция.
Достарыңызбен бөлісу: |