6 зертханалық ЖҰмыс баз-дың мицелла түзілу концентрациясын анықтау баз-дардың мицелла түзуі. Мицелла түзілу механизмі


-ЖҰМЫС. МИЦЕЛЛА ТҮЗІЛУДІҢ КРИТИКАЛЫҚ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ЭЛЕКТРӨТКІЗГІШТІК БОЙЫНША АНЫҚТАУ



бет4/5
Дата28.11.2023
өлшемі88.12 Kb.
#484603
1   2   3   4   5
6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС-1

6.2-ЖҰМЫС. МИЦЕЛЛА ТҮЗІЛУДІҢ КРИТИКАЛЫҚ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ЭЛЕКТРӨТКІЗГІШТІК БОЙЫНША АНЫҚТАУ
Жартылай коллоидтар ерітінділер концентрациясына байланысты не молекулалық (немесе иондық), не мицеллалық күйде болуы мүмкін. Жартылай коллоидтардың молекулалық жүйеден мицеллалық жүйеге ауысқандағы концентрациясы мицелла түзудің критикалық концентрациясы деп аталады.
Диссоциациялану дәрежесі бірге тең болғандағы, яғни шексіз сұйылғандағы электролиттің эквивалентті электрөткізгіштігі тек қана иондардың қозғалғыштықтарына тәуелді:

(6.2)

Мұндағы ; – сәйкесінше катиондардың және аниондардың қозғалғыштықтары.
Жартылай коллоидтар ерітінділерінің эквивалентті электрөткізгіштігі-нің концентрацияға тәуелді өзгерісінен жүйенің шын ерітіндіден мицеллалық ерітіндіге өтуін байқауға болады (34- сурет).

34-сурет. Иондық БАЗ-дардың эквиваленттік электрөткізгіштігінің концентрацияға тәуелділігі

Мицелланың түзілуі және оның өлшемінің өсу шамалары бойынша бөлшектердің қозғалғыштықтары төмендейді, соған орай эквивалентті электрөткізгіштігі төмендейді. Бұл төмендеу үдерісі мицелла толығымен қалыптасып және қозғалғыштықтың тұрақты шамасы орнағанша жүреді. Бұдан басқа да іріленуге параллельді жүретін зарядтардың жойылу үдерісі де ерітіндінің электрөткізгіштігін төмендетеді. Соған орай электрөткізгіштіктің қисықтың төмендеуден тұрақтылыққа ауысу ауданы мицеллалық жүйелердің түзілуінің аяқталуына сәйкес келеді.


Иондық жартылай коллоидтардың эквивалентті электрөткізгіштігінің оның концентрациясына тәуелділігінде ерітіндідегі иондардың басым күйіне сәйкес келетін аймақта АВ қисық шұғыл төмендейді. ВС ауданы мицелланың басымдығына сәйкес, ал СД қисығы жүйенің толық мицеллалық күйге ауысуын көрсетеді.
Эквивалентті электрөткізгіштікті меншікті электрөткізгіштік æ арқылы да өрнектеуге болады:

λ=æ1000 (6.3)


мұндағы  – концентрацияның кері шамасына тең сұйылту (л).


Меншікті электрөткізгіштік биіктігі 1см сұйықтық бағанасының кедергісі арқылы алынады, электрөткізгіштік мәндері геометриялық кубтық сантиметрге сай емес сұйықтық бағанасы бар ыдысқа беріледі, сол қолданылатын ыдысқа К түзеткішін енгізеді; оны белгілі концентрациядағы калий хлориді ерітіндісінің белгілі меншікті электрөткізгіштігімен анықтайды. Сонда:

K=æKClRKCl (6.4)


Осыдан Rx кедергісі бар зерттелетін ерітінді үшін


æ=K/Rx (6.5)
λ = æ01000=æ1000 (6.6)

Бірақ æ = 1/R болғандықтан, R – берілген ыдыстағы электролит бағанасының кедергісін қою арқылы эквивалентті электрөткізгіштікті есептеуге ыңғайлы өрнек аламыз:


λ=K1000/R (6.7)


Мысалы, 0,02н KCl ерітіндісінің электрөткізгіштігі сұйылту  = 1/0,02 = 50 л болғанда R = 320 Oм тең, құрылғының тұрақтылығы 0,8. Сонда теңдеу бойынша: λ = 0,8 · 50 · 1000/320 = 125




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет