6 зертханалық ЖҰмыс баз-дың мицелла түзілу концентрациясын анықтау баз-дардың мицелла түзуі. Мицелла түзілу механизмі


-ЖҰМЫС. МИЦЕЛЛА ТҮЗУДІҢ КРИТИКАЛЫҚ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН БЕТТІК КЕРІЛУ ШАМАСЫ БОЙЫНША АНЫҚТАУ



бет3/5
Дата28.11.2023
өлшемі88.12 Kb.
#484603
1   2   3   4   5
6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС-1

6.1-ЖҰМЫС. МИЦЕЛЛА ТҮЗУДІҢ КРИТИКАЛЫҚ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН БЕТТІК КЕРІЛУ ШАМАСЫ БОЙЫНША АНЫҚТАУ
Беттік керілуді сталагмометрлік әдісімен анықтауға болады. Сталагмометрлік әдісі жоғарыда бірінші жұмыста көрсетілген (1.16).
Жұмыстың мақсаты: Мицеллатүзгіш БАЗ-дардың мицелла түзудің критикалық концентрациясын анықтау.
Жұмыс барысы: Концентрациясы белгілі БАЗ ерітіндісін алып, оны екі есе сұйылту арқылы көлемі 50 мл 6-7 ерітінді алады. Ерітінділерді концентрациялары көбею бағытында нөмірлейді. Осы ерітінділердің сталагмометрдің екі белгі арасында аққандағы тамшылар санын санайды.. Өлшеуді төменгі концентрациядан бастайды.
Сұйықтықтың ағу жылдамдығын сталагмометрлік түтіктің жоғарғы жағында орналасқан винттік қысқыш арқылы реттеп, тұрақты етіп сақтайды. Жұмыстың алдында сталагмометрлік түтіктің және капиллярдың ішін ластанудан тазарту үшін оларды хром қоспасымен, одан кейін сумен жуады. Сталагмометрді штативке тігінен бекітіп, оған сұйықтықты жоғарғы белгісінен асырып сорады да (бұл кезде түтікте ауа көпіршіктері болмау керек), сұйықтықтың ағып шығуын бақылайды. Сұйықтықтың деңгейі жоғарғы белгіге сәйкес келгенде тамшылар санын санай бастайды; сұйықтық деңгейі төменгі белгіге жеткенде санауды тоқтатады. n шамасы ретінде 3 өлшемнің тамшы санының орташа мәнін алады. Өлшемдірді тамшының баяу түзілуі жағдайында (минутына 1-3 тамшы) жүргізеді. Тәжірибені бірнеше рет қайталап, алынған мәліметтердің орташа мәнін табады (әрбір өлшем арасындағы ауытқу 1-2 тамшыдан аспауы керек). Жұмыс нәтижелерін 13-кестеге енгізу керек:


13 - кесте

БАЗ концентрациясы, моль/л

n, тамшылар саны

σст.

σХ

0
0,000157
0,000315
0,00063
0,00125
0,0025
0,005
0,01










Алынған нәтижелер бойынша тәуелділік қисығын тұрғызып, БАЗ-дың КМТК-сын 33-суретте көрсетілген графиктық әдіспен табу керек.





33–сурет. БАЗ ерітіндісінің беттік керілуінің концентрацияға тәуелділік қисығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет