Ұлы Жібек жолы – сауда-керуен жолдарының жалпы атауы; б.з.б. ІІ ғасырдан ХVІ ғасырға дейін Орта Азия
арқылы Қытайдағы Алдыңғы Азиямен байланыстырады.
Ұлыс – бірнеше арыстың жері.
Ұмай ана – ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі).
Үндеу – белгілі ұрандар, іс-қимыл төңірегінде халыққа мәлімдеу.
Үшір – еңбекке жарамды адамдар табысының алынатын салық.
Федеративтік республика – дербес мемлекеттердің біртұтас болып өзара біріккеннен құрылған мемлекет.
Фискаль – іс-әрекеттің, негізінен алғанда қаржының жұмсалу заңдылығын қадағалайтын шенеунік.
Флора – белгілі бір аумақта өсетін өсімдіктер түрі.
Фольклор – қазақ халқының бұқаралық көркемсөз шығармашылығы.
Форум – алқалы жиын, мәслихат.
Халық Комиссарлары Кеңесі (ХКҚ) – Кеңес мемлекетінің 1917-1946 жылдар аралығындағы жоғарғы
атқарушы және жарлық етуші органы (үкіметі). 1946 жылы Министрлер Кеңесі болып қайта құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |