66-шығарылым Арнайы өндіріс бұйымдарын


Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик



бет9/17
Дата11.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#127812
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

105. Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тораптарды, блоктарды, аспаптарды, радиоэлектрондық аппаратура, сымды байланыс аппаратурасын және күрделілігі орташа ЭЕМ слесарлық өңдеп, бөлшектерді 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша келтіріп және жетілдіріп құрастыру, механикалық реттеу және монтаждау. Сызба талаптарын сақтай отырып, бөлшектерді тойтармалармен, бұрамалармен (тесіктерді белгілеп және бұрғылап) және дәнекерлеп біріктіру. Технологиялық шаттарға сәйкес аппаратура блоктарын дірілстендтеріне және термотұрақтылығына сынау. Жөнделген (құрастырылған) тораптарды, аспаптарды техникалық шарттарға сәйкестілігіне сынау және анықталған ақауларды жою. Блоктарды, аспаптар мен тораптарды бөлшектеу. Радиостанцияны, радио құрылғыларды монтаждау, схемаға сәйкес қуатты және жоғары жиілікті кабельдерді төсеу және оларды тексеру. Күрделілігі орташа жгуттарды байлау үшін монтаждау және принциптік схемалар бойынша шаблондар жасау. Монтаждау схемаларын және жасанды желілерді (уақытша) жасау. Барлық параметрлер бойынша жүргізілген монтажды тексеру.

Білуге тиіс: жөнделетін аппаратураның құрылғысы және жұмыс істеу принципі; монтаждау схемасы бойынша күрделілігі орташа аппаратураны монтаждау тәсілдері; ішкі және сыртқы желі өткізгіштерін төсеу ережесі; кабель схемаларын, баспа платаларын, радиоэлектрондық аппаратуралардың тораптары мен блоктарын және күрделілігі орташа ЭЕМ сымды байланыс аппаратураларын тексеру әдістері; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлері өңдеу класының тазалығы); ӨТУ және өндірістік оқу жүйесіндегі оқу бағдарламасы көлемінде электр және радио техника туралы жалпы мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Антенналар – шаблондар бойынша айналарды тексеру және түзету.

2. Анықтау, бағыттау және байланыстыру станцияларының антеннасы – құрастыру.

3. Радиоэлектрондық және сымды байланыс аппаратурасы – панель аралық монтаждау.

4. Кабинадағы және тіркемедегі телефонды және дауыс зорайтқыш байланыс аппаратурасы – жөндеу.

5. Телефонды аппаратуралар, автоматтық – тораптарды монтаждау.

6. ТАИ-43, ТАИ-57 типтік далалық телефон аппараты – тұйықтау жүйелерін, индукторды реттеу, зәкір орамдарын және трансформатор орағыштарын орау.

7. ФТА-П типті аппараттар – тораптарға бөлшектеу, электр магнит орамдарының омдық кедергілерін және оқшаулау схемаларының кедергілерін өлшеу.

8. Радиолампасыз блоктар – құрастыру және монтаждау.

9. Толқынжол блоктары - құрастыру.

10. Толқынжолдар сырттай біріктірілген толқынжол блоктары – монтаждау.

11. Блоктар, платалар, микросхемаларға арналған ТЭЗтер - монтаждау.

12. Блоктар, тораптар – құрастыру, қаңқаларға орнату, орындары, шаблондар және имитаторлар бойынша келтіру.

13. Арнайы аппаратуралардың блоктары және тораптары – монтаждау.

14. Генератор блоктары, УМИВ мина іздегіш кассеталары – жөндеу.

15. Белгі таблолары мен ячейкаларының, телефонды және дауыс зорайтқыш байланыстарының, "Волхов" типтік бұйымдардың кернеулерін реттегіш блоктар – ТУ талаптарына сәйкес жөндеу, құрастыру және реттеу.

16. Өлшеу блоктары – жөндеу және реттеу.

17. Конденсаторлардың блоктары және ауыспалы сыйымдылық конденсаторлары – құрастыру және статор пластиналарын баспалау.

18. Р-400 типтік автомобильді релейлік станцияның бақылау және сигнал беру блоктары – жөндеу, ТУ сәйкестілігін тексеру.

19. Қуаты орташа радиостанция модуляторларының блоктары – модуляциялық трансформаторды ауыстыру.

20. Жиіліктің дискретті спектрін қозғаушы генераторлардың блоктары – қозғауларды ауыстырып-қосушыларды ауыстыру.

21. P-137M автомобиль радиостанцияларының тірек генераторларының блоктары – бөлшектеу және тораптар мен бөлшектерді ауыстырып жөндеу.

22. Кеме радиопеленгаторларының қоректендіру блоктары, электронды тұрақсыз қоректендіру блоктары – жөндеу, реттеу.

23. Автомобильді радиостанцияларды басқару пультінің қоректендіру блоктары – жөндеу.

24. 2-класс радиоқабылдағыштарының қоректендіру блоктары – ТУ сәйкес реттеу.

25. Импульстерді қалыптастыру күшейткіштерінің қоректендіру блоктары – құрастыру.

26. P-133M радиостанциясы "И-213-3" клистрон электр магнитінің қоректендіру блоктары – бөлшектеу және жөндеу.

27. P-107 типтік шағын қуатты радиостанцияның қоректендіру блоктары, жоғары және аралық жиіліктердің күшейткіштері, құрылғыларының шартты антенналары – ТУ талаптарына сәйкес тексеру.

28. P-129 типтік радиостанцияның жиілікті көбейткіш және бөлгіш , импульсты қалыптастыру қоректендіру блоктары – ТУ талаптарына сәйкес жөндеу және теңшеу.

29. Бағдарламалық механизмдердің, есептеу құрылғыларының дәл механикасының, антеннаны бағыттау механизмдері мен "Волхов", "Ангара" типтік бұйымдардың іздеу жүйелерінің блоктары – бөлшектеу.

30. "Волхов", "Нева", "Ангара" типтік радиоэлектрондық және электр механикалық бұйымдардың блоктары – тораптар мен бөлшектерді бөлшектеу, принциптік және монтаждық схемалар және айрықшалықтар бойынша бөлшектер мен тораптарды ауыстыру.

31. Барлық типтегі радиоэлектрондық блоктар – құрастыру.

32. Радиоэлектрондық, электр механикалық және толқынжолды блоктар – қосып, шкафтарға орнату.

33. Радиорелейлік станцияның қызметтік байланыс және дифференциялдық жүйе блоктары – жөндеу, реттеу, теңшеу.

34. Баспа және аспа монтаждары бар блоктар – микроблоктарды дәнекерлеп монтаждау.

35. "Весна" типтік бұйымдарды басқару блоктары – ауыстырып-қосқыштарды жөндеу.

36. Феррорезонансты тұрақтандырғыш блоктары – жөндеу, құрастыру, реттеу.

37. ЭЕМ блоктары – күрделілігі орташа жүйе бойынша электр монтаждау.

38. Кардан біліктері – біліктердің сақиналары мен қалпақшаларында тесіктер тесіп құрастыру және осьті сақиналарға престеу.

39. Жиіліктің дискретті спекторының (ВТ-44, ВД-32) қоздырғыштары – жиілікті қозғалту ауыстырып-қосқыштарын ауыстыру.

40. Толқынжолдар – жасау.

41. Г4 типтік гетеродинді толық өлшегіштер, термоэлектрлік (МЗ-21) және MЗ-1A, MЗ-10 типтік термисторлы, сіңдіруші қуаты бар ваттметрлер және т.б. - монтажды дәнекерден ажыратып бөлшектеу.

42. Жартылай өткізгіш диодтар түзеткіштері – монтаждау.

43. Кварцтау генераторлары мен фильтрлері – монтаждау.

44. Г4-5 типтік генераторлар – верньерлі құрылғылардың механикалық бөлігін жөндеу және реттеу.

45. Г4, ГК-4 типтік генераторлар – монтаждың дәнекерлерін ажыратып бөлшектеу және жөндеу.

46. ГЗ-18 дыбысты генераторлар – тораптарды біріктіру схемасын жасау.

47. Г4-6 типтік стандартты сигналдар генераторлары, К4-1 аспаптары – бөлшектеу, электр тораптарын монтаждау.

48. Радиорелейлік станциялардың үндік шақыру генераторлары – жөндеу, тексеру.

49. Байланыс топтары – қысым саңылауларын жаттықтырып және реттеп құрастыру.

50. "Весна" типтік бұйымдардың диодтары – параметрлері бойынша тексеру.

51. "Лиана" типтік бұйымдардың ЯХ-12-30238 монтажды жгуттары, NN 5, 9 - 13 блоктары – жасау.

52. Радиотехникалық және радиолокациялық жабдықтардың аппаратты кабиналары мен тіркемелерінің шкаф жгуттары - қаптаманы ауыстырып және жекелеген өткізгіштерді оның орналасу орны бойынша ауыстырып жөндеу.

53. С-2-2 модуляциялы өлшегіштер – жоғары класты аспаптардың көмегімен сынау.

54. Л1-3 лампаларын сынау – бөлшектерді ауыстыру.

55. "Лиана" типтік арнайы бұйымдардың кабельдері – жөндеу, жасау.

56. Жарықтандыру және сигнал беру тізбектерінің кабельдері – аппарат тіркемелері мен кабиналарында монтаждау және қосу.

57. Кварц калибраторлары – бөлшектерді жасау, жөндеу, құрастыру, теңшеу және электрлік тексеру.

58. ДИМ мина іздеушілердің орағыштары, генераторлы және қабылдағыш – ұяшықтарды орау және эпоксидті шайыр құю.

59. П-193М типтік телефон коммутаторлар – кешенді реттеу және жөндеуден кейін сынау.

60. "Весна" типтік бұйымдардың коммутаторлары – жөндеу, сынау.

61. СГМ, КСО типтік конденсаторлар – сұрыптау және электрлік параметрлерді аспаптармен тексеру.

62. Электролиттік конденсаторлар – токтың кемуін сыйымдылық аспаптарымен өлшеу.

63. Қашықтық байланыс аппараттарының бақылаушылары – құрастыру.

64. Концентраторлар – монтаж жгуттарын жасау және ауыстыру.

65. Шықпа, таратып-бөлгіш қораптары және қуатты қалқандар – құрастыру және жөндеу.

66. ДП, ФРМ, ФШМ типтік бұйымдардың корпустары – құрастыру.

67. Моторлары бар кронштейндер – мотор осі қалпын, қозғалысты тарататын бұрамдық осінен орталауды қамтамасыз ететін моторларды нобайлап орналастырып құрастыру.

68. Верньерлі қабылдағыш-индикатор құрылғысының механизмдері – бөлшектеу, бөлшектерді ауыстыру, реттеу.

69. кинематикалық қарапайым конструкциялы механизмдер – құрастыру және механикалық реттеу.

70. Жетек және антенна механизмдері, "Волхов", "Нева" типтік бұйымдарды сканерлеу механизмдері – демонтаждау және бөлшектеу.

71. Микромодульдер және оларға арналған микроплаталар – құрастыру, микроплат кертіктерін дәнекерлеу және қалайылау.

72. Модульдер және баспа монтаждары бар ыңғайланған функционалдық тораптар - жөндеу.

73. Әр түрлі типті бекіткіш муфталар – құрастыру және реттеу.

74. Амплитуданы шектеушілер – жөндеу.

75. Осциллографтар – схемаларды тексеріп, плата аралық және толық монтаждау.

76. Көшпелі, кеме пеленгаторлары – теңшеу контурларын, аралық жиілік трансформаторларын ауыстыру.

77. Ауыстырып-қосқыштар – бөлшектерді келтіріп толық құрастыру және реттеу.

78. Ауыстырып-қосқыштар, сөндіргіштер, кнопкалы станциялар, штепсельді ажыратқыштар – жөндеу.

79. 12 және 24 қалыпты, 3 және 4 платалы ауыстырып-қосқыштар (реттегіштер) - монтаждау.

80. Планерлі микросхемалардағы көп қатпарлы баспа платалары – толық монтаждау.

81. P-140, P-137 типтік автомобильді радиостанциялар байланысының радиоаппаратура баспа платалары – жөндеу.

82. Жоғары жиілікті баспа платалар – кертіктерді белгілеу, түйіспелі тесіктер және фрезалар үшін тесіктер тесу, фигуралық кертіктер мен қиықтарды контур бойынша аралау.

83. Қашықтық байланыс аппаратура үндік жинағының қабылдағыш платалары - құрастыру.

84. Қашықтық байланыстағы сақтандырғыш аппаратураның күрделілігі орташа ЭЕМ, АТС ячейкаларының платалары - монтаждау.

85. P-111 радиостанциясының кіші модуляторы мен микрофонды күшейткіштері – жөндеу және реттеу.

86. М5 типтік ваттметрлердің қабылдағыш түрлендіргіштері (қалпақшалар) – монтаж қосындыларының дәнекерлерін ажыратып бөлшектеу және жөндеу.

87. Жартылай өткізгіш және электр вакуумды аспаптар – сынаушыларда тексеру.

88. Біріктіргіш жәшіктер типтегі аспаптар – орны бойынша жгутты толығымен байлап толық электр монтаждау.

89. Телеграф сигналдарының қабылдағыштары – жөндеу.

90. P-140, P-137 типтік автомобильді радиостанцияның радио шығаруды басқару пульт і(РВПУ) – монтаждау, орнату.

91. Қоректендіру блоктарының радиаторлары – транзисторларды, диодтарды және басқа да электр радиоэлементтерді орнату.

92. Аса жоғары жиілікті радиоаппаратура – операциялық монтаждау.

93. СВЧ схемасы жоқ радиоблоктар – демонтаждау, бөлшектермен жинақтау.

94. 3-класс радиоқабылдағыштары – 2-гетеродинді реттеу.

95. Р-250М, Р-326 типтік радиоқабылдағыштар – автомобиль радиостанцияларының кузовтарына орнату.

96. P-140, P-137 типтік автомобиль радиостанцияларының бөліп – таратқыш қалқандары – кузовта монтаждау.

97. Кернеулерді реттегіш – жөндеу, құрастыру, реттеу.

98. Барлық типтегі радиотехникалық және радиолокациялық станциялар антенналары жетектерінің редукторлары – монтаждау.

99. Күрделілігі орташа реле – бөлшектерді келтіріп және жетілдіріп құрастыру.

100. Уақыт релесі, шоттар – жөндеу, құрастыру, реттеу.

101. РПС типті реле – орағыштардың ұштарын дәнекерлеу, аспалы серіппелерді монтаждау, зәкірлерді цоколдарға орнату және дәнекерлеу.

102. Ауытқу жүйелері – кинескоптарға, орнату және бекіту.

103. Бақылаушы жүйелер – құрастыру.

104. Рейкалы және түтікті біріктірулер – домалату.

105. Радиотехникалық құрылғылардың қоректендіру тіреулері, қоектендіру шкафтары – орналастыру жеріне жгуттарды байлау.

106. Топтық жүйелер – схема бойынша аспаптарды біріктіру.

107. Р-136, Р-357 типтік радиостанцияның жарықтандырғыш таблосы – кузовқа орналастыру.

108. Динамикалық стерефонды телефондар – құрастыру.

109. Барлық типтегі радиотехникалық және радиолокациялық станциялардың ток түсіргіштері – демонтаждау және бөлшектеу.

110. Электронды-сәулелі түтіктер – алдыңғы панельге қатысты келтіріп, орнату, бекіту.

111. Арналық тораптар – жөндеу, реттеу, теңшеу.

112. Қабылдағыш тораптар – кузовтағы аппаратураны монтаждау.

113. Жазбаларды немесе магнитофон дауысын күшейткіш – монтаждық схема бойынша монтаждау.

114. Төмен жиілік күшейткіштері, диапазон фильтрлері – принциптік схемалар бойынша монтаждау.

115. Тұрақты ток күшейткіштері (жекелеген конструкциялық орындауда, каскад саны 3 дейін) – жөндеу, реттеу.

116. Ауыспалы жолақтары бар 3-класс қабылдағыштарының аралық жиілігін күшейткіштер – теңшеу.

117. P-140, P-137 радиостанциясының түзеткіш құрылғылары (ВУ-50, BO-71) – жөндеу.

118. Р-140, P-137 типтік радиостанцияның келісуші және симметриялы (УСС) құрылғысы – кузовта жөндеу және орнату.

119. P-140, P-137 типтік радиостанцияның таратқыш және қабылдағыш құрылғылары – бөлшектеу, жөндеу.

120. Гониометрлік құрылғылар – мойынтіректерді ауыстыру, монтажды өткізгіштерді ауыстыру.

121. Төмен жиілікті жіңішке жолақты фильтрлер – реттеу.

122. Шасси – алдын ала және толық құрастыру.

123. Цилиндрлік және конустық тістегершіктер – домалату.

124. Қоректендіру шиналары – резисторларды қойып құрастыру.

125. Шкафтар және аппарат тіреулері – іске қосып монтаждау.

126. Электрқозғалтқыштар және желдеткіштер, түрлендіргіштер және электр магнитті күшейткіштер – орнату.

127. Электр стопорлар - құрастыру.

128. Шықпа элементтері және КПИ типтік кеме қабылдағыш-индикаторлары – жөндеу, реттеу және тексеру.

129. Қуаты орташа радиоаппаратуралардың қоректендіру элементтері – кернеуді электронды тұрақтандырғыштарды реттеу.

130. "Весна" типтік бұйымдарды іске қосу элементтері және тоқтату – байланыстырғыштарды бөлшектеу және құрастыру.
106. Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сымды байланыстың күрделі аспаптары мен механизмдерін, радиоэлектрондық аппаратураның, радио құрылғылардың, ЭЕМ аппаратураларының тораптары мен блоктарын жөндеу, құрастыру, монтаждау және механикалық реттеу. Радиостанцияларды, автомашиналардағы радио құрылғылар мен басқа да аспаптарды монтаждау, кабельдерді жинау, оларды қосу және тексеру. Кез келген радиоаппаратты немесе аспапты орнату, қосу, оның қозғалысын және 7-10 квалитет (2-3-класс дәлдігі) бойынша күрделі бөлшектер мен тораптарды орнату және келтірумен байланысты жұмысты орындауын тексеру. Техникалық шарттарға байланысты платаларды, оларға орнатылатын механизмдердің негізін, туралы белгіленуін және құрастырылатын бұйымдардың өзара дұрыс әрекет етуін қамтамасыз ете отырып, блоктар мен тораптарды белгілеу. Құрастырылған механизмдерді, блоктар мен құрылғыларды, аппаратура мен аспаптарды сынау және сынақ процесінде анықталған ақауларды жою. Монтаждар мен принциптік схемалар бойынша күрделі шаблондарды жасау және сымдарды төсеу таблицасын құрастыра отырып күрделі схемаларды байланыстыру.

Білуге тиіс: жөнделетін радиоэлектрондық аппаратураның құрылғысы, міндеті, жұмыс істеу принципі және баптау тәсілі; монтаждау және принциптік схемалары және монтаждауға қойылатын талаптар бойынша күрделі құрылғыларды, блоктарды, механизмдер мен жүйелерді монтаждау әдісі және тәсілі; электр және радио құрылғылардың, аспаптардың, блоктар мен тораптардың монтаждау және электрлік схемасы; сымды байланыстың құрылғысы, әр түрлі аспаптар мен аппаратураның кинематикасы; баспа схемасын және жартылай өткізгіш аспаптарды монтаждау ерекшеліктері; электр вакуумды және жартылай өткізгішті аспаптардың құрылғысы және жұмыс істеу принципі; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптардың құрылғысы, міндеті, қолдану шарттары; теңшелетін радио құрылғылардың жекелеген үзбелерін монтаждау және экрандау ережесі; теңшелетін аппараттарда болуы мүмкін кінәраттар мен ақаулардың түрлері және оларды жою тәсілдері; электрлік шаманы өзгерту әдісі және олар бойынша кесте жасау принциптері; күрделі топтық біріктірулерді, аппараттар мен аспаптарды сынау әдісі; орындалатын жұмыс, ӨТУ және өндірістік оқу жүйесіндегі оқу бағдарламасы көлемінде электр және радио техника туралы жалпы мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Кварцты, клисторлы автогенераторлар – электрлік реттеу.

2. Автотоқтату, консолдар, электромагниттер – құрастыру және механикалық реттеу.

3. Амперметрлер, вольтметрлер, тестерлер – жөндеу, реттеу және тексеру.

4. Антенналар, қоректендіру блоктары, редуктор және бұрамдық таратқышы бар механизмдер – құрастыру.

5. Радиорелейлік станциялардың сәулелендіргіштері бар антенналары – жөндеу.

6. Телескоптық антенналар – келтіріп құрастыру.

7. Жартылай өткізгіш аппаратуралар – күрделі тораптарды құрастыру.

8. Арнайы аппаратура – монтаждау схемасы бойынша блоктардың озық үлгілерін монтаждау.

9. Стационарлық аппаратура және жартылай өткізгіштердегі тұрақты қоректендіру көздері – күрделі блоктарды монтаждау.

10. Телеграф аппараттары – механикалық және электрлік реттеу.

11. Телеграф аппараттары, электронды – электронды қосынды блоктарды теңшеу.

12. Фототелеграфты аппараттары – құрастыру, баптау және реттеу.

13. Қашықты байланыс аппаратураның блоктары – реттеу.

14. Толқын өлшеу блоктары – тексеру.

15. Есептеуіш техниканың блоктары (тұрақтандырғыш ақпараттарын жинақтағыштар, генераторлар) – электрлік реттеу, климаттық сынақтар жүргізу.

16. Гидромоторлардың блоктары - құрастыру, теңгеру.

17. Өлшеу блоктар - құрастыру.

18. Коммутатор-блоктар –принциптік схемалар бойынша толық монтаждау.

19. Жартылай өткізгіштердегі блоктар – теңшеу.

20. Қоректендіру блоктар, ЭЕМ басқарау, логикалық ЭЕМ, ЭЕМ жинақтағыштары – монтаждық схема бойынша монтаждау.

21. Қоректендіру блоктары (әмбебап) – принциптік схема бойынша монтаждау.

22. Қуаты күшті радиостанцияның қоректендіру блоктары – ТУ нормалары бойынша реттеу.

23. Қанық тораптар электр радиоэлементтер бар қоректендіру блоктары - құрастыру.

24. Электрондық тұрақтандырғышы бар қоректену блоктары (оның ішінде әр түрлі бұғаттары бар блоктар) – реттеу.

25. Түрлендіргіш, күшейткіш, басқару блоктары – монтаждау.

26. Радиостанциялар мен радиолокациялық станциялардың блоктары – жгуттарды байлап толық электр монтаждау.

27. Радиоэлектрондық және электр механикалық блоктар – жөндеу, құрастыру.

28. Жоғары жиілікті телефондау қашықты байланыс аппаратурасының блоктары мен қосынды блоктары – құрастыру.

29. Радиорелейлік станциялардың үндік телеграфтау блоктары – жөндеу, ТУ сәйкестілігіне тексеру.

30. Радиорелейлік станциялардың тығыздау блоктары – жөндеу.

31. Автоматты кеме пеленгаторының басқару және қоректендіру блоктары, КПИ типтік кеме қабылдағыш-индикатордың қоректендіру және қадағалау блоктары – жөндеу, монтаждау, реттеу.

32. Жиіліктің дискретті спектрінің қоздырғыштары – үндік генератордың блоктарын реттеу.

33. Жоғары жиілікті түзеткіштер, күшейткіштер, бөлгіштер, модуляторлар, ферровалиометрлер - құрастыру.

34. Генераторлар, осциллографтар – бөлшектерді түзетіп және келтіріп құрастыру.

35. Беруші генераторлар – жөндеу, сәйкестілікке тексеру.

36. ЗГ-10, ЗГ-12 типтік дыбыстық генераторлар – осциллографтың көмегімен эталон аспабымен салыстыру әдісі арқылы жұмыс істеу қабілетін тексеру.

37. Өлшегіш генераторлар - монтаждау.

38. Стационарлық кварцты, импульсті, стандартты сигналдар генераторлары, осциллографтар – реттеу.

39. Жартылай өткізгіштегі, микросхемалардағы-микромодульдергі генераторлар – монтаждау.

40. ГШСД шуларының генераторлары – электр бөлігін теңшеу және реттеу.

41. Магнит қалпақшалар – микроскоп бойынша монтаждау.

42. Магнит қалпақшалар – жазбаның жиілік сипаттамасын және бөгеу деңгейін тексеру.

43. Бірнеше байланыстырғыш пластиналарынан тұратын байланыстырғыш топтары – қысымды еріксіз сынап құрастыру.

44. Импульс бергіштері , индикаторлар, курсографтар - құрастыру.

45. Конустық дифференциал – құрастыру, "бос" жүрісті жетілдіріп тісті доңғалақтарды бағыттаушы ось сәтін жазу.

46. Шкаф аралық біріктіру жгуттары – кабинада іске қосып қатарлау.

47. Индикаторлар – қоректендіру құрылғылары бар индикаторларды іске қосу схемасын құрастыру, реттеу, климаттық сынау.

48. Декадты-қадамдық іздегіштер – толық құрастыру, келтіру және тексеру.

49. Үр түрлі жүйелі қадамдық іздегіштер – толық реттеу.

50. Тұрақты қоректендіру көздері – реттеу.

51. Жартылай өткізгіштердегі тұрақты қоректендіру көздері – күрделі тораптарды құрастыру.

52. Жазық кабельдер – төсеу, іске қосу, ЭЕМ құрылғылары тіреулері мен рамаларындағы қосындыларды тексеру.

53. Кабиналар – бөлшектерді белгілеп, тесіктер тесіп, бұрандалар кесіп және келтіріп құрастыру.

54. 45-1кварцты калибраторлар – эталонды көрсеткіш бойынша теңшеу.

55. ДИМ мина іздегіштердің іздеуші элементтерінің орағыштары – электрлік параметрлерін жөндеу, тексеру.

56. ППМ ферритті сақиналар – өткізгіштерді жабыстыру әдісімен монтаждау.

57. ИК-1 радио өлшегіш кешендері – құрастыру, электрлік бөлігін монтаждау, механикалық бөлігін реттеу.

58. Қабылдағыш құрылғылардың жоғары және аралық жиіліктерінің контурлары – тексеру, теңшеу.

59. Тербелмелі контурлар - өз жиілігін өлшеу.

60. ЭЕМ жадының кубтары - өткізгіштер таблицасы және монтаж схемасы бойынша монтаждау.

61. Тұрақты және жедел жад кубтары – құрылғы құрамындағы функциялауды реттеу.

62. Уақыт механизмдер – құрастыру және реттеу.

63. Көбейткіш, тіркеу механизмдері – құрастыру.

64. Көбейткіш, уақыт, бағдарламалық, арретирлік механизмдер - құрастыру, реттеу, сынау, ТШ бойынша тапсыру.

65. Антенна көлбеулері мен жетектерінің механизмдері, сканерлеу механизмдері – жөндеу, құрастыру.

66. Тіркеу механизмдері - құрастыру.

67. Радиолокациялық станциялардың антенналарын және қадағалау жүйелерін басқару механизмдері – жөндеу, құрастыру, реттеу.

68. Микросхемаларды қолданатын модульдер – реттеу.

69. Коммутациялық панельдер, пульттар – принциптік схемалар бойынша монтаждау.

70. ТЭЗ панельдері – монтаждық схема бойынша монтаждау.

71. Кварцты тұрақтандырғыштары бар, 2 диапазонды қысқа толқынды таратқыштар – электрлік тексеру, реттеу, тапсыру.

72. Көп диапазонды және көп каскадты таратқыштар – монтаждау схемасы бойынша монтаждау.

73. ЭЕМ баспа құрылғылары дешифраторларының платалары – монтаждау.

74. Баспа платалары – функциялауға тексеру.

75. Микросхемалары бар баспа монтажының платалары – монтаждау.

76. Радиотехникалық, радиолокациялық станциялардың "Нева", "Ангара" типтік антенналық постары - құрастыру, монтаждау.

77. Кернеуді түрлендіргіштер – құрастыру, теңшеу.

78. Радио өлшеу аспаптары: дыбыстық генераторлар (ЗГ-1, ЗГ-10, ЗГ-12), шағын дәлдікті толқын өлшегіштер (ВМТ-10), әмбебап көпірлер (УМ-2), түзеткіштер (ВВС-1, BЧC-1, ВСА-5) – жөндеу және паспортты толтырып сипаттамаларды түсіру.

79. Есептеуші негізгі аспаптар – реттеу.

80. 3- класс қабылдағыштары – кешенді реттеу, ТББ тапсыру.

81. Қалыпты диапазоны бар қабылдағыштар – гетеродиті және шықпа контурларды теңшеу.

82. Жиіліктің дискретті спектрің қабылдағыштары – төмен жиілікті блокты реттеу.

83. Автоматты теңшелетін көп каскадты қабылдағыштар – реттеу.

84. Қабылдағыш-таратқыштар – құрастыру.

85. Аса жоғары жиілікті радиоаппаратуралар – панель аралық монтаждау.

86. СВЧ схемасы жоқ радио блоктар – құрастыру, монтаждау.

87. Тасымалданатын радиопеленгаторлары – кешенді реттеу, полигонды тексеру, тапсыру.

88. Радиостанция – блоктар мен тораптарды кешенді құрастыру.

89.УКВ тасымалданатын радиостанциялар – диапазонды қатарлау.

90. Орташа қуатты радиостанциялар –модулятор блогын реттеу.

91.Электр жетектері бар редукторлар – құрастыру, реттеу.

92. Күрделі реле – реттеу.

93. РЭС, РПС типті реле – байланыстырғыш жүйелерді монтаждау.

94. Желдеткіш, антенна, кондиционер, ауа қосқыштар, жарықтандыру жүйелері – кузовта құрастыру және орнату.

95. Қадағалау жүйелері – күшейткішті теңшеу.

96. Арнайы аппаратура – күрделілігі орташа блоктарды монтаждау.

97. Арнайы аппаратура – жинақтаушыларды орнатып құрастыру.

98. Радиотехникалық станциялар - құрастыру, монтаждау.

99. Стендтер – бөлшектерді, тораптарды келтіріп эксперименталды үлгілерді құрастыру.

100. Сымды байланыс аппаратурасының аралық және нақты тіреулері – монтаждау.

101. Радиотехникалық құрылғылардың ток түсіргіштері – жөндеу, құрастыру, орнату.

102. Радиорелейлік аппаратураның таратқыш және қабылдағыш тракттары – реттеу.

103. Көп қатпарлы баспа платаларындағы логикалық және арнайы ТЭЗтер – ТУ сәйкес электрлік реттеу.

104. Көп каналды телефондау аппаратураларының тораптары – монтаждау.

105. Бейне күшейткіш тораптары – жөндеу, реттеу, теңшеу.

106. Аралық жиілік күшейткіштерінің тораптары – электрлік реттеу.

107. Жиілікті басқарушылар және жиілікті детекторлар – жөндеу, реттеу.

108. Магнитті күшейткіштер – тексеру, тапсыру.

109. Интегралды схемаларда цифрлық ұқсас құрылғылар – ТШ сәйкес теңшеу, тапсыру.

110. 1 және 2-класс қабылдағыштарының верньерлі-шкалалы құрылғылар – бөлшектерді бөлшектеу, ауыстыру, реттеу.

111. Шақыру және шақыру сигналдарының құрылғылары - монтаждау.

112. Орташа және үлкен қуатты радиостанция басқаруларының құрылғысы – реттеу.

113. Гониометрлік құрылғылары – электрлік реттеу.

114. Есте сақтау құрылғылары, жад модулі – принциптік схема бойынша монтаждау.

115. Жоғары жиілікті фильтрлер – электрлік реттеу.

116. Қашықты байланыс аппаратураларының 3, 4, 5 үзбелі фильтрлері - өшу және кіру кедергілерінің сипаттамаларын өлшеу, радиоэлементтерді іріктеу, жиілігі бойынша теңшеу, механикалық және электрлік тексеру.

117. АТС платаларының схемалық кабельдерін монтаждауға және байламдауға арналған күрделі шаблондар – жасау.

118. Бақылау-таратып-бөлу қалқандары – жөндеу, реттеу, теңшеу.

119. Жүктеме эквиваленттері, күрделі – принциптік схемасы бойынша монтаждау.

120. Электрокардиографтар – принициптік схема бойынша күрделі шаблондарды жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет