64-шығарылым «Мал шаруашылығындағы жұмыс» бөлімі Астана 2010 Кіріспе



бет4/5
Дата17.06.2016
өлшемі465 Kb.
#142165
1   2   3   4   5
§ 69. Құс өсіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құсты азықтандыру және күту жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындау. Құстарды кілеттерге орналастыру, оларды кілеттерден алу және бордақылауға беру. Жемдегегннен кейін құстың жай-күйін қадағалау, құсты союға уақытында жіберу. Түнгі уақытта құсты күту, осал құстарды анықтау және өлгендерін жинау. Орынжайда берілген температура және ауа режимін сақтау. Құстарды жаю. Жұмыртқаны сұрыптау, калибрлеу және қолмен жуу. Жұмыртқаны сұрыптау таңбалау, салу және буып-түю.Өндірісьік орынжайды және жұмыс орындарын жинау. Кілетті және басқа да қызмет көрсететін жабдық пен инвентарьді тазалау, жуу.

Білуге тиіс: құсты азықтандыру және күту ережесін; құстың ауруы белгілерін; құсты ұстау және өсіру жағдайларына қойылатын зооветеринарлық және санитарлық негізгі талаптарды; жұмыртқаны сұрыптау таңбалау, салу және буып-түю ережесін; зарарсыздандыратын ертіндінің құрамын.

§ 70. Құс өсіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жерде ұстау кезінде өнеркәсіптік табындағы ересек құсты және өнеркәсіптік табындағы жас құстарды күту жөніндегі қол және ішінара механикаландырылған жұмыстар. Жемді дайындау, оған микроэлементсалқы жұмыстарды орындау. Құстарды кілеттереге орналастыру, оларды кілеттен мен басқа да қоспаларды салу. Суарғышқа судың берілуін реттеу. Қиды шығару, суарғышты жуу, науалар мен ұяларды тазалау. Құс өнімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Құсты сұрыптау және бракқа шығару. Жұмыртқаны жинау, салу сұрыптау таңбалау, салу, буып-түю және тапсыру. Алдын алу және емдеу іс-шараларына қатысу. Жабдықты техникалық күту. Құстарға арналған орынжайда берілген температура және ауа режимін реттеу. Құсты кілетте құстау кезінде табаларды тазалау.

Білуге тиіс: жерде және кілетте ұсталатын ауылшаруашылық құстарының анатомиясы мен физиологиясы негіздерін; қызмет көрсететін құс өнімділігін арттыру әдістерін; технологиялық жабдықты пайдалану ережесін және оларды күтуді; жем берудің нормалары мен тәртібін; қызмет көрсететін құстардың ақуызға, дәрумендер мен минералдік заттарға мұқтаждығын.

§ 71. Құс өсіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кілетте ұсталатын өнеркәсіптік табындағы құсты, асыл тұқымды жас құстарды, аналық және селекциондық-асыл тұқымды табынды күту жөніндегі қол және ішінара механикаландырылған жұмыстар. Азықтандыру, суару, қиды шығару. Құс өнімділігін арттыру, оларды теңгермелі қоректі заттармен қоректендіру жөніндегі іс-шараларды орындау.

Білуге тиіс: кілетте ұстау кезінде қолданылатын кілетті батарейлер мен жабдықтың құрылымын; асыл тұқымды құсты өсіру және күту жөніндегі ерекшеліктерді; селекциондық-асыл тұқымды табынды күту жұмысының негізгі әдістерін.

§ 72. Ара өсіруші

3-разряд

Жұмыс сипатамасы. Араларды күту және олардан өнім алу жөніндегі қосалқы және көмекші жұмыстарды орындау. Араларды қыстықтан шығару.Оларды бал жиынына дайындау және апару, омартада орналастыру. Омарталарды алдына ала күту, жөндеу және бояу. Рамкаларды керу және өсіру. Ара шаруашылығы өнімін өңдеу. Ұяларды жылыту. Араларды азықтандыру және ұяны қысқа дайындау. Ұяны, инвентарьды, зарарсыздандыру, аурумен және зиянкестермен алдын ала күресу іс-шараларын жүргізу. Омартадағы және орынжайлардағы санитарлық-гигиеналық жағдайларды ұстау. Орынжайларды, қоршауды, жабдықтар мен инвентарьды ағымдық жөндеу.

Білуге тиіс: ара отбасының құрамын; аналықтың, жұмысшы аралардың рөлін; ара отбасының жыл ішіндегі тіршілік-тынысын; омартаға, араны күтуде, бал жинауда және балауыз шикізатын қайта өңдеуде қолданылатын инвентарьға қойылатын талаптарды; жабдықты пайдалану ережесін; араларды қыстықтан шығару және қыстыққа қою техникасын.

§ 73. Ара өсіруші

4-разряд

Жұмыс сипатамасы. Тауарлы және тозаңдату омарталарында араларды күту жұмыстарды орындау. Араларды тозаңдатылатын дақылдарға үйрету. Хош иісті сироп дайындау және оны араларға беру. Сотылардың сапасын, ұядағы аралардың саны мен балды, барлық жастағы отбасы мүшелерінің күші мен төлдеуін тексеру. Ара фермасының, омартаның бал балансын жасау. Ара отбасыларын отырғызу. Отбасындағы араларды көбейту. Ара отбасыларының көктемгі түгендемесін жүргізу. Ара ауруымен және зиянкестермен алдын ала күресу. Аналықтарды шығару және ауыстыру. Омартадағы бал сотыларын іріктеу және оларды ашу. Балды ағызып алу, ара шаруашылығы өнімін өңдеу. Араларға қысқы және көктемгі уақытқа жемазық дайындау. Омартадағы есепті жүргізу.

Білуге тиіс: ара өнімін өнеркәсіптік өндіру технологиясын; жекелеген ара жұптарының құрылымы мен биологиясын, олардың жем құрамын; күшті және жоғары өнімді ара отбасыларын ұстау әдістерін; даланың, жайылымдар мен шабындықтардың маңызды бал беретін шөп түрлерін; алудың негізгі типтерін; әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын тозаңдату кезінде араларлы пайдалану ерекшелігін; ұяларды ұлғайту тәсілдерін; араларды типтік ұяларды ұстау әдістерін; араларды бал жинауға дайындау және апару тәсілдерін; аналықтарды шығару және ауыстыру, араны қысқа дайындау және оларды қысқы кезеңде күту тәсілдерін; ара балының құрамы мен қасиеттерін; араны қыста қосымша қоректендіру, балды, балауыз шикізатын буып-түю және сақтау, оны қайта өңдеу тәсілдерін, ауруымен және зиянкестермен алдын ала күресу шараларын.

§ 74. Ара өсіруші

5-разряд

Жұмыс сипатамасы. Аналық шығару, асыл тұқымды және тозаңдату-бал өндіру фермаларында, омарталарында араларды күту жұмыстарды орындау. Аналықтарды шығару және ауыстыру. Араларды тозаңдатылатын дақылдарға үйрету. Тәрбиеленуші отбасмыларды дайындау және оларды азықтандыру. Личинкаларға екпе салу. аара аналықтарын жұптастыру үшін нуклеустарды дайындау және аналықтарды отырғызу. Өнімді аналықтарды іріктеу және оларды тапсырыс берушіге жөнелту. Жасанды жолмен ара отбасыларын жасақтау, араларды бал жинауда және ауылшаруашылық дақылдарын тозаңдату кезінде араларды пайдалану. Араларды тозаңдатылатын дақылдарға үйрету. Ауру ара отбасыларын анықтау, оларды араларды және төл үлгілерін зерттеуге жөнелту. Ара сүтін, прополисті, гүл тозаңын жинау. Асыл тұқымды аналық шығарылатын омарталарда есеп құжаттамасын жүргізу.

Білуге тиіс: асыл тұқым өсіру ісі негіздерін; аналық личинкалардың даму және азықтық режимін; өнім беретін және бермейтін аналықтардың белгілерін; ара аналықтарын шығарудың жолдары мен техникасын; личинкалардың азық режимін; нуклеустарды қалыптастыру техникасын; пакетті ара өсіруді, ара төлінің және ересек аралардың ауруларын; аралардың улы химикаттардан улануын; ара ауруларымен күресу шараларын; ара сүтін, прополисті, гүл тозаңын жинау және сақтау тәсілдерін.

§ 75. Ветеринарлық санитар

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Емдік заттарды, жабдықты, инструменттерді, материалдарды жасау және дайындау. Ауру және тәжірибелік жануарларды күту. Тұяқтарды кесу, мүйізді алу және кесу, өнеркәсіптік құс шаруашылығында балапандардың тұмсығын кесу және күйдіру. Жануарлардың тері қабатын паразиттерге қарсы өңдеу. Дератизация жүргізу. Мал базасындағы малдың жай-күйін қадағалау. Ветеринарлық емханадағы, зертханадағы, участке мен пункттегі санитарлық тәртіпті сақтау. Каарантин және ауру және ауру күдікті малдарды ветеринарлық дәрігердің нұсқауы бойынша оқшаулау жөніндегі іс-шараларды орындау. Зертхана жануарларын күту.

Білуге тиіс: хирургиялық аспаптар мен материалдарды стерилизациялау ережесін; жануарларға алғашқы көмек көрсету ережесін; дәрілік заттарды беру тәсілдерін; жануарлармен жұмыс кезінде, инструменттер мен жабдықтарды пайдалану кезінде жеке қауіпсіздік ережесін

4-разряд__Жұмыс_сипаттамасы_.'>§ 76. Ветеринарлық санитар

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ветеринар мамандарға жануарларды аппараттар мен механизмдердің көмегімен жаппай егу, өңдеу, сондай-ақ жануарлардың денесін патологоанатомиялық жару, және утильдеу при кезінде көмек көрсету. Вакциналау, зарарсыздандыру және дезинсекциялау. Зарарсыздандыру ертінділерін әзірлеу. Малдан қан сынамасын алу.

Білуге тиіс: малдың анатомиясы мен физиологиясын; малдың ауруын анықтау тәсілдерін; жалпы алдын алу, аурудың себептері мен сыныптамасын; вакциналау әдістерін; алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру негіздерін; зарарсыздандыру, бүріккіш және орынжайлар мен малды механикаландырылған өңдеуге арналған басқа да аспаптардың қондырғысының құрылымын.

§ 77. Шошқашы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шошқа басын күту жөніндегі көмекші жұмыстар. Кезекшілдік кезінде туған торайларды қабылдау. Аналықтар мен торайларды қосымша азықтандыру. Ауырған малға алғашқы көмек көрсету және шошқаны бағы жөніндегі басқа да жұмыстарды орындау. Оларды қабылдау, өлшеу және айдап бару. Шошқа басының сақталуын қадағалау.

Білуге тиіс: шошқаны бағу және азықтандыру ережесін; төлді алғашқы өңдеу және ауырған және төлдеген кезде алғашқы көмек көрсету ережесін.

§ 78. Шошқашы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бойдақ және супорос аналықтарды, жөндеудегі төлдер мен бордақыдағы шошқаларды күту жөніндегі қол немесе ішінара механикаландырылған жұмыстар. Азықтандыру, суару, қиды шығару және орынжайды жинау. Төл алуды көбейту шараларын орныдау. Шошқаны теңгермелі қоректік заттармен интенсивті бордақылау. Оларды фермаларда бағудың зоогигиеналық нормаларын сақтау. Аналықтарды шағылыстыруды жүргізу және қолдан ұрықтандыруға қатысу. Аналықтарды күшіктеуге дайындау. Ауырған малға көмек көрсету және аурудың, малдың өлім-жітімі мен ауруының алдын алу және емдеу шараларын жүргізуге көмектесу. Бордақыланған малды өлшеу және ет комбинатына жөнелту.

Білуге тиіс: бойдақ және супорос аналықтарды, жөндеудегі төлдер мен бордақыдағы шошқаларды күту және азықтандыру ережесін, технологиясы мен озық әдістерін; жемнің құрамы мен қоректілігін, жем рациондарының құрылымын; шошқаның ақуызға, дәрумендер мен минералдық заттарға мұқтаждығын; қызмет көрсететін ма басының өнімділігін арттыру жолдарын; анағұрлым кең тараған ауру түрлерін және ауырған малға алғашқы көмек көрсету ережесін; аурудың алдын алу жөніндегі ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды; сойылатын мал кондициясын, шошқа өсіру техникасын; аналықтардың өнімділігін бағалауды; төлдің аз болуы, аборттар мен қысыр қалудың негізгі себептерін.

§ 79 . Шошқашы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Емізетін аналықтарды төлімен, 4 айға дейінгі еметін және ембейтін торайларды күту жөніндегі қол немесе ішінара механикаландырылған жұмыстар. Торайларды азықтандыру, суару, қиды шығару және орынжайды жинау. Малды ұстауды жақсарту, төл шығымын көбейту, төлдің сақталуын және орташа тәуліктік салмақ қосуын арттыру мақсатымен теңгермелі қоректік заттармен азықтандыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Механизмдердегі қарапайым ақауларды жою.

Білуге тиіс: шошқаның биологиялық ерекшеліктерін, олардың анатомиясы мен физиологиясы негіздерін; емізетін аналықтарды төлімен, 4 айға дейінгі еметін және ембейтін торайларды күтудің технологиясы мен озық әдістерін; төл шығымын көбейту, төлдің сақталуын және орташа тәуліктік салмақ қосуын арттыру әдістерін; қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің құрылымын, оларды пайдалану және күту ережесін, оларды реттеу және техникалық қызмет көрсету ережесін.

§ 80. Шошқашы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қабандарды күту жөніндегі қол немесе ішінара механикаландырылған жұмыстар. Азықтандыру, суару, қиды шығару және орынжайды жинау. Ветеринарлық өңдеуге қатысу. Төл шығымын көбейту мақсатымен, малды ұстауды және теңгермелі қоректік заттармен азықтандыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Малды шағылыстыруды және моционын жүргізу.Малға алғашқы көмек көрсету, орынжайды жинау және таға басқа жұмыстар

Білуге тиіс: қабандарды күту мен азықтандырудың технологиясы мен озық әдістерін; жыныстық жетілу белгілерін; қабандарды пайдалану және олардан ұрық алу ережесін.
§ 81. Аттарды жаттықтырушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жас малды мініп және жаттықтырып үйрету жұмыстарын ұйымдастыру; ерттеу, кордовой және бичевой жұмысы. Жылқының тренингі мен физиологиялық жай-күйін бақылау және есепке алу. Жылқыны тағалау есебін жүргізу. Уақыт, қашықтық, қозғалыс жылдамдығы жүктемелеріндегі ерекшеліктерді ескере отырып, жылқыны жаттықтыру және сынау жоспарлары мен кестелерін жасау. Жаттықтыру және сынау материалдарын есепке алу және талдау. Жылқы әбзелін ұдайы тексеру. Жылқылардың дәстүрлі жүлделерге, топтық жарыстарға және басқа да жаттығуларға қатысу өтінімдерін жасау. Жүлдеге шабу диспозициясын құру. Жылқыны көлік құралдарына тиеу мен түсіруді ұйымдастыру. Шабандоздардың және жаттықтыру бөлімшесі атбегілерінің жұмысына басшылық ету. .

Білуге тиіс: жылқының тренингі анатомиясын, зоогигиенасын, физиологиясын; ветеринария негіздерін; ипподромдағы асыл тұқымды жылқыларды тағалау мен сынау ережесін; асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау және азықтандыру технологиясын.
§ 82. Шопан

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қой мен ешкі басын бағу жөніндегі қосалқы жұмыстар. Саулықтар мен ешкілерді жайылымнан төлдеу бөлімшесіне жеткізу. Жем әкелу. Төлдеу бөлімшесінде қозыларды азықтандыру, суару және күту жұмыстарына көмек көрсету. Қойларды қырқымға, бонитировкаға және қырқымнан кейін зарарсыздандырушы ертіндіде жалдау. Орынжайды жинау және зарарсыздандыру. Қой қораны қидан тазарту. Қиды қолмен кесу. Мал ауруының алдын алу шараларына қатысу. Мал басын қадағалау, сақманды қабылдау мен кезекшілік кезіндегі басқа да жұмыстар.

Білуге тиіс: зоогигиена мен ветеринария жөніндегі қарапайым деректерді; қойды қырқымға, бонитировкаға және беру техникасын; қырқымнан кейін қойды жалдау ережесін; көлік құралдарының құрылымын және жүк тасу ережесін; сақманды қабылдау мен төлдеу бөлімшесінде қозыларды күту ережесін.
§ 83. Шопан

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қой басын, ешкілерді, қойларды, қошқарлар мен 1,5 жасқа дейінгі тұсақтарды (тушаларды ) пайдалану және мал өсіру кешендерінде күту жөніндегі қолмен атқарылатын және ішінара механикаландырылған жұмыстар. Малды азықтандыру, суару. Мал басының өнімділігін арттыру және сақталуы мақсатында қызмет көрсететін мал басын ұстау және азықтандыруды жақсарту жөніндегі іс-шараларды орындау. Сақманды қалыптасыру кезінде саулықтар мен қозыларды іріктеу. Ауырған малға және қозылау кезінде көмек көрсету. Саулықтар мен қозыларды санитарлық-гигиеналық баптау. Қоздаған кезде саулықтарды күту. Қозыларды басқа саулыққа жанастыру.

Білуге тиіс: бекітілген мал басын азықтандыру, суару, күту және бағу ережесін; негізгі жемді және оның жұғымдылық қасиеттерін; аналықтарды, қошқарларды, жас төлді кешенді механикаландырылған жағдайда малды ұстау технологиясын; механикаландыру жабдықтарының құрылымын; жабдықтар мен механизмдерді басқару және баптау ережесін; аналық қойлар мен ешкі басын, қошқарларды, жас төлді ұстауға қойылатын негізгі талаптарды; жас төлді ұсату мен өсіру технологиясының ерекшеліктерін; қозы алуды көбейту әдістерін; қой мен ешкі ауруының алдын алуды; анағұрлым кең тараған ауру түрлерін және ауырған малға алғашқы және дәрігерге дейінгі көмек көрсету жолдарын.


§ 84. Шопан

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Саулық қой басын, ешкілерді, қойларды, қошқарлар мен 1,5 жасқа дейінгі тұсақтарды (тушаларды ) пайдалану фермаларында күту жөніндегі қолмен атқарылатын және ішінара механикаландырылған жұмыстар. Малды азықтандыру, суару және жаю. Қозы басын, жүн алуды көбейту және мал басының сақталуын жақсарту жөніндегі іс-шараларды орындау. Түбітті ешкілерді тарау. Қой мен ешкіні қолмен қырқу. Жасанды ұрықтандыру кезінде операторларға тұқым алуға көмек көрсету.

Білуге тиіс: саулық қой басын, ешкілерді, қойларды, қошқарлар мен төлдерді ұстаудың технологиясы мен озық әдістерін; жас төлді ұстау мен өсіру технологиясының ерекшеліктерін; қой мен ешкі ауруының алдын алуды; қозы алуды көбейту әдістерін; антибиотиктен мен микроэлементтерді қолдану ережесін; зоотехникалық есеп жүргізу ережесін; қолмен қырқудың технологиясы мен кезектілігін.

§ 85. Шопан

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Саулық қой басын, ешкілерді, қойларды, қошқарлар мен 1,5 жасқа дейінгі тұсақтарды (тушаларды ) асыл тұқымды мал фермаларында күту жөніндегі қолмен атқарылатын және ішінара механикаландырылған жұмыстар. Малды азықтандыру, суару және жаю. Асыл тұқымды саулық басының сапасын жақсарту және қозы алуды көбейту жөніндегі іс-шараларды орындау

Білуге тиіс: саулық қой басын, ешкілерді, қойларды, қошқарлар мен төлдерді асыл тұқымды мал фермаларында ұстаудың технологиясының ерекшеліктерін; асыл тұқымды қой мен ешкінің сапасын жақсарту әдістерін; асыл тұқымды мал өсіру және зоотехникалық есеп жүргізу ережесін.

§ 86. Жібек өсіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жібек құртына арналған шөп пен сабанды дайындау, оларды құрты жолына жеткізу. Жібек құрттығын сабаннан станоктарға бөлу. Ораманы жазу және төсем қағазын кесу. 3 - 5 жастағы гусеницаларға арналған жемді дайындау, өңдеу және құрт жолына жеткізу. Жібек құртын қолмен тазалау. Ревендук тігу және оны стеллаждарға кигізу, көлеңкелі кептіру перделерін ілу. Қабылданған жібек құртын дайындау пунткінің тарасына салу, оларды уақытша сақтау орнына немесе механикалық піллә кептіргішке (булы морилкаларға) апару, механикалық кептіргішке немесе булы морилкаларға салу, олардан түсіріп алу, жартылай кепкен жібек құртын көлеңкелі кептіру стеллаждарына апару.

Құрғақ жібек құртын қанар қаптарға таралау және бунтыларға салу, көлеңкелі кептіру стеллаждарындағы жібек құртын аудармалау, кара-пачаха пілләсін іріктеп алу.



Білуге тиіс: жемдеу кезінде қолданылатын машиналар мен инвентардың құрылымы мен нысанын; жібек құртын кептірудің технологиялық режимін; кептірілген жібек құртының сапасына қойылатын талаптарды; піллә кептіргіштің құрылымы мен нысанын.


§ 87. Жібек өсіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұт жапырағын дайындау, кіші және ересек жастағы тұт көбелегін солармен азықтандыру. Төсемді ауыстыру, гусеница партияларын сиректеу және тегістеу. Кіші жастағы тұт көбелегі гусеницаларын біріктіріп жемдеу үшін жылытылған камераларды дайындау және осы камераларда гусеницаларды жемдеу. Камералардағы температура режимі мен ылғалды реттеу, орынжайлардағы ауаны желдету. Тұт көбелегі гусеницалары ауруларымен күрес жөніндегі алдын алу шараларын жүргізу. Ораамаға дайын гусеницаларды құрттыққа қою. Пілләні құрттықтан алу, сапасына қарай сұрыптау және жөнелту үшін буып-түю. Жібек құртының ірі тобын құрттықтарда ұйымдастыру және шығару. Тірілерін қатыру және сұрыптық жібек құрттарын піллә кептіру камераларында, конвейерлі және жәшікті піллә кептіргіштерде бумен кептіру. Жібек құрты салынған арбаларды камераға кіргізу және кейін шығарып алу. Камерада берілген температураны сақтау және режимге сәйкес қатыру процесін қадағалау.

Білуге тиіс: азықтандыру кезінде қолданылатын машиналар мен инвентардың құрылымы мен нысанын; жібек құртының бай шығымын өсіру үшін қажетті шарттарды; жібек құрты гусеницасының ауруларын және олармен күресу шараларын; жібек құрты гусеницасының ауруларымен күресте қолданылатын улы химикаттарды; жібек құртының аурулары мен зиянкестерін және олармен күресу жолдарын; улы химикаттардың түрлерін және оларды қолдану ережесін; жібек құртын қатыру және кептірудің технологиялық режимін; кептірілген піллә сапасына қойылатын талаптарды.

§ 88. Жібек өсіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пілләні инкубациялау. Табаларды дайындау. Инкубаторийдағы берілген температура мен ылғалдылықты сақтау. Тірілген гусеницаларды түсіріп алу, оларды азықтандыру және жібек құрттарына бөліп беру.

Білуге тиіс: тұт жібек құрты биологиясының негіздерін, пілләні инкубациялауды ұйымдастыруды және оның технологиясын; тірілген гусеницаларды азықтандыру ережесін.

Қолданыстағы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, кәсіптердің өзгертілген атаулары, олар енгізілген бөлімдер мен шығарылымдар нөмірлері көрсетілген тізбе


Р/с №

1969 жылы шығарылған БТБА қолданыстағы шығарылымы мен бөлімі бойынша кәсіптің атауы

Раз-

ряд-тар диа-

па- зоны

БТБА

бөлімдерінде орналастырылған кәсіптердің атаулары

Раз-

ряд-тар диа-

па- зоны

шы-ға-ры-лым №

Бөлімнің қысқартыл-ған атауы

1

Сауыншы

4-6

Сауыншы

4-6

64

Мал шаруашылығы

2

Малшы

3-6

Малшы

3-6

-//-

-//-

3

Жұмыс малын күтетін малшы

4-5

Жұмыс малын күтетін малшы

4-5

-//-

-//-

4

Шабандоз

5-6

Шабандоз

5-6

-//-

-//-

5

Аң өсіруші

5-6

Аң өсіруші

5-6

-//-

-//-

6

Жүн мен түбітті сыныптаушы

5-6

Жүн мен түбітті сыныптаушы

5-6

-//-

-//-

7

Жылқышы

3-6

Жылқышы

3-6

-//-

-//-

8

Панты консервілеуші

4

Панты консервілеуші

4

-//-

-//-

9

Қоян өсіруші

4

Қоян өсіруші

4-5

-//-

-//-

10

Қымыз дайындаушы

3-4

Қымыз дайындаушы

3-4

-//-

-//-

11

Жібек құрты жөніндегі зертханашы

2-3

Жібек құрты жөніндегі зертханашы

2-5

-//-

-//-

12

Ат айдаушы

4-6

Ат айдаушы

5-6

-//-

-//-

13

Тері өңдеуші

3-4

Тері өңдеуші

3-4

-//-

-//-

14

Бұғы өсіруші

3-5

Бұғы өсіруші

3-5

-//-

-//-

15

Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы

2,

4-6

Мал шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы

2,

4-6

-//-

-//-

16

Машинамен сауу операторы

4-6

Машинамен сауу операторы

4-6

-//-

-//-

17

Қой шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы

2-6

Қой шаруашылығы кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы

2-6

-//-

-//-

18

Малды ветеринарлық өңдеу операторы

5

Малды ветеринарлық өңдеу операторы

5

-//-

-//-

19

Мал мен құсты жасанды ұрықтандыру жөніндегі оператор

4,6

Мал мен құсты жасанды ұрықтандыру жөніндегі оператор

4,6

-//-

-//-

20

Құс фабрикалары мен механикаландырылған фермалардың операторы

2-6

Құс фабрикалары мен механикаландырылған фермалардың операторы

2-6

49

Құс өнімдерін қайта өңдеу

21

Шошқа өсіру кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы

2,

4-6

Шошқа өсіру кешендері мен механикаландырылған фермалардың операторы

2,

4-6

64

Мал шаруашы-лығы

22

Жемазық дайындау цехының операторы

3-6

Жемазық дайындау цехының операторы

3-6

49

Құс өнімдерін қайта өңдеу

23

Кәсіпшілік аңшысы

2-3,

5

Кәсіпшілік аңшысы

4-5

60




24

Ветеринарлық препаратор

3

Ветеринарлық препаратор

3

64

Мал шаруашы-лығы

25

Жемазық дайындаушы

1-4

Жемазық дайындаушы

1-4

49

Құс өнімдерін қайта өңдеу

26

Малға ілесіп жүретін адам

3

Малға ілесіп жүретін адам

3-4

64

Мал шаруашы-лығы

27

Құс өсіруші

2-5

Құс өсіруші

2,

4-5

-//-

-//-

28

Ара өсіруші

2-5

Ара өсіруші

3-5

-//-

-//-

29

Ветеринарлық санитар

2-4

Ветеринарлық санитар

3-4

-//-

-//-

30

Шошқа өсіруші

3-6

Шошқа өсіруші

3-6

-//-

-//-

31

Аттарды жаттықтырушы

6

Аттарды жаттықтырушы

6

-//-

-//-

32

Шопан

3-6

Шопан

3-6

-//-

-//-

33

Жібек өсіруші

1-2,

4-5

Жібек өсіруші

2,

4-5

-//-

-//-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет