66-шығарылым Арнайы өндіріс бұйымдарын



бет6/17
Дата11.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#127812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Білуге тиіс: оқ-дәрілер туралы негізгі мәліметтер, оларды таңбалау және пайдалану ережесі; бақылау пункттері мен құрастыру алаңдарының құрылысы мен орналасуы; бұйымдарды іздеу ережесі мен тәсілдері; 1,5 м тереңдікте топырақтан снаряд алу бойынша жерде жұмыс жүргізу өндірісінің ережесі мен кезектілігі және оларды тиісті жерге тасымалдау; қалқандағы ойықтардың координаттарын өлшеу ережесі; күрделі емес құралдарды пайдалану ережесі; өндірілген жұмыстарға құжаттама ресімдеу ережесі.
71. Атыстарды бақылап-қабылдаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа қашықтықтан жерде және жасанды бөгеттерден артиллериялық және минометтен атуды қабылдау. Атылған снарядтарды іздеу және олардың жерге түсу координаттарын анықтау. Жерде снарядтың көзге көрінетін жарылуын аспаппен белгілеу. Ұшақтарды сынау кезінде оқ-дәрілердің іс-әрекетін бақылау (радиожарғыштар, парашют бұйымдары, шамшырақ). 1,5 м астам тереңдіктегі снарядтарды жерден қазып алу. Трассерлердің жану уақытын белгілеу, ату сәтінен бастап түтік пен жарғыштық іске қосылуы. Снарядтардың түскен орнының координаттарын айқындау.

Білуге тиіс: артиллерия мен атқыш қару-жарақ туралы негізгі мәліметтер; баллистика туралы негізгі мәліметтер; сынақ жүргізу және снарядтар мен бұйымдарды атқаннан кейін оларды жинақтау әдістемесі; атыс алаңы туралы негізгі мәліметтер; жерде бағдарлану ережесі және топографиялық карталарды оқу ережесі; жерде орналасқан заттардың арасындағы қашықтықты айқындау ережесі; снарядтардың түскен орнының координаттарын айқындау тәсілдері; снарядтардың жарылуын бақылау аспабының көмегімен анықтау ережесі; ұшақтан сыналатын оқ-дәрілердің әрекетін бақылау ережесі; бақылау аспаптарының (бинокль, буссоль, стереотұрба және т.б.) құрылысы мен жұмыс қағидаты және оларды жұмыста пайдалану ережесі.
72. Атыстарды бақылап-қабылдаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа қашықтықта жылжымалы нысандарды атуды қабылдау. Диаметрі мен тереңдігі бойынша және топырақтың сипатын бере отырып, воронкаларын өлшей отырып, ажырамаларының толықтығына орай атыстарды қабылдау. Сыналуға тиіс снарядтар мен арнайы бұйымдарды бақылау және іздеу жұмыстары. Сынамалы жарылмаған снарядтар мен арнайы бұйымдарды жерден қандай тереңдікте болса да алу. Рикошеттен атылған снарядтарды іздеу. Бақылау деректерін бастапқы өңдеу және сыналатын снарядтарды жинақтау.

Білуге тиіс: орташа қашықтықта жылжымалы нысандарды ату кезінде снарядтар мен бұйымдарды сынау әдістемесі; координаттық деректерді дайындау тәсілдері және атыстарды түзету ережесі; жарылмаған сынамалы снарядтарды жерден қазып алу жөніндегі нұсқаулық; снарядтардың ұшу бағытын және түскен жерін анықтау тәсілдері.
73. Атыстарды бақылап-қабылдаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алыс қашықтықта артиллериялық атыстар мен зымыран құрылғыларынан атуды кез келген жағдайда қабылдау. Бақылау аспаптарының көмегімен ауа жарылыстарының биіктігі мен координаттарын айқындау. Әрбір 10 сантиметр сайын тереңдігі мен диаметрін өлшей отырып, толық профилін анықтау, көлденең және ұзын бойына воронканың эскизін жасау арқылы воронкаларды өлшеу. Орналасқан жерінде кертпені планшетте өңдеу және снарядтардың түскен жерінің нақты координаттарын анықтау. Атыстың негізгі бағытының және артиллериялық шеңбердің көмегімен картадан нысанға атудың дирекциялық бұрышын алу.

Білуге тиіс: зымыран қару-жарағы бойынша негізгі мәліметтер; артиллериялық және зымыран қару-жарақтарының барлық түрінен дүркін атыс кезінде түзету ережесі; картадан дирекциялық бұрышын алу кезінде артиллериялық шеңберді пайдалану ережесі.
74. Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды, машиналарды, бұйымдар мен құраушы элементтерді маймен, «ЭЗО» массасымен және натрий нитратымен техникалық шарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес антикоррозиялық өңдеу, консервациясын алу және консервациялау. Заттардың әр түрлі түрлерін өңдеуге арналған орау материалдарын таңдау және қолдану. Заттар мен бұйымдарды көлік құралдарына тиеу және түсіру, оларды қойма ішінде немесе ремпаркте тасымалдау және стелажға және қатарға қою (орнату). заттар мен бұйымдарды салу үшін түптер мен төсемелерді дайындау. Заттар мен бұйымдарды жуу, тазалау және сүрту. Ашық алаңда сақталатын заттарды брезентпен жабу. Астаудың температуралық режимін реттеу. Ыдысты (астауды) тазалау. Ескі бояуды қышқылда өңдеу және сілті астауда алу. Механизациялаудың штаттық құралдарын, жабдықтарды, жұмыс құралдарын айлабұйымдарды, қарапайым бақылау-өлшеу құралдары мен таразыны пайдалану. Ыдысты ашу, орауын жазу, бұйымдар мен заттарды шығару және қарапайым жұмыс құралын (шеке суырғышты, сындырғышты, тістеуікті, балғаны) пайдалана отырып ыдысқа орап салу. Біліктілігі анағұрлым жоғары өңдеушінің басшылығымен бұйымдарды жинақтау. Қойманы, аспаларды, ашық алаңдар мен маңындағы аумақты жинау және қызмет көрсету.

Білуге тиіс: бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды, машиналар мен бұйымдарды консервациялау туралы жалпы мәліметтер; бөлшектерді тотқа қарсы өңдеу әдістері; сақталуға, консервациялануға және консервациясынан алынуға тиіс тораптар мен агрегаттардың, машиналар мен бұйымдардың жалпы құрылысы мен жинақтылығы; бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды, машиналар мен бұйымдарды консервацияда алудың, майсыздандырудың, кептірудің, өңдеудің, консервациялау және сақтадың техникалық шарттары, технологиялық процессі және нұсқаулығы; заттарды қабылдау мен жіберудің негізгі ережесі; стеллаждың, қатардың, ыдыстың таңбалануы; өлшеуіштер мен таразының өлшеу жүйесі; ыдысты ашу және заттарды ыдысқа, байламға орап салу тәртібі; бұйымдарды тығындау, таңбалау және белгілеу түрлері; бұйымдар мен заттарды стеллажға, қатарға салу, сақтау және тасымалдау ережесі мен тәсілдері; тоттанудың негізгі түрлері және заттарды бүлінуден сақтау тәсілдері; жуу үшін қолданылатын материалдардың мақсаты, қасиеттері, техникалық заттардың консервациясын алу, консервациялау, орау және оларға қызмет көрсету; улы химикаттарды пайдалану ережесі; консервациялау, консервациясын алу, тасымалдау және қызмет көрсету кезінде қолданылатын механизация құралдарын, жабдықтарды, құралдар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Жүк автомобильдері және басқа да машиналар – сыртын жуу, кірде, шаң-тозаңнан және қардан тазалау, қалыпқа орнату және жіберуге дайындау.

2. Агрегаттар, тораптар мен бөлшектер - тоттан тазалау.

3. Зарядтау-ағарту және электрмен дәнекерлеу агрегаттары, шанақты компрессорлық станциялар, шанақтар, дизель-балға, бензомоторлы аралар – техникалық қызмет көрсетуге қатысу және сақтауға дайындау.

4. Аккумуляторлар – зарядтауға дейін және одан кейін сүрту, клемма жағу.

5. Бактар, ауа тазалауыштар, радиаторлар - консервациялау.

6. Консервацияға арналған астаулар – ерітіндісін ауыстыру және тазалау.

7. Мата-көмір сүзгілер – жинақтау.

8. Қозғалтқыштар мен ұшақтардың қосалқы бөлшектері, станокты және аэродромдық жабдықтар – консервациясын алу.

9. Бұйымдардың элементтері, жердегі жабдықтардың арнайы машиналары мен агрегаттары – тазалау, жуу, сүрту және майлау.



10. Мина зәкірі, іске қосу станоктары майсыздандыру және тұздау.
75. Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды, машиналар мен бұйымдарды технологиялық картаға, техникалық шарттарға және нұсқаулықтарға сәйкес толық ішкі және сыртқы консервациялау, қайта консервациялау және жетіспеген жерлерін орау. Негізгі және ірі тораптар мен бұйымдарды орау және орауын ашу. Күрделі емесе құралдар мен аспаптардың көмегімен бөлшектерді, тораптар мен бұйымдарды тексеру. Инженерлік қару-жарақ машиналарына техникалық қызмет көрсету, сақтауға дайындау, сақтаудан шығару. Кіріс-шығыс құжаттары бойынша заттарды қабылдау, іріктеу және орау. Заттар мен бұйымдарды стеллаж бен қатарға маркасы, тобы, номенклатурасы, санаты, түсу партиясы бойынша орналастыру және заттардың құжаттарын тексеру. Бұйымдарды таңбалау. Ерітінділер кестесі бойынша өңдеу, бейтараптандыру, консервациялау қоспаларын жасау және олардың құрамын бақылау. Өңдеу, майсыздандыру астауларын, натрий нитритімен консервациялау астауын пайдалану. Қозғалтқыштарды, агрегаттар мен бөлшектерді ораумен байланысты слесарлық-монтаждау жұмыстарын орындау бұйымдарды ішінара бөлшектеу, шағын жөндеу. Пленка қабаттарын жасау. бұйымдарды, олардың жекелеген элементтері мен аспаптарын сынау стенділеріне немесе тұғырларға бекіту. Бұйымдарды тыстау және тысын алу, жіктерін тазалау және арнайы желіммен желімдеу. Аккумуляторларды, ұшу-техникалық киім-кешекті, парашюттік-десанттық заттарды, резинотехникалық бұйымдарды өңдеу. Қарапайым бөлшектер мен тораптардың жиынтықтылығы мен техникалық жай-күйін тексеру. Аккумуляторлық батареяны дөңгелекті және шынжыртабан машиналарға салу. Машиналарға жанар-жағармай материалдарын құю және ауыстыру. Машиналар мен бұйымдардың бояуының бұзылған жерлерін қалпына келтіру. Орнын ауыстыру және сақтау кезінде ерекше қарым-қатынасты қажет ететін жабдықтарды, аспаптар мен бұйымдарды қабылдау. Бір орны 50 кг дейінгі бұйымдар мен заттарды көлік құралдарына арта отырып және түсіре отырып тасымалдау. Оқ-дәрілер мен бұйымдардың тығындарын ашу және бітеу. Қоймалардың температуралық режимі мен ылғалдығын реттеу. Тиісті құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: бөлшектер мен заттарды консервілеу және консервациядан алу ережесі; консервациялау және қайта консервациялау түрлері мен мерзімдері; барлық номенклатуралардың мақсаты мен әрекеті; заттар мен киім-кешекті қоймада сақтау шарттары және оларды тот басудан және бұзылудан сақтау әдістері; заттар мен бұйымдарды қоймаға маркасы, тобы, номенклатурасы, санаты, түсу партиясы бойынша орналастыру тәртібі; заттарды жаңалау тәртібі; металдың тоттануын тудыратын себептер және одан сақтану тәсілдері; тотқа қарсы қабаттың түрлері; өңдеу, бейтараптандыру және консервациялауға арналған қоспалар мен ерітінділердің құрамы, қасиеттері мен дайындалу тәсілдері; астаулар мен қоймалардың жылу режимі; қолданылатын материалдардың тотқа қарсы қасиеттері; қышқылдың, сілтінің қасиеттері; тотқа қарсы материалдарды жұмсау нормасы; слесарлық өңдеу негіздері; заттарды қабылдау, беруге дайындау және орнын ауыстыру кезінде оларды пайдалану ережесі; арту-түсіру жұмыстарын көтеріп-түсіру айлабұйымдарын пайдалана отырып қолмен орындау ережесі; қолданылатын электр өлшеу аспаптарының атауы мен мақсаты; ұшу-техникалық киім-кешекті, парашюттік-десанттық заттарды, резинотехникалық бұйымдарды өңдеу тәсілдері; оттегі-газ техникасы мен оқ-дәрінің агрегаттары мен бөлшектерін пайдалану ережесі; қосалқы бөлшектерді ұшаққа, авиақозғалтқыштарға жеткізу, қабылдау, өлшеу, сұрыптау, сақтау және жіберу; қолданылатын майлардың, бояулар мен ерітінділердің сипаты; тиісті құжаттаманы ресімдеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Арнайы жабдықтары бар автомобильдер - қабылдау, жүруге жауапты бөлігін, трансмиссияны және арнайы жабдықты консервациялау.

2. Жер бетіндегі жабдықтың агрегаттары, бұйымдар олардың жекелеген элементтері мен аспаптары ы и приборы – тексеру және консервациялау, сынау стенділерінде немесе тұғырда бекіту, оларды басқару пультіне қосу, орау, тысын салу және жіберуге дайындау.

3. Аккумуляторлар - электролит құю және ағызу, қақпағын ауыстыру, оларға мастика құю, герметикалығын тексеру.

4. СТ-35 типті телеграф аппараты, 312M, 310 типті аппаратура - жинақтау.

5. Аэростаттар мен газгольдерлер - қабылдау және жинақтылығын тексере отырып жіберу.

6. Оқ-дәрілер, корпустар, зәкір, іске қосу станогы – бөлшектеу, тазалау, сылау, бояу.

7. Оқ-дәрілер – тығынға бекіту.

8. Буи, веха, лага, қапсырма шеге, сегменттер, трал – тазалау, сылау, бояу, салу, жұмысқа дайындау.

9. Артиллериялық қару-жарақ және зымыран құрылғылары – бояуға дайындау.

10. Қозғалтқыштар – жинақтау, сыртқы және ішкі консервация және қайта консервациялау.

11. Авиациялық, автомобильдік және арнайы қозғалтқыштар – орауын ашу, орау және сақталатын немесе жинақталатын жеріне жеткізу.

12. Лак-бояу қабатымен қапталған бөлшектер - консервациялау.

13. Ерекше ұқыптылықпен пайдалануды талап етпейтін ЗИП бөлшектер – орау және пломбылау.

14. Жеке, қару-жарақ, базалық ЗИП - жинақтау.

15. Авиациялық және техникалық заттар – іріктеу, жай-күйінің сапасын тексеру, орау, жіберуге дайындау.

16. Теңіз карталары және навигациялық құрал - іріктеу, тексеру, орау, жіберуге дайындау.

17. ТА-57, ТАИ-47 типті телефон аппаратын күрделі жөндеуге қажетті бөлшектердің бөліктері - тексеру.

18. Қайықтар – жинақтау.

19. Мина іздегіштер, сүңгуір станциялар, грейдерлер – құралмен, айлабұйымдармен және қосалқы бөлшектермен жинақтау.

20. Мина іздегіштер және түнде көретін аспаптар - ұзақ уақыт сақтауға дайындау.

21. ИМП және УМИВ типті мина іздегіштер – техникалық жай-күйін тексеру.

22. Бульдозерлік жабдықтар - қабылдау, кешенділігі мен техникалық жай-күйін тексеру, консервация.

23. Ату қару-жарағы (станокты және ірі калибрлі зеңбіректерден басқа) – қайта консервациялау және орау.

24. Оптикалық шағын база аспаптары – ретке келтіру және орау.

25. "Краб" аспабы және радиобөлшектер - техникалық жай-күйін тексеру.

26. Атысты басқару аспаптары – оқшаулаудың кедергісін ішінара бөлшектеп және өлшеп қайта консервациялау.

27. Оптикалық аспаптар – қысыңқы ауамен кептіру.

28. Радиоаппаратура – жинақтылығын тексеру, консервациялау, буып-түю, тиеу.

29. P-105 типтік радиостанция, 2СД қозғалтқыш, № 40 жиынтық, М-44 телеграф аппараты – жинақтау.

30. Р-400М типтік радиостанция – антенналы жинақтау.

31. Револьверлер, пистолеттер, автоматтар, винтовкалар мен карабиндер – бөлшектеу, тазалау және консервациялау.

32. Рессорлар, фрикциялық барабандары, автотракторлы техникаға беретін қораптардың алғашқы білікшелері – химиялық тәсілмен коррозияны кетіру және консервациялау.

33. Инфрақызыл техника – жинақтылығын тексеру, сыртқы тексеру, консервациялау.

34. Балталар, саперлі күректер – қайрау.

35. Тасылымға қарсы құрылғылар – жасанды тасылым жүргізу және сұйықтықта талдау.

36. Электр тиеушілер – қабылдау, техникалық жағдайды тексеру, консервациялау.

37. Жылжымалы электр станциялар – қабылдау, техникалық жағдайды тексеру.


76. Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қайта консервациялау үшін жер үсті артиллерия зеңбіректерін агрегаттарға бөлшектері, агрегаттарды қайта консервациялаудан кейін оларды құрастыру және реттеу. Станоктар мен ірі калибрлі пулеметтерді қайта консервациялау. Күрделілігі орташа зымыран жабдықтарын ұсақ сақтауға дайындау. Ауыстыру және сақтау кезінде аса ұқыптылықты талап ететін жабдықтарды, аспаптар мен бұйымдарды қабылдау. Үлкен базалардың оптикалық аспаптарын (2 метрге дейін базасы бар қашықтық өлшегіштер және перископтылығы 500 мм артық перископтар) сырттай тексеру және консервациялау. Инженерлік заттар мен қару-жарақтың күйін тексеру, оларды нұсқаулықта белгіленген нормаға дейін жеткізіп баптау және жинақтау. Тораптарды, агрегаттар мен машиналарды реттеу. Машиналарды тиеуге дайындау және оларды темір жол көлігімен тиеу. Артқы және алдыңғы цапфалардағы гермотығын, тыстардың төсемдерін сыдырып алу және жабыстыру. Бұйымдарға жылу қорғағыш жабындарды жағу. Резеңке тығындардың герметикалығын тексеріп, жиектер мен тігіндерді бітеп, резеңке және резеңкеленген матаны сыдырып алу және жабыстыру. Сақтауға берілген қару-жарақты, оқ-дәрілерді, зарядтарды, машиналарды, бұйымдарды, аспаптар мен жинақтаушы элементтерді бақылау техникалық тексеру. Қару-жарақты номенклатура және санаттары бойынша сұрыптау. Қойма ішіндегі салмағы бір орынға 50 кг артық заттар мен бұйымдарды көтергіш көлік құралдарына тиеп және түсіріп тасымалдау. Техникалық құжаттаманы дайындау және жөнелту.

Білуге тиіс: артиллериялық қаруларды жорық қалпынан соғыс және қайта қалпына келтіру ережесі; сақтауға берілген бұйымдар мен артиллериялық қаруларды бөлшектеу мен құрастырудың технологиялық процесі және техникалық жағдайы; өңделетін бұйымдардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі және міндеті, консервациялауға қойылатын технологиялық процесс және техникалық шарттар; резеңке, резеңкелі-асбесті және тығынды бұйымдардың қасиеті; машиналардың тораптары мен агрегаттарын реттеу ережесі мен амалдары; қару-жарақты пайдалану және оларды сақтау ережесі; тасымалдау құралдарын қолдану ережесі мен тәсілдері; қару-жарақты тиеу, түсіру, қатарлау және сұрыптау тәсілдері; машиналарды темір жол көлігіне орналастыру ережесі; жауапты электр техникалық заттарды, парк-гараж заттары мен станок жабдықтарын сынау, қабылдау және беруге дайындау ережесі; тиелетін, алынатын және сақтауда тұрған техника мен заттарды іріктеу, жөнелту, алу және сақтау тәртібі.

Жұмыс үлгілері

1. Жер үстіндегі агрегаттар – бөлшектеу, консервациялау және құрастыру.

2. Сағат механизмді қару-жарақтар – іске қосылу дәлдігін тексеру.

3. Электр схемалары бар қару-жарақтар – электр тізбектердің және оқшаулау кедергілерінің тұтастығын тексеру.

4.Ескіш және механизмді бұрандалар – бұрау.

5. Арнайы ыдыстар - тексеру, қалған сұйықтықты кетіру және арнайы өңдеуге дайындау.

6. БМГМЧ стопорлы механизмдердің құлыптары, зеңбірек оқпандары – бөлшектеу және консервациялау.

7. Минасыздандыру зарядтары – реактивті қозғалтқыштар мен жарылғыш құрылғыларды орнату.

8. Индукциялы стартерлердің орағыштары, магнитті қосқыштар, көп шпиндельді автоматтар, ажарлау және әмбебап фрезерлеу станоктары, генераторлар – зәкірлерді сынап және жинақтылығын тексеру.

9. Тасымалданбайтын зеңбіректер, барлық калибрлі минометтер және атқыш зеңбіректер – қабылдау және тексеру.

10. Парашюттер және ленталы-техникалық киім-кешектер – бақылау және қабылдау.

11. Жаттығуға арналған және жүк парашюттер – қоймалық және жауынгерлік жинау.

12. Аэрологиялық, метрологиялық, топогеодезиялық және теңізде жүзетін аспаптар, уақыт өлшеуіштер, өзі жазатын аспаптар – қабылдау, тексеру, консервациялау және қайта консервациялау, жөнелту.

13. Қуаттылығы орташа радиостанциялар, 3 және 2 класты радиоқабылдағыштар, телеграфты және телефонды аппараттар – бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып тізімдеме бойынша жинақтау және тексеру.

14. Тік және көлденең руль – қайта салу.

15. БМГМЧ электр жабдықтар - тексеру.

16. Электрмен қоректену элементтері – жарамдылығын айқындау.
77. Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі, дәл және қымбат, оларды қолданған кезде аса ұқыптылықты талап ететін аспаптарды, аппараттарды, машиналар мен агрегаттарды қабылдау, тапсыру және сақтау. Бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдарды қолдана отырып, сызбалар, айрықшалықтар, ведомстволар мен каталогтар бойынша көп жинақталатын механизмдерден, аспаптар мен басқа да жабдықтардан тұратын күрделі және жауапты машиналарды, қондырғыларды, агрегаттар мен жабдықтарды жинақтау.

Консервациялау және қайта консервациялау үшін ерекше күрделі агрегаттарды, машиналарды, қарулар мен жабдықтарды бөлшектеу, одан кейін технологиялық шарттарға сәйкес құрастыру және реттеу.

Қабылдау-тапсыру құжаттамаларын рәсімдеу.

Білуге тиіс: қарларды, машиналар мен аспаптарды сақтау нұсқаулығы; машиналарды, құралдар мен аспаптарды қабылдауға, жөнелтуге және өңдеуге қойылатын техникалық шарттар; консервациялау және қайта консервациялау кезінде агрегаттарды, машиналар мен құралдарды бөлшектеуге, құрастыруға және реттеуге қойылатын техникалық шарттар; бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратура; паспорттарды, формулярлар мен басқа да техникалық құжаттаманы рәсімдеу және жөнелту.

Жұмыс үлгілері

1. Аккумуляторлар – зарядталу және кему дәрежесін тексеру.

2. Аппаратура, дәл аспаптар, әмбебап және арнайы бақылау-өлшеу құралдары және КГТ аспаптары – бақылау және қабылдау.

3. Гирокомпастар, лагалар, эхолоттар, радиомаяктар, авто төсемдер, радиопеленгаторлар – қабылдау, сақтау, жөнелту.

4. Әуе қозғалтқыштары және самолеттердің арнайы жабдықтары – бақылау және қабылдау.

5. Луч, Терек, Градус, КПИ, КПФ, Рым, Координатор типті бұйымдар – қабылдау, сақтау, жөнелту.

6. 2П16, 2П26, 2П27, 8У23, 8У213, 8Г17, 8Г014 типті бұйымдар – қабылдау, сақтау және жөнелту.

7. Миналар – бәсеңдету, тежегіш, кедергі және штерт-жүк механизмдерін тексеру және реттеу.

8. Сағатты, индукциялы және магнитті тұйықталғыштары мен жарылғыштары бар миналар – қоректендірудің электрлік элементтерін тексеру және ауыстыру.

9. Артиллериялық зеңбіректер мен қондырғылар, әуе және автотракторлы техника – бақылау, қабылдау, сақтау, жөнелту.

10. Орташа және ірі калибрлі зенитті зеңбірек – агрегаттарға бөлшектеу, құрастыру және реттеу.

11. Сақтандырғыш аспаптар, түйіспелі тұйықталғыштар – тексеру, сақтау және жөнелту.

12. Зенит ұрысын басқару аспаптары, күрделі – тексеру, қабылдау және сақтау.

13. Үлкен қуатты радиостанциялар, І класс қабылдағыштары, радиоөлшегіш аппаратура, телефонды және телеграфты коммутаторлар – тізімдеме бойынша жинақтау, техникалық жағдайын тексеру.

14. Жарылғыш құралдар – сұрыптау, санаттау, буып-түю, стеллаждарға жинау.

15. Әр түрлі маркалы тартқыштар – техникалық жағдайға акт жасау отырып, қабылдау.


78. Дыбыс өлшегіш станцияның операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тәжірибе жүргізу уақытында станцияның жұмыс істеуі кезінде есептеу нөмірінің ішінен біреуінің міндетін орындау. Берілген схема бойынша дыбыс өлшегіш станцияның аппаратурасын жазу, қосу және жұмысқа дайындау. Станцияның жекелеген тораптарының жұмысын бақылау. Станцияның жекелеген тораптарына профилактикалық жөндеу жүргізу Станцияның жинағына кіретін аппаратураны кінәраттарын анықтау және жою.

Білуге тиіс: әлсіз ток электр техникасы бойынша негізгі мәліметтер; станцияның негізгі тораптарының міндеті мен жұмыс істеу принципі; станцияны есептеуде өз нөмірінің міндеттері; типтік кінәраттарды іздеу және жою тәртібі, TT-1, АВО-5, ЭО-6, ИЛ-14 типті бақылау-өлшеу аппаратурамен сақиналау ережесі; станцияға профилактикалық жөндеу жүргізу ережесі; осы станцияға қосылған сілтілі аккумуляторларды пайдалану ережесі.
79. Дыбыс өлшегіш станцияның операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Станцияның сымды байланыспен жұмыс істеуі кезінде есептеудің кез келген нөмірінің міндетін немесе станцияның радиобайланыспен жұмыс істеуі кезінде радистің және дыбыс өлшегіштің міндетін орындау. Дыбыс өлшегіш станцияның барлық жинағын жазу, қосу және жұмысқа дайындау. Радиобайланыс жинағы бар дыбыс өлшегіш станцияның жұмыс істеуі кезінде посты аппаратура радиостанциясын жазу және жұмысқа дайындау. Дыбыс өлшегіш станцияның барлық тораптарының жұмысын тексеру және посты радио станциялардың дұрыстығын блок бойынша тексеру. Посты радиостанцияларды қосу және берілген жиілікке теңшеу, радио желіде немесе радио бағытта жұмыс істеу кезінде байланысқа кіру. Посты аппаратураның (дыбыс қабылдағыштар,дыбыс посты бақылау аспабы, қабылдағыш-тапсырғыш посттың радиостанциясы) кінәраттарын анықтау және жою. Пост аппаратурасының кінәраттарын анықтау және жою. Дыбыс өлшегіш ленталарын алғашқы өңдеу.

Білуге тиіс: электр техника мен радиотехника негіздері; штаттық дыбыс өлшегіш станциялар мен посты радиостанциялардың принципті және монтаждау схемалары; дыбыс өлшегіш станция мен радиостанцияның тактикалық – техникалық деректері; штаттық дыбыс өлшегіш станциялар мен радиостанциялардың жекелеген тораптарының режимдерін тексерген кезде қолданылатын бақылау-өлшегіш төмен жиілікті аппаратура; жиі кездесетін кінәраттарды анықтау және жою; теңшеу және байланысқа кіру әрі кодпен жұмыс істеу тәртібі; қоректендіру көзін пайдалану ережесі; дыбыс өлшегіш станцияның жұмыс істеу принципі және ленталарды алғашқы өңдеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет