Ценз (лат. census) – статистикалық халық санағының ескіліктегі атауы. Онда азаматтардың дүние-мүлкі,
қоғамдағы әлеуметтік, саяси орны, әскери қызметі көрсетілді.
Цитадель (қамал) – ортағасырлық қалалардың бекініс құрылыстарымен қоршалған орталық әкімшілік бөлігі.
Чехословак корпусы – Бірінші дүниежүзілік соғыста қолға түскен 45 мыңдай соғыс тұтқындарынан құралған,
Еділ бойы, Орал мен Сібір жерінде орналасқан корпус.
Шағатай тілі – бүгінде қолданыстан қалған, ортағасырлық түркі тілі.
Шад – Түрік қағанаты ақсүйектеріне берілетін лауазым.
Шанышқы – ағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық аулайтын
құрал.
Шаньюй – Ғұн мемлекеті билеушісінің лауазымы.
Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі.
Шапан – қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігілген сырт киім.
Шапқы – жұмыр тастың екі жағында өңдеп, ұшын үшкірлеп жасаған ерте палеолитте кең тараған қару.
Шапқының ұзындығы – 10-20 см, салмағы 0,5-2 килограмдай болған.
Достарыңызбен бөлісу: |