Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық режим.
Салық режимі – салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін белгіленген және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған (жеңілдетілген) тәртібін көздейтін, бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Арнаулы салық режимі:
1) шағын бизнес субъектілері;
2) шаруа (фермерлік) қожалықтары;
3) заңды тұлғалар – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер;
4) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін көзделеді.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі (режимі), төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығын қоспағанда, корпоративті (жеке) табыс салығына, әлеуметтік салыққа қатысты белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |