6-сынып Тас дәуірі



Pdf көрінісі
бет459/542
Дата27.01.2022
өлшемі1.65 Mb.
#454884
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   542
ЖҰБАНЫШЕВ2021

Жол  жөндеу  салығы  –  көшпелі  қазақтардың  Сібір  казактарының  меншігі  мен  бақылауындағы  жерлермен 
жүріп өткені үшін төлейтін ақысы. 
Жужань – ІV ғасырда Монғолия мен Батыс Манчьжурияда құрылған көшпелі тайпалар одағы. 
Жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өлімі індет. 
Жүген – ер-тұман әбзелі. 
Жүз – бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі. 
Жылу – малының қырылуына байланысты туысқандарынан сұрайтын көмек. 
Жырау – жырды көп білетін және жанынан өлең шығаратын жыршы адам. 
Жікіл – түрік тілдес тайпа. 
Зайырлы – діни емес, азаматтық өмір салты, білім – ғылыми білім негіздері. 
Зекет  –шариғатқа  негізделген,  хандар  мен  сұлтандардың  пайдасына  мал  шаруашылығымен  айналысатын 
шаруалардан алынатын салық. 
Зеңгі баба – сиыр малының пірі. 
Зиялылар  (интеллигенция  лат.intelligens  –  түсінетін,  ойлаушы,  саналы)  –  ой  еңбегімен,  күрделі 
шығармашылық еңбекпен, мәдениетті дамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық 
тобы. 
Зооморфтық үлгі – діни ұғымға байланысты қиял-ғажайып өнері. 
Зороастризм – ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   542




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет