64-шығарылым «Мал шаруашылығындағы жұмыс» бөлімі Астана 2010 Кіріспе



бет2/5
Дата17.06.2016
өлшемі465 Kb.
#142165
1   2   3   4   5
§ 22. Қымыз дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қымызды дайындау үшін дайындық жұмыстарын жүргізу. Сүтті алғашқы өңдеу, ашытқыны араластыру, бөтелкелерді жабу. Жуу және зарарсыздандыру заттарын берілген рецепті бойынша жасау. Ыдыс пен сүтті алғашқы өңдеуге қолданылатын жабдықты жуу және зарарсыздандыру. Сүтті қабылдау және есебін алу.

Білуге тиіс: ферма жанындағы сүт зертханасының құрылымы мен жабдығын; сүт өнімін өндіруге арналған шикізат ретінде сүтке қойылатын Мемстандарт талаптарын, сүтті алғашқы өңдеу технологиясын; сүтті алғашқы өңдеуге қолданылатын жабдықтың құрылымын және қызмет көрсету ережесін; сүтті қабылдау және алғашқы өңдеу кезіндегі есепке алу және есептілік ережесін.
§ 23. Қымыз дайындаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қымызды дайындау процесін жүргізу. Сүтті химиялық талдау. Ашытқы әзірлеу және сүтті ашыту. Қымызды машина тәсілімен дайындау, бөліп құю, суыту.

Білуге тиіс: сүттік құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін; сүтті химиялық талдау кезінде қолданылатын реактивтердің қасиеттерін; сүт ақауын, оның алдын алу шаралары мен жою тәсілдерін; сүтті химиялық талдау әдістерін; микробиология негіздерін және қымызды Мемстандарт талаптарына сәйкес дайындау технологиясын.

§ 24. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Персе пілләсін кілеттер мен изолятордан түсіріп алу, персені сұрыптау, қанар қаптарға салып преске апару. Сынама әзірлеу және талдау. Пестик салынған ступкаларды, жабынды және заттық шыныларды жуу. Жібек құртын жуу, кептіру, желге ұшыру және бөліп салу. Жібек құртын тазалау: желімдеуші қабатын эмульсияланған қапшықтар мен табалардан қырып алу. Эмульсияланған қағазды дайындау және қапшықтарды тігу. Піллә партияларын біріктіру және кілеттерге, стеллаждарға салу, түсіру, қаптарға толтыру. Жібек құртын сақтау қоймасының температурасын, ылғалдылығын тіркеу. Жібек құртын қысқы сақтау. Көбелекті қапшықтарды тізу, оларды ілу, түсіріп алу және грен салмаларын сұрыптау.

Білуге тиіс: жібек құртын жуу мен кептіру технологиясын; сынама әзірлеу және талдау тәсілдерін; зертхана жабдығымен жұмыс істеу ережесін.
§ 25. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көбелектерді жұптастыру, айыру және оларды изолятор мен қапшықтарға салу. Пілләні тесіп қуыршақтарды алу, оларды сүрту. Препараттарды микроскопиялауға дайындау. Препараттарды микроскопиялау. Көбелектерді бөлшекке бөлу, ступкаларға салу, механикалық сүрту. Өндірістік бақылау. Жібекшілерден пілләне сұрыптары бойынша қабылдап алу, оларды асыл тұқымды және аралас сұрыпқа бөлу. Аппараттарда асыл тұқымды піллә партиясының жынысын айыру. Жібек құрты үлгілерін іріктеу. Персе пілләсін механикалық престерде, экспортқа арналған киптерді салып, таңбалай отырып престеу. Пілләні сыдырғыш машинада тазалау.

Білуге тиіс: қуыршақтарды алдын ала зерттеу жүргізу тәсілдерін және микроталдау әдістерін; пілләні сұрыптау және олардың жынысын анықтау ережесі мен әдістерін.

§ 26. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пілләнің сұрыптық құрамын анықтау және қуыршақтарды алдын ала зерттеу.

Білуге тиіс: тұт жібекшісі биологиясы негіздерін; үлгі іріктеу және оларды талдауға дайындау тәртібін.
§ 27. Жібек құртын әзірлеу жөніндегі зертханашы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жазғы бағыттағы жібек құртын тұз қышқылы ертіндісінде өңдеу.

Білуге тиіс: тұз қышқылымен өңдеу технологиясын, өңдеу экспозициясын; жұмыс және титрлендірілген ертінді жасау тәсілдерін.
§ 28. Шабандоз

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Экипажға жегілген аттарды айдау, оларды біліктілігі анағұрлым жоғары ат айдаушының басшылығымен жаттықтыру. Жылқышылардың жылқыны күту, бағу және азықтандыру жұмыстарын бақылау. Қоймадан инвентарь, жем және төсемді алып жылқышыларға беру. Трен-бөлімше, тағалау, және жемазық ведомостары қызметкерлерінің жұмыс табелін жүргізу. Қоймадан дәрі-дәрмектерді алу және оларды сақтау, ветеринар дәрігерінің нұсқауы бойынша пайдалану. Жаттығу экипаждары мен әбзелдерін жұмыс жағдайында ұстау.

Білуге тиіс: анатомия, физиология, зоогигиена негіздерін; жемазық рациондарын жасау ережесін; жем түрлерінің жемдік құндылығын; аттарды олардың атқаратын жұмысы мен жасына қарай азықтандыру ережесі мен техникасын; алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережесін; экипаждары мен әбзелдердің, қорғану айлабұйымдарының құрылымын; аттар тренингінің олардың жасына қарай негізгі әдістерін; экипаж түрлерін және оларды құрастыру мен атты жегу ережесін; желісті аттарды жүгірту, жаттықтыру және сынау ережесін.

§ 29. Шабанбоз

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Экипажға жегілген аттарды айдау. Аттарды жаттықтыру жоспарын жасау. Жаттығуларды ұйымдастыру және солардың нәтижелері бойынша бақылау жұмыстарын жүргізу. Жылқыны азықтандырудың, күтудің және ұстаудың ветеринарлық-зоотехниялық ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету. Жылқының денсаулығы мен жай-күйін қадағалау. Жылқыларды сынауға, жаттығуға дайындау және оларды өткізу. Жылқыны аукционға дайындау және сонда көрсету. Жылқының жұмыс есебін жүргізу. Жылқыны ветеринарлық өңдеуге, бонитировкаға және сату кезінде бағалауға алып шығу. Атқораның, жаттықтыру құралдарының жай-күйі мен жарамдылығын, бекітілген орынжай мен аумақтың санитарлық жағдайын қадағалау. Қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы іс-шаралар ережелерінің сақталуын бақылау.

Білуге тиіс: аттарды жаттықтырудың ай сайынғы жоспарын жасау ережесін; жаттығу жұмысын есепке алу тәсілдерін; жылқыларды зауыттардағы сынауға, жаттығуға дайындау және оларды өткізу ережесін; аттарды тағалау ережесін.
§ 30. Тері өңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі қара малдың, жылқының, қойдың, ешкі мен қоян ұшасынан теріні қолмен айлабұйымдарды пайдалана отырып түсіруді жүргізу. Теріні қолмен немесе майсыздандыру станоктарының көмегімен майсыздандыру. Теріні өңдеу және консервациялауды жүргізу.

Білуге тиіс: түрлі жануарлар терілерінің қыл жабыны мен тері тінінің топографиясы мен құрылымын; жануарлардың өңделмеген терілерінің мемстандарттарын; жануарлардың терілерін алғашқы өңдеу нұсқаулығын; терілерді алғашқы өңдеу цехында өндіріс кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен санитарлық ережені.

§ 31. Тері өңдеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аң терісін және каракөл қозылардың терісін қолмен айлабұйымдарды пайдалана отырып немесе теріні түсіру станоктарының көмегімен түсіруді жүргізу. Теріні қолмен немесе майсыздандыру станоктарының көмегімен майсыздандыру. Теріні ет кесіндісінен және шел майынан қолмен немесе таптауыш барабанда тазарту. Қаракөл қозылардың терісін тұздау, кептіру және тұздан, қоспадан, ластан қолмен немесе механизмдердің көмегімен тазарту. Ұлтабарды өңдеу. Аң терілерін тиісті типтегі және мөлшердегі түзегіштерде түзеу. Аң терілерін кептіру камераларында, барабандарда өңдеу. Тарау, ақауларын кетіру, қолмен немесе механизмдердің көмегімен тазарту. Аң терілерін қайталап түзеу және өңдеу.

Білуге тиіс: түрлі аң және каракөл қозылар терілерінің қыл жабыны мен тері тінінің топографиясы мен құрылымын; түрлі аң және каракөл қозылардың өңделмеген терілерінің мемстандарттарын; түрлі аң және каракөл қозылар жануарлардың терілерін алғашқы өңдеу жөніндегі қолданысағы нұсқаулықтар мен кеңестерді; терілерді алғашқы өңдеу цехында өндіріс кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен санитарлық ережені.


§ 32. Бұғы өсіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұғы өсіру бригадасы мүшелеріне қызмет көрсету; тамақ пісіру, киім мен аяқ киімді жөндеу, шаңғыны тері қабатымен көмкеру, ұшаны түсіру және мүшелеу, отын мен мұз дайындау, мекенжайды жинау, жылжымалы үйді көшіп қонуға дайындау, оны орнату және басқа да жұмыстар.

Білуге тиіс: тамақ пісіру негіздерін; тамақ пен инвентарьды сақтау ережесін; киім мен аяқ киімді жөндеу, ұшаны түсіру және мүшелеу ережесін; жылжымалы үйді күту, бөлшектеу және орнату ережесін; отын мен мұз дайындау тәсілдерін.
§ 33. Бұғы өсіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұғыларды бағу, азықтандыру, суару және біліктілігі анағұрлым жоғары бұғы өсірушінің басшылығымен зооветеринарлық іс-шараларды жүргізуге қатысу. Табыннан ажыраған немесе парктен шығып кеткен бұғыларды ұстау. Жетекші және қосалқы бұғыларды жұмысқа және жүкпен жүруге үйрету. Бұғы қайыратын иттерді үйрету. Табынды жыртқыштардан қорғау. Жыртқыштарды атып алу. Тері киім мен аяқ киімді тігу.

Білуге тиіс: бұғыларды бағу және зооветеринарлық іс-шараларды орындау техникасы негіздерін; бұғыларды, иттерді ұстап алу және үйрету әдістерін; анатомия, физиология, зоогигиена, аурулар жөніндегі қарапайым деректерді, оларды емдеу және алдын алу шараларын; табынды жыртқыштардан қорғау тәсілдерін; жем мен жайылым сипаттамаларын; малды асылдандыру жұмысы негіздерін; жеке гигиенаны, өндірістік санитарияны және өртке қарсы іс-шараларды.
§ 34. Бұғы өсіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұғыларды бағу, азықтандыру, суару және шағылыстыру мен бұзаулауды, пантыларды кесуді жүргізу. Бұғыларды ұсату және сою. Бұғыны қосымша және интенсивті жемдеу. Жайылу маусымы мен нақты ауа райын жағдайларын ескере отырып жайылым таңдау. Мал басын көбейту іс-шараларын орындау. Шағын габаритті, жылжымалы радиостансалар мен бұғыны бағумен байланысты вездеходтармен жұмыс істеу.

Білуге тиіс: бұғыларды бағу және зооветеринарлық іс-шараларды орындау техникасы негіздерін; бұғыларды, иттерді ұстап алу және үйрету әдістерін; анатомия, физиология, зоогигиена, аурулар жөніндегі қарапайым деректерді, оларды емдеу және алдын алу шараларын; жемнің, жайылымның типтері мен сипаттамаларын, оларды ұтымды пайдалану, бұғыларды жаю, қосымша азықтандыру және бордақылау ережесін; бұғылардың қоректік заттарға мұқтаждығын; бұғы өсіру және тұқымын асылдандыру негіздерін; бұғыны сою және алғашқы өңдеу технологиясын; пантыларды дұрыс кесу және консервілеу ережесін; көліктік бұғыларды пайдалану ережесі мен техникасын; шағын габаритті, жылжымалы радиостансалар мен бұғыны бағумен байланысты вездеходтартар туралы жалпы деректерді; қауіпсіздік техникасын, жеке гигиенаны, өндірістік санитарияны, өртке қарсы іс-шараларды; бұғы өсірудегі озық тәжірибені.
§ 35. Мал өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермалардың операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі қара мал мен жылқыларды қабылдап алу және және кезекшілік кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда малды сою. Ауру малдарды азықтандыру және суару. Механизмдердің жұмысын қадағалау. Жарамсыз механизмдерді жөндеу үшін кезекші слесарді немесе электромонтерді шақыру.

Білуге тиіс: өндірістік процестерді механикаландыру кезінде малды ұстау жағдайларына қойылатын негізгі талаптарды; механикаландырылған жабдықтарды техникалық пайдалану ережесін; аурулардың неғұрлым кең тараған түрлерін және ауырған малға алғашқы жәрдем көрсетудің негізгі жолдарын.
§ 36. Мал өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермалардың операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі қара мал мен жылқының бордақылаудағы және шағыстыруға дайындалатын мал басын күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар. Малды интенсивті бордақылауды, жоғары салмақ кондициясындағы төлдерді өсіруді жүргізу. Малды азықтандыру, суару, жаю, тазалау, жемді әкелу және таратып бөлу. Қиды шығару, төсемді ауыстыру, орынжайларды, өтпелерді жинау. Қолданылатын механизмдердің жұмысын бақылау. Қызмет көрсететін жабдыққа техникалық күтіп баптау, реттеу және күрделі емес ақауларын жою. Ауырған малға алғашқы ветеринарлық көмек көрсету. Малды қабылдап алу, өлшеу және айдап бару. Орынжайларды зарасыздандыру.

Білуге тиіс: механикаландыру жағдайында малды күту ережесін; интенсивті бордақылау, жоғары салмақ кондициясындағы төлдерді өсіру әдістерін; механикаландырылған жабдықтардың құрылымын және оларды техникалық пайдалану ережесін; аурулардың неғұрлым кең тараған түрлерін және ауырған малға алғашқы жәрдем көрсетудің негізгі жолдарын; малды жаюдың тәсілі мен ережесін; шабындықты дұрыс берудің тәртібі мен нормасын және жайылымды пайдалану ережесін; негізгі жемазықтарды және олардың жемдік құндылығын; жемазықты малды азықтандыруға дайындау тәсілдерін; малдың ақуызға, дәрумендер мен минералдық заттарға мұқтаждығын; зарарсыздандыру қондырғыларының құрылымын.
§ 37. Мал өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермалардың операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кешендер мен механикаландырылған фермалардағы сауын сиырларды, етті мал шаруашылығындағы аналық мал басын, механикаландырылған фермалардағы бұзаулы сиырларды, жас төлді, 4-6 айлық профилакторлық және сүт еметін кезеңдегі бұзауларды күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар. Сиырлардың сүттілігін арттыру, бұзау алу және олардың сақталуын жақсарту, малды теңгерімді қоректік жемазықпен қоректенду жөніндегі іс-шараларды орындау. Малды азықтандыру, суару, жаю, тазалау. Сиырларды секциялардан сауу қондырғыларына әкелу. Малды сауу қондырғыларынан әкету. Сиырлардың секцияларды дұрыс орналасуын бақылау. Ауру сиырларды анықтау және сұрыптау. Ірі қара мал мен жылқыны мал өсіру кешендері мен бордақылау алаңдарында бордақылау. Сиырларды қолжан ұрықтандыру пункттеріне айдап әкелуге және сиыр қораға қайта айдап әкетуге көмектесу. Бұзауларға асыраушы сиырды іріктеу. Малды ветеринарлық өңдеуге және емдеуге көмектесу, буаз сиырларды қадағалау. Бұзауларды қабылдап алу және сиыр бұзаулаған кезде малшылардың саууына көмек көрсету. Мал моциондары мен серуендерін жүргізу.

Білуге тиіс: фермаларда қолданылатын механизмдердің құрылымын; механизмдерді күн сайын және кезеңдік техникалық баптау жүргізудің тәртібін; сауын және бордақыланатын табынды, сауын сиырлар мен бұзауларды жазғы және қысқы уақытта бағудың негізгі талаптары мен прогрессивті әдістерін; жоғары сапалы сүт алудың, бұзаулаған және жаңа бұзаулаған сиырларды күтіп бағу ережесін; сиырды бұзаулату ережесін; жас төлді түрлі типтегі орынжайларда ұстау және бағу технологиясының ерекшеліктерін; қызмет көрсететін мал басының өнімділігін арттыру әдістерін; ересек мал мен бұзаулар ауруының алдын алуды; бұзауларды топтарға жасақтау кезіндегі негізгі зоотехникалық талаптарды; микроэлементтерді пайдалану ережесін; мал тұқымын асылдандыру және зоотехникалық есепті жүргізу ережесін; мал шаруашылығы өнімдерін өндірістік негізде өндіру технологиясын.
§ 38. Мал өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермалардың операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жас төл мен сиырларды кешендердегі бұзаулау бөлімшесінде өсіру және күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар. Бұқаларды күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар. Төлдің орташа тәуліктік салмақ қосуын арттыру, малды теңгерімді қоректік жемазықпен қоректенду жөніндегі іс-шараларды орындау. Малды азықтандыру, суару, жаю, тазалау. Салмағы мен жасы біркелкі төл топтарын қалыптастыру. Бұзауларға сүтті дайындау және беру. Жемазықты секциялар бойынша тасымалдау және транспортердің көмегімен таратып бөлу. Орынжайлардағы автоматты желдету және жылу жүйесін басқару. Механизация және автоматика құралдарын реттеу мен техникалық күтуді жүргізу, кешен орынжайларындағы берілген микроклиматты ұстау.

Білуге тиіс: ірі қара малдың анатомиясы мен физиологиясы негіздерін; жемазықтың негізгі түрлерін және олардың жемдік құндылылығын; фермаларда қолданылатын механизмдердің құрылымын; механизмдерді күн сайын және кезеңдік техникалық баптау жүргізудің тәртібін; сауын және бордақыланатын табынды, сауын сиырлар мен бұзауларды жазғы және қысқы уақытта бағудың негізгі талаптары мен прогрессивті әдістерін; жоғары сапалы сүт алудың, бұзаулаған және жаңа бұзаулаған сиырларды күтіп бағу ережесін; сиырды бұзаулату ережесін; жас төлді түрлі типтегі орынжайларда ұстау және бағу технологиясының ерекшеліктерін; қызмет көрсететін мал басының өнімділігін арттыру әдістерін; мал тұқымын асылдандырудың есебін ұйымдастыру жөніндегі қарапайым деректерді.
§ 39. Машинамен сауу операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сиырларды өнімділігі орта есеппен бір сиырдан жылына 3,5 мың кг жоғары екі аппаратпен немесе өнімділігі орта есеппен бір сиырдан жылына 3,5 мың кг дейінгі үш немесе одан да көп аппаратпен машинамен сауу. Биелерді, қойларды машинамен сауу. Малдың желінін уқалау, жуу, сүрту және сүттің толық әрі жылдам сауылуы мен тазалығын қамтамасыз ететін басқа да операциялар. Сиырларды изоляторда машинамен сауу. Малдың желінін маститке тексеру және күту мен маститпен ауырудың алдын алу жөніндегі санитарлық-ветеринарлық жұмыстарды жүргізу. Сиырларды машинамен сауу ережесін сақтау. Аппараттарды қосу және ажырату, олардың пульсация жылдамдығын тексеру және жұмысын бақылау. Малдарды машинамен қосымша сауу. Малдың ұсталуын жақсарту, сиырлардың сүттілігін арттыру, бұзау алу және олардың сақталуын жақсарту, малды теңгерімді қоректік жемазықпен қоректенду жөніндегі іс-шараларды орындау. Сауу аппараттарын бөлшектеу және құрастыру жуу және зарасыздандыру, оларды техникалық күту және ақауларын жою. Жемазықты таратып беру. Оттықтарды, сиырларды тазарту. Сүт ыдыстарын жуу және орынжайды жинау. Ветеринар мамандарға малды емдеуге, жасанды ұрықтандыруға, алдын алу шараларын өткізуге көмек көрсету. Сүт фермасында ветеринарлық-санитарлық ережені сақтау.

Білуге тиіс: сауу аппараттарының құрылымы мен пайдалану ережесін; сауу аппараттарын бөлшектеу және құрастыру жуу және зарасыздандыру, оларды техникалық күту және ақауларын ережесін; машинамен сауу техникасын; малды азықтандыру, суару және ұстау ережесі мен нормаларын; жемазық беру тәртібін; малдың ақуызға, дәрумендер мен минеральдік заттарға деген мұқтаждығын; сиырлардың сүт өнімділігін арттыру әдістерін; жоғары саплы сүт алуды қамтамасыз ететін шаралар кешенін; сүтті суыту техникасын; малды бұзаулауға, құлындауға және қоздауға жіберудің және оны дайындаудың мерзімі мен әдісін; ауырған малға алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережесін; малдың желінін маститке тексеру және күту мен маститпен, бруцеллезбен, аусылмен және басқа да ауру түрлерімен ауырудың алдын алу жөніндегі санитарлық-ветеринарлық жұмыстарды жүргізу ережесін; қолдан ұрықтандыру негіздерін және аналықтарды ұрықтандыруға дайындау ережесін.

Өнімділігі орта есеппен бір сиырдан жылына 3,5 мың кг дейінгі екі аппаратпен сауу кезінде - 4-разряд.


§ 40. Машинамен сауу операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сиырларды өнімділігі орта есеппен бір сиырдан жылына 3,5 мың кг жоғары үш немесе одан да көп аппаратпен машинамен сауу және сауу алаңдары мен басқа да жоғары өнімді сүт сауу қондырғыларында сауу. Сиырлардың сүттілігін арттыру, бұзау алу және олардың сақталуын жақсарту жөніндегі іс-шараларды орындау. Сиырларды бұзаулайтын бөлімшеде және қашарларды машинамен сауу. Қашарларды машинамен саууға үйрету. Вакуумды насос пен аппараттарды қосу және вакуум режимін тексеру. Концентрацияланған жемазықты дозалау және механизмдердің көмегімен оттықтарға беру. Малдың толық сауылуын тексеру. Сауу алаңдары мен қондырғыларын реттеу және техникалық баптау, ақауларын жою. Малдың желінін маститке тексеру және күту мен маститпен ауырудың алдын алу жөніндегі санитарлық-ветеринарлық жұмыстарды жүргізу. Сиырларды машинамен сауу ережесін сақтау. Малдың төлдеуінің басталуын анықтау және жаңа туған төлді қабылдау. Жаңа туған төлді сүрту және кіндігін күйдіру. Жаңа туған төлді кілетке және профилакторийге жеткізу. Сиырды бұзаулағаннан кейін күту. Бұзаулаған сиырдың желінін емдік препараттармен өңдеу. Мал дәрігерінің нұсқауы бойынша жаңа туған төлге дәрі беру. Жаңа туған төлді сүрту кварцты шаммен сәулелендіру. Сиырларды тазалау.

Білуге тиіс: әртүрлі стационарлық және жылжымалы сауу алаңдары мен қондырғыларының, сүт құбырының, вакуумді насостардың, тоңазыту қондырғыларының, сүтті жинау мен сақтауға арналған танкілердің құрылымыно, олардың жұмысқа қосу ережесін; сауу аппараттарының құрылымы мен пайдалану ережесін; сауу аппараттарын бөлшектеу және құрастыру жуу және зарасыздандыру, оларды техникалық күту және ақауларын ережесін; жуу заттарының дозасын; машинамен сауу техникасы мен қондырғыларын жуу мен зарарсыздандырудың тәртібін; ; малдың анатомиясы мен физиологиясы негіздерін; желіннің құрылымын; сүт қалыптасу және сүт беру физиологиясын; малды бұзаулау мерзімінің таянуы белгілерін және жаңа туған төлді қабылдау ережесін; сиырды бұзаулағаннан кейін күту, сиырдың желінін емдік препараттармен өңдеу ережесін; түрлі жемазықтың жемдік құндылығын, оны берудің нормалары мен ережесін; мал өнімі өнімділігін арттыру жолдарын және сүтті алғашқы өңдеу ережесін; сүтті өндірістік негізде өндіру технологиясын.


§ 41. Қой өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермаларының операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кезекшілік уақытында малдың сақталуын қамтамасыз ету және қажетті жағдайда оларды сою. Қойлар мен ешкілерді жалдау ванналары мен душ қондырғыларында жалдау процесін жүргізу. Электрмен қырқу пунктіндегі электр моторларына, желдеткіш қондырғыларына қызмет көрсету. Қойды механикаландырылған және қоймен қырқу кезінде кесу құралын қайрау және жетілдіру. Механизмдердің жұмысын қадағалау. Жарамсыз механизмдерді жөндеу үшін кезекші слесарді немесе электромонтерді шақыру.

Білуге тиіс: өндірістік процестерді механикаландыру кезінде малды ұсату жағдайларына қойылатын негізгі талаптарды; қайрау станоктарының, жалдау ванналарының, электромоторлары мен басқа да қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, жұмыс режимін және пайдалану ережесін; аурулардың неғұрлым кең тараған түрлерін және ауырған малға алғашқы жәрдем көрсетудің негізгі жолдарын; малды сою және терісін консервілеу ережесін; электротехника жөніндегі қарапайым деректерді.

§ 42. Қой өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермаларының операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пайдалану және мал тұқымын асылдандыру фермалары мен мал өсіру кешендерінде малды күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жүргізу. Жүнді престерде буып-түю. Қырқу агрегаттарын, электрогенераторды, престер мен қойлар мен ешкілерді қырқуға арналған басқа да жабдықты баптау, монтаждау және бөлшектеу.

Білуге тиіс: ветеринария мен зоогигиена жөніндегі қарапайым деректерді; қырқу агрегаттарын, электрогенераторды, престер мен қойлар мен ешкілерді қырқуға арналған басқа да жабдықты баптау, монтаждау және бөлшектеу ережесін.

§ 43. Қой өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермаларының операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұсақтарды, ісектерді, ересек қойларды пайдалану және мал өсіру кешендерінде, тұқымын асылдандыру фермалардағы бракқа шығарылған мал басын күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар. Малды азықтандыру, суару, қиын шығару. Малдың ұсталуын жақсарту, қызмет көрсететін мал басына ұстауды жақсарту, олардың өнімділігін арттыру, және олардың сақталуын жақсарту жөніндегі іс-шараларды орындау. Ауырған малға алғашқы көмек көрсету. Қойлар мен ешкілерді электрмен қырқу машиналарында механикаландырылған әдіспен қырқу. Орынжайлар мен құралдарды тазалау және жинау. Орынжайларды зарасыздандыруды жүргізу.

Білуге тиіс: кешенді механикаландыру кезінде малды ұстау технологиясын; қызмет көрсететін мал басының өнімділігін арттыру әдістерін; ветеринария мен зоогигиена негіздерін; негізгі жемдер мен олардың жемдік құндылықтарын; азықтандыру нормаларын, малдың ақуызға, дәрумендер мен минералдық заттарға мұқтаждығын; қолданылатын қырқу машиналарының, зарарсыздандыру қондырғылары мен басқа да жабдықтың құрылымын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет