6D010300 – Педагогика және психология Түйін Ғылыми консультанттар



жүктеу 365.77 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі365.77 Kb.


Л.Н.ГУМИЛЁВ атындағы ЕВРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ГОЛОВАЧЁВА ВИКТОРИЯ НИКОЛАЕВНА

Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлаудың ғылыми негіздері

(050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы мысалы негізінде)


6D010300 – Педагогика және психология

Түйін


Ғылыми консультанттар: педагогика ғылымының докторы, профессор

Менлибекова Г.Ж.

педагогика ғылымының докторы, профессор



Абибулаева А.Б.
Шетел консультанты: PhD философия докторы, профессор

Т.Райт
Қазақстан Республикасы

Астана, 2011



Зерттеу өзектілігі. Ақпараттық технологиялар заманауи өркениет пішімі және әлемдік экономика даму жолының деңгейін анықтайды. Осыған орай кез-келген қоғам алдында ақпараттық технологиялар саласында ақпараттық қоғам дамуының қазіргі талаптарына сай болатын кәсіби білім беру жүйесін құру өзекті мәселесі пайда болады. Ақпараттық жүйелер дамуы деңгейінің әлемдік логикасы ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлау міндеттерін жаңадан ұғынуға әкелді, оны радикал түрде жаңарту қажеттілігін туындатты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру саясаты қазіргі таңда кең білімді, шығармашылық және сыншыл ойлайтын ақпараттық профильді, күрделі компьютерлік жүйелерді ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік заманауи деңгейіне сәйкес жан-жақты, біртұтас елестете, саралай мен жобалай алатын мамандарды дайындауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының қолда бар заң және нормативтік акттарда ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлау жүйесін модернизациялау, отандық білім беру жүйесін реформалау және ақпараттандыру жолдары көрсетілген. Заң және нормативтік акттар негізінен қоғамның ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және басты тапсырмаларды белгілеудің негіздік мәселелерін қамтиды. Ақпараттандыру жағдайында білім беруді реформалау сұрақтарын ашуда келесі заң актілері ерекше рөл атқарды: ҚР «Жоғары білім туралы» заңы (1993), «Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптастыру туралы» мемлекеттік бағдарлама (1997), «Білім беру туралы» заң (2007), «Қазақстан - 2030» мемлекеттік бағдарламасы (1997), «Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» (2000), 2002-2004 жылға арналған ҚР білім беру жүйесін ақпараттандыру концепциясы (2001), Ақпараттандыру туралы заң (2007), Қазақстан Республикасы ғылымы мен білімін интеграциялау концепциясы (2003), 2005-2007 жылға арналған «Қазақстан республикасында электронды үкімен қалыптастыру» мемлекеттік бағдарламасы (2004), 2011-2020 жылға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту концепциясы және тағы басқа заң күші бар акттар.

Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялар саласында кәсіби білім беру мақсаттары ақпараттық профильді мамандар біліктілігін халқаралық деңгейде бәсекеле алатындай етіп, ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік деңгейіне сәйкес түрде жоғарлатуға бағытталған.



Мәселе зерттелуiнiң дәрежесi. Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлау мәселелерін зерттеу мен зерделеуге жақын және алыс шетел ғалымдары елеулі үлес қосты.

Компьютерлік технологияларды білім беруде пайдалану мәселелерін қамтитын, педагогика бойынша еңбектердің үлкен санының ішінде келесі авторлар еңбектерін ерекше атауға болады А.А.Абдукадырова, О.П.Волобуева, М.А.Винницкая, D.Bel, Б.С.Гершунский, Р.М.Дузбаева, А.П.Ершов, Ж.А.Караев, С.К.Кариев, Н.П.Ким, В.А.Криворучко, I.Massuda, Д.Ш.Матрос, М.И.Махмутов, Е.А.Машбиц, Е.У.Медеуов, Б.К.Моминбаев, М.Р.Нургалиева, М.Р.Нургужин, M.Porat, А.П.Сейтешев, Г.Сисенгалиева, Э.Г.Скибицкий, Л.Н.Солодовиченко, Л.А.Шкутина және басқалар.

Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану сұрақтарына келесі авторлар еңбектері арналған Ш.А.Абдраман, А.А.Альжанов, А.Айтмухамбетов, Н.А.Антонова, С.Боранбаев, С.А.Жданов, М.М.Коккоз, С.М.Кенесбаев, А.К.Мынбаева, T.Stounjer, Е.А.Спирина, O.Toffler, А.И.Тажигулова, Б.К.Тульбасова және басқалар.

Кәсіби білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың теориялық аспекттері көптеген ғалым-педагогтармен зерттелген және келесі авторлардың фундаменталдық еңбектерінде берілген Б.А.Абдыкаримов, Ю.К.Бабанский, Р.Ч.Бектурганова, Т.О.Балыкбаев, Е.Ы.Бидайбеков, Д.В.Байзылдаева, Г.Г.Воробъев, В.Н.Головачёва, Т.Т.Галиев, P.Draker, В.П.Добрицы, Ж.Ж.Джанабаев, Д.М.Джусубалиева, В.В.Егоров, Е.И.Жолдасбеков, Г.Д.Жангисина, Н.А.Завалко, P.Kats, M.Kastelc, Е.С.Ибышев, З.А.Исаева, В.А.Извозчикова, К.С.Кудайбергенов, М.С.Малибекова, Г.Ж.Менлибекова, С.С.Маусымбаев, В.М.Монахов, Г.М.Мутанов, Т.К.Мусалимов, Г.К.Нургалиева, Ш.Т.Таубаева, О.К.Тихомиров, Н.Ф.Талызина, В.В.Яворский және көптеген басқалар.

Білім беруді компьютеризациялау мәселесіне келесі ғалымдардың фундаменталдық еңбектері арналған: В.С.Аванесов, С.А.Абдыманапов, В.А.Адольф, А.Ахметзянов, Н.В.Апатов, А.И.Берг, А.П.Беляев, С.А.Бешенков, В.К.Бишембаев, А.К.Байдабеков, Е.В.Бондаревская, Г.А.Бордовский, В.П.Беспалько, S.Venturelli, Ю.К.Вильев, А.А.Вербицкий, В.М.Глушков, Е.В.Габай, Т.А.Гаврилова, В.М.Гареев, А.М.Довгялло, Е.С.Заир-Бек, В.А.Звегинцев, Т.А.Ильина, И.Ф.Исаева, К.Н.Катханов, А.А.Кузнецов, Н.Ф.Краснов, Б.М.Ломов, М.М.Левин, И.Д.Лушников, А.И.Мищенко, В.М.Мохов, В.И.Михеев, А.И.Молибог, В.А.Новиков, А.Н.Найн, Ю.О.Овакимян, С.В.Панюков, В.И.Першиков, Л.С.Подымов, В.Д.Путилин, Н.М.Пейсахов, Тоny Write, В.Д.Руденко, M.Pubin, И.В.Роберт, Г.Л.Смолян, Ф.Я.Савельев, Н.К.Сергеев, В.В.Сериков, В.А.Сластенин, Г.Л.Смолян, В.П.Тихомиров, В.С.Токарев, Н.Ф.Талызина, О.Ф.Федоров, Г.Хубаев, Ф.В.Шведовский, Т.И.Шамова, В.Ф.Шалохович, В.Е.Шукшунов, F.Webster және көптеген басқалар.

Ақпараттық технологиялар бойынша кәсіби кадрларды даярлау саласында терең және жан-жақты зерттеулер олардың жетістіктерін жоғары білім беру жүйесінде пайдалану маңыздылығын дәлелдейді.



Ақпараттық профильді мамандардың кәсіби компетенциясына ақпараттық қоғамның қоятын талаптарының өсуі мен олардың қазіргі таңдағы дайындық деңгейі арасындағы қарама-қайшылық зерттеу мәселесін анықтады, оның мәні келесіде, студенттерді ақпараттық-кәсіби қызметке дайындау процессі жалпы алғанда ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік деңгейіне бағытталмаған, ал мамандардың бәсекеге қабілеттілігі жалпы алғанда олардың ақпараттық-кәсіби қызметке дайындығына байланысты болады.

Зерттеу мақсаты – ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлаудың замауи ғылыми негіздерін теориялық негіздеу және тәжірибе жүзінде құру.

Зерттеу объекті – ЖОО-ғы оқу–тәрбиелік үдеріс.

Зерттеу пәні –ЖОО-ғы ақпарат мамандықтары студенттерінің дайындығы.

Зерттеу гипотезасы – егер, ақпарат профилінің маман иелерінің дайындықтары заманға сай ғылым негізінде және ақпараттық технологияның әлем деңгейімен бірге дамуы қолға алынса, бұл сапалы дайындықтағы жоғары квалификациялыққа әкеледі, халықаралық деңгейде жарысуға мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың білімдері мен практикалық біліктіліктері алдағы мақсаттарының дамуына әкеліп соқтырады.

Зерттеу міндеттері:

  1. Ақпараттық технологиялар қатарындағы қазіргі заманға сай профессионалды кадрлардың деңгейін психологиялық зерттеу қорытындысы негізінде анықтау.

2.Ақпараттық технологиялар қатарындағы профессионалды кадрлардың дайындық модельдерін түсіну және оңдеу.

  1. ЖОО-да ақпараттық технологияны оқытудың инновациялық әдісін өңдеу, «Интеллектуалды жүйе» элективті курсын қажетті дайындықтың қоглданысқа енуі құралы ретінде.

  2. ЖОО-даға ақпараттық технологияларды оқытудың ерекше тәсілдерінен пайда болған, өңделген «Интелектуалды жүйе» элективті курсының эффективтілігін анықтау.

Зерттеудің басты идеясы – ақпараттық технологиялар қатарына білікті кадрлар дайындау ақпарат қоғамының қазіргі заман талабы дамуының міндеттеріне сай, білікті білімі бар болуы керек және оның біліктілігі ЖОО-ғы оқу-тәрбиесіне байланысты.

Зерттеудің басты идеясы – ақпараттық технологиялар қатарына білікті кадрлар дайындау ақпарат қоғамының қазіргі заман талабы дамуының міндеттеріне сай, білікті білімі бар болуы керек және оның біліктілігі ЖОО-ғы оқу-тәрбиесіне байланысты.

Зерттеудің әдістемелік негізі болып келесілер табылады: танымның диалектикалық әдісі ғылыми педагогика негізі ретінде, біртұтас педагогикалық процесс теориясы, білім беру жүйесін ақпараттандыру концепциясы, кәсіби педагогика мәселелері бойынша педагогикалық зерттеулер, жүйелік, жеке және iскерлiк жолдар теориялары, кәсіби педагогика саласында ғылыми-теориялық ережелер және ақпараттық пәндерді оқыту әдістемелері

Зерттеу көздері: ЖОО-да мамандарды кәсіби даярлауды реттейтiн және регламентін белгiлейтiн нормативтiк құжаттар: мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары, типтік, оқу жұмыс жоспарлары және бағдарламалары; кәсіби білім беру мәселесі бойынша педагогтар мен психологтар еңбектері; автордың өзінің жеке педагогикалық және ғылыми-зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиетті саралау және нормативтік құжатнаманы зерделеу, сонымен қоса эмпирикалық зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тестілеу, модельдеу, педагогикалық тәжірибе; зерттеу деректерін статистикалық өңдеудің математикалық әдістері.

Зерттеу базасы: Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы келесіде болады, ақпараттық қоғам дамуының заманауи талаптарына сәйкес ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлаудың ғылыми негіздерін жетілдіру мәселелерін шешу:

– ақпарат технологиялары қатарында білікті кадрлар дайындаудың заманға сай дайындығы анықталынған;

– ақпарат технологиялары қатарында білікті кадрлар дайындаудың теориялық моделі өңделінген;

– ЖОО-да ақпараттық технологияларды уйренудің инновациялық тәсілдері өңделінген.



Зерттеудің тәжірибелік құндылығы келесіде, зерттеу материалдарын ақпараттық профильді мамандарды дайындау процесінде пайдалануға болады, оның кәсіби қызметіне кіреді:

  1. Монография «Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлау негіздері».

  2. Электрондық оқулықтар: «Macromedia Flash технологиялары»; «Дербес компьютер сәулеті».

  3. Оқу-әдістемелік кешен: «Интеллектуальные системы» (Караганда: КарГУ, 2006. – 86с.); «Интелектуалды жүйелер» (Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. – 71 б.).

  4. «Зияткерлік жүйелер» курсы бойынша электрондық оқу-әдістемелік материал (кейс) (Қарағанды, 2007), ақпараттық жүйелер бакалаврын даярлаудың инновациялық оқу жұмыс жоспары.

Зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелер жаңа буын ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлаудың оқу-әдістемелік базасы болып табылатын нормативтік, оқу-бағдарламалық құжатнама, әдістемелік нұсқаулар және дидактикалық материалдарды құрастыру кезінде пайдаланыла алады.

Зерттеу деректілігі келесілермен дәлелденеді: әдіснамалық және теориялық ұстанымдар мен жолдардың негізделгендігімен, зерттеу кезеңдері мақсаттары, міндеттері, объекті және логикасына адекватты теориялық және тәжірибелік әдістер кешенін пайдаланумен, оны жүргізу ұзақтығымен және алынған тәжірибелік деректермен, сынақ-педагогикалық жұмыстың барысымен, зерттеу нәтижелерін анализдеумен және оларды Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінде практикалық қызметте пайдаланумен.

Қорғауға келесі жағдайлар шығарылады:

  1. Ақпараттық технологиялар қатарындағы қазіргі замандағы білікті кадрлардың дайындығы.

  2. Ақпараттық технологиялар қатарындағы білікті кадрлардың теориялық модель дайындығы.

  3. ЖОО-ғы ақпараттық технологияларды уйретудің инновациялық тәсілі.

  4. Тәжірибелік жұмыс қорытындысы, өңделген «Интелектуалды жүйе» элективті курсының ЖОО-ғы ақпараттық технологияларды оқытудың ерекше тәсілдерінің пайда болуын, білікті дайындықта болудың құралы қолданысқа енуінің эффективтілігін қамтамасыз етеді.

Зерттеу нәтижелерін апробациялау және еңгізу 10 халқаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияда (Минск 2008; Қарағанды 2008; Болгария 2008; Қарағанды 2008; Польша 2008; Санкт-Петербург 2009; Орал 2009, Қарағанды 2010), 1 республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Кокшетау 2008); Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында бақылау комитеті ұсынған 11 журналда, монографияларда, ЭЕМ арналған 2 оқытатын бағдарламада көрсетілген болатын.

Зерттеудің негізгі жағдайларын және нәтижелерін еңгізу ізденушінің келесі журналдардағы басылымдары арқылы жүзеге асырылды:Халқаралық ғылыми журнал «Заманның көкейкестi мәселелерi (Актуальные проблемы современности)», Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Жаршысы, «Академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ жаршысы», «ПМУ жаршысы», «ЕАГУ жаршысы», «Қазақстан жоғарғы мектебi (Высшая школа Казахстана)», «Ұлт игілігі (Достояние нации)», «Іздеу (Поиск)»; «Бiлiм (Образование)», «Қазіргі заман ғылым жаршысы (Современный научный вестник)» (Белгород, Ресей), (Ректорлар кеңесі, Мәскеу).



Негізгі бөлім

Негізгі ресурсы жоғары квалификациялы жұмыскер болып табылатын динамакалық түрде дамып келе жатқан Қазақстан экономикасы жылдам өзгеретін жағдайларда жұмыс істей алатын мамандардың жаңа сапалы білімін талап етеді. Білім құндылықғының әлеуметтік және экономикалық рөлінің өсуі, ХХІ ғасырда оның даму міндеттері, әлемдік білім беру кеңістігіне ену ортақ мәденетке және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар біліміне жоғары талаптар қояды.

Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлау жүйесі соңғы 50 жыл бойы дамып келеді. Осы уақыт ішінде батыс елдерде ақпараттық технологиялар саласында мамандарды даярлау біршама тұрақтанды. Computing Curricula бағдарламасы жасалған, ол ACM IEEE және CS кәсіби бірлестікпен әзірленген.

Қазақстанда бұндай жүйе дайындалатын мамандар саны мен сапасы бойынша әлі уақытқа дейін реттелген деп санала алмайды. Ақпараттық технологиялар саласында кадрларды даярлау жүйесінің реттелмегендігінің белгісі ретінде келесіні айтуға болады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік классификаторындағы мамандықтардың әлемдік ақпараттық технологиялар индустриясындағы шынайы кәсіптер сәйкес келмейді.

Бұл салада қазіргі уақытқа дейін әлемдік ақпараттық технологиялар индустриясында айтарлықтай тұрақты жаппай мамандықтардың тізімі қалыптасқан:


  1. Бағдарламалаушы-құрастырушы (Software Design Engineer).

  2. Аппаратура құрастырушысы (Hardware Design Engineer).

  3. Тесттарды құрастыру бойынша маман (Test Design Engineer).

  4. Тестілеу бойынша маман (Tester).

  5. Құрастыру менеджері (Program Manager).

  6. Жобалар менеджері (Project Manager).

  7. Бизнес-процестер аналитигі (Business Analyst).

  8. Ақпараттық жүйелер менеджері (IT Manager) және басқалар.

Ал Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білімінің даярлық бағыттары мен мамандықтарының мемлекеттік классификаторында қазіргі таңда ақпараттық технологиялар саласына қатысы бар деп келесі мамандықтарды атауға болады:

  1. Автоматтандыру және басқару

  2. Ақпараттық жүйелер

  3. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

  4. Математикалық және компьютерлік моделдеу және басқалар.

Мамандықтар тізімін салыстыру ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлауда бар мәселелерді көрнекті түрде көрсетеді. Келтірілген тізімде ақпараттық технологияларды басқару саласында кәсіби кадрларды даярлау үшін қажетті мамандықтар жоқ, мысалы жобалар менеджері Project Manager, бизнес-процестер аналитигі Business Analyst, сонымен қатар тестілеуді құрастыру және өткізумен байланысты мамандықтар: Test Design Engineer, Tester.

Жоғары кәсіби білім мамандықтарының жаңа Классификаторын құрастыру кезінде ақпараттық мамандықтар тізімінде осы бағыт байынша әлемдік индустрия тәжірибесін ескерген жөн. Мамандықтар номенклатураларын қайта қарастыру және унификациялау қажет және индустрияның қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа мамандықтар еңгізу керек, ең алдымен бағдарламалау және ақпараттық технологияларды басқару салаларына.

Қазақстанның жалпыәлемдік білім беру кеңістігіне интеграциясы, оның жаңа ұлттық моделін қалыптастыруы бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастыру саласында жоғары квалификациялы мамандарды, яғни бағдарламалаушыларды дайындау мәселелерін назардан тыс қалдырмайды. Жоғарыда аталған мамандықтың мамандықтар номенклатурасында болмауы дайындық деңгейінің төмендігін ақтайды: бағдарламалау пәндері көптеген мамандықтар үшін ілеспелі курс ретінде оқытылады, ал бұл жалпы алғанда ақпараттық мамандықтар студенттерінің кәсіби қызметтеріне дайындығының сапасына кері әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда бағдарламалау саласында пайдаланушы деңгейінде білім алу заманға сай білімді адам үшін математика, табиғаттану, физика және басқалары сияқты жалпы білуге міндетті факторға айналды. Масылы, пән оқытушысына бағдарламалау бойынша білім өз бетімен электронды оқулық не болмаса басқа да кез-келген электрондық дидактикалық материалды құрастыру үшін қажет. Бұл заманауи маманға қойылатын ақпараттық қоғам дамуы деңгейінің қазіргі талаптары.

Көптеген мамандар қолдайтын бір пікір бар, бағдарламалаушы білуге тиіс ең маңызды тіл ол оның туған тілі. Қазіргі уақытта бағдарламалаудың көптеген әр түрлі тілдері бар, олардың көмегімен бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырумен байланысты көптеген есептерді шешуге болады. Біз жүргізген Ұлыбритания университеттерінде бағдарламалауды оқыту модульдері мазмұнының салыстырмалы анализі көрсеткендей Java объектке-бағыталған бағдарламалау тіліне ерекше ықылас бөлінеді, бұл тілдің даңқты болуының себебі ол ең әйгілі компьютерлік орта – Internet желісіне және Web серверлерге және Internet желісімен байланысты бетке ұстар технологияларға бағытталған.

Бағдарламалық өнісдерді құрастырумен айналысатын бірқатар компаниялардың Internet желісіндегі деректерін талдау келесілерді көрсетті, ақпараттық профильді маманға қойылатын басты талаптардың бірі пәндік облысты, техникалық ағылшын тілін білу, алгоритмдік дайындықтың бар болуы, бағдарламалау тілдерін жетік меңгеру (Java, C++, Delphi және т.б), команда болып жұмыс істей білу. Қажет маманға деген тапсырыстар Интернет желісінің 700 астам сайттарында орналастырылған.

Біз жүргізген Қазақстан және Ресей ЖОО-ның ақпараттық мамандықтар бойынша кейбір оқу жоспарларын талдау келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

– «Алгоритмизация және бағдарламалау тілдері» және «Бағдарламалау технологиясы» пәндері ақпараттық профильді мамандарды даярлауда міндетті компоненттер болып табылады, ақпараттық мамандықтар бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асыратын барлық ЖОО-да оқытылады, бірдей оқу сағаттар көлеміне ие.

– бағдарламалық өнімдерді әзірлеумен байланысты пәндер қазіргі уақытта кешенді түрде оқытылмайды. Бұған 1 кестеде келтірілген деректер куә.

Қазақстан Республикасы МЖМБС қарастырған ақпараттық мамандықтар студенттерінің білім беру процесінің мазмұны ақпараттық профильді мамандардың кәсіби қызметіне дайындығының бастапқы күйін анықтады, және оның құрамдас бөліктерін ерекшеледі:



Әлеуметтік – гуманитарлық дайындық қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдарын, философиялық көзқарас, Қазақстан тарихы, мемлекеттік тіл, ұлтаралық қатынас құралдары ретінде шетел және орыс тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз етеді.

Физикалық математикалық дайындық келесідей пәндер шеңберінде жүзеге асырылады, алгебра және геометрия, математикалық анализ, физика, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, электр тізбектерінің теориясы, схемотехника, дискреттік математика және физикалық-математикалық бағыттағы терең білімді кәсіби білім негізі ретінде қамтамасыз етеді.
Кесте 1 – Қазақстан мен Ресей ЖОО-дары бойынша бағдарламалаумен байланысты пәндердің үлестірілуі (таңдау бойынша компонент)


Пәндер

ЖОО-дар

Таңдау бойынша компонент (сағатпен)

Қ.Сәтпаев атынд.

ҚазҰУ



Л.Н.Гумилёв атын.

ЕҰУ



ҚарМТУ

М.В.Ломоносов атын. ММУ

ТМЦ (Томск)

Е.А.Букетов атын.

ҚарМУ


Жүйелік анализ



90

90

90

90

90

Мультимедиа бағдарламалау













ЕТ және автоматтандырылған жүйелер бағдарламалық қамтамасыз етуі





90







Объектке-бағытталған бағдарламалау



90

90

90

90

90

UML тілінің негіздері



90



52

52



АЖ-да бағдарламалық қамтамасыз ету

90











Си++

45

90

90





90

Бағдарламалау негіздері



135



180

135



БҚЕ жүйелері күрделігінің алгоритмдері және анализі







160





Бағдарламалау тілдері



135

135

180

135

135

Бағдарламалық инженерия



108



108





Логикалық бағдарламалау



90



72



90

Жүйелік бағдарламалау



90

135





90

БАРЛЫҒЫ сағатпен

135

918

630

932

502

585


Ақпараттық техникалық дайындық ақпараттық жүйелер саласында терең теориялық білімді және практикалық тәжірибені қамтамасыз етеді және келесі пәндерді оқу процесінде жүзеге асырылады: ақпараттану, ақпараттық жүйелер негіздері, компьютерлік жүйелер сәулеті, алгоритмизация және бағдарламалау тілдері, бағдарламалау технологиясы, ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау, деректер базалары жүйелері, ақпараттық жүйелерді жобалау, Web технологиялар, компьютерлік жүйелер, экономика және ақпараттық өндірісті ұйымдастыру.

Әрбір компонентаның мазмұны айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Ақпараттық профильді мамандарды дайындаудың барлық компоненттерінің интегративтік күйін қамтамасыз ету керек, және бұл жағдайда жүйе құрушы фактор ретінде олардың кәсіби мақсаттылығы алынуы тиіс.

Қазіргі таңда Қазақстан өзінің білім беру саясатын жүйелілік, академиялық бостандық және оқу жоспарларының вариативтілігі сияқти заманауи әлемдік тенденциялармен сәйкес мазмұнға толтырып жатқан елдер қатарына жатады. Осыған орай біз Ұлыбритания, сонымен қатар Ресей мен Қазақстан университеттерінің Ақпараттық жүйелер (Computing Systems) мамандығының оқу жоспарларының мазмұны зерттелген болатын. Ақпараттық технологияларды оқумен байланысты пәндердің салыстырмалы аналізі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

– әлемдік практика мойындаған бағдарламалаудың негізгі бағыттарынан ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасында да барлық дерлік негізгі бағыттар қарастырылады, Шетелдік практикада ақпараттық мамандықтар студенттері Mobile Robotics (Мобильді робототехника) оқу модулін өтеді. Ақпараттық технологиялар дамуының замауи әлемдік деңгейіне сай болу мақсатымен «Мобильді робототехника» оқу модулін еңгізу қажет, оны оқудың негізгі мақсаты мобильді робототехника негізгі принциптерін және онымен байланысты түсініктерді түсіну.

– Ұлыбритания мен Қазақстан ЖОО-ның ақпараттық мамандықтарының ақпараттық технологияларды оқумен байланысты пәндері белгілі бір дәрежеде ұқсас, алайда Қазақстанның ақпараттық мамандықтарының оқу жоспарларында бағдарламалаумен байланысты келесі пәндер жоқ: «Бағдарламалау тілдерін құрастыру және семантика»; «Бағдарламалаушыларға арналған бағдарламалау»; «Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастыру принциптері», «Заманауи компилятор жобалау»; «Сенімділік және Надежность и ақаулы кіру рұқсаты»; «Формальді спецификация және верификация»; «Автоматтар»; «Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың топтық жобасы», «Нейронды желілер» және басқалары. Аталған пәндер мазмұнын талдау келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: берілген пәндерді білу ақпараттық профильді мамандар дайындығына қойылатын ақпараттық қоғамның қазіргі талаптарын толығырақ қанағаттандырады, себебі берілген пәндер бағдарламалау негізін және бағдарламалық қамтамасыз ету принциптерін берік орнықтырады.

Бағдарламалау методологиясын және қоғамды ақпараттандыру процесін толығымен айқын түсіну және жүзеге асыру барлық ақпараттандыру процестерінің жалпы алғандағы қажетті шарты болып табылады. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды дайындау процесінде ЖОО-да бағдарламалауды үйрету тек бағдарламалауды оқыту логикасында ғана емес, студенттің болашақ кәсіби қызметі логикасында да көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда оқытылушының оқу қызметінің мақсаты тек бағдарламалау құралдарын игеру ғана емес, сонымен қатар бағдарламалау негізінде тұлғаның кәсіби маңыздылығы бар қасиеттерін қалыптастыру. Шетелдік ақпараттық профильді мамандарды дайындауда дәл осындай жолды көруге болады, мұны Programming for Computer Scientists (Бағдарламалаушыларға арналған бағдарламалау) курсын мысалға ала отырып көруге болады. Бағдарламалаушыларға арналған бағдарламалауды оқу нәтижесінде студент инженерлік және технологиялық шешімдер себептерін түсінуі тиіс, және сәйкесінше, өз бетімен шешім қабылдай алуға міндетті.

Бағдарламалау ғылым ретінде жалпы математиканың классикалық пәндеріне негізделеді және өзімен сыбайлас пәндермен тығыз байланысты, мысалы, дискреттік математика, басқару теориясы, операцияларды зерттеу және т.б. Математиканы оқу болашақ маманға ол ғылыми-техникалық прогресс барысында алдында кездесетін барлық жаңалақтарды игеруге көмектесетін негіздік білімнін минимумын беруі тиіс. Бұл математика курсының қолданбалы кәсіби бағыттылығын күшейтуге және болашақ мамандардың негіздік даярлығының деңгейін жоғарлатуға әкеледі. Бұдан шығатыны, ЖОО-да ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды дайындау процесінде математикалық білім кәсіби бағытта болуы тиіс.

Біздің ойымызша, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды дайындау процесінде ЖОО-да математиканы үйрету тек математика ғылымы логикасында ғана емес, студенттің болашақ кәсіби қызметі логикасында да көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда оқытылушының оқу қызметінің мақсаты матемакикадағы логика негізінде тұлғаның кәсіби маңыздылығы бар қасиеттерін қалыптастыру. Шетелдік ақпараттық профильді мамандарды дайындауда дәл осындай жолды көруге болады, мұны Mathematics for Computer Scientists (Бағдарламалаушыларға арналған математика) курсын мысалға ала отырып көруге болады. Бағдарламалаушыларға арналған математиканы оқу нәтижесінде студент компьютер негізін түсінуге мүмкіндік беретін қажетті математикалық білім алуы тиіс.

Ақпараттық профильді мамандарды дайындаудың ажырамас бөлігі болып алгоритмдік дайындық табылады. Ақпараттық мамандықты студенттердің алгоритмдік дайындығы дегеніміз кәсіби қызмет объекттерінің жұмыс істеуімен байланысты ақпараттық процестер мен жүйелердің модельдерін құрастыруға және іске асыруға мүмкіндік беретін алгоритмдік компетенциялар жүйесін қалыптастыру.

Бағдарламалаудың алгоритмдік негізін тек базалық пән «Алгоритмизация және бағдарламалау тілдері» құрайды, ал бұл қажетті алгоритмдік деңгейді қалыптастыру үшін жеткіліксіз, себебі ақпараттық профильді маманның болашақ кәсіби қызметі заманауи ақпараттық өндірістің әр түрлі міндеттерін өтіп жатқан ақпараттық процестерді модельдеудің әлдеқайда күрделі алгоритмдерін құру арқылы шешуге бағытталған.

Яғни, студенттер ақпараттық қоғам талаптарына сай келетін сәйкес алгоритмдік дайындықтан өту керек және оған ЖОО-да білім алу периоды бойында назар аударылуы қажет. Ақпараттық профильді мамагдардың алгоритмдік дайындығы үшін қажетті арнайы пәндер мен специализация пәндерінің бірқатарын бөліп көрсету керек. Оларға мыналар жатады: «Алгоритмді жобалау», «Алгоритмдердегі негізгі тараулар», «Алгоритмдер күрделілігі», «Тиімді параллель алгоритмдер», «Ойындардың алгоритмдік теориясы», «Моделдеу және жүйелердің алгоритмдік анализі». Алгоритмдік дайындықпен байланысты шетелдік және отандық практика пәндерін салыстыру оны күшейту керек деген тұжырымға әкеледі.

Бізбен сурет 1-ге сәйкес зерттелетін процестің теориялық моделі өңделінген және ақпараттық технологиялар бакалаврларын дайындаудың инновациялық оқу жоспарын құрастыруға мүмкіндік берді.



Ақпараттық қоғам дамуының талаптары





МАҚСАТ: Ақпараттық профильді мамандарды даярлау сапасын жоғарлату


Принціптері:

1. Детерминизм. 2. білімі мен біліктілігінің. 3. Ақпараттық технологиялардың дамуы дүние жүзімен сәйкестілігі. 4. Кәсіптік мобильділік. 4. Актуалдылық. 5. Ғылыми көрсеткіш. 6. Кәсіптік біліктілігі. 7. Комплектілігі.





Жеке-мотивациялық

- маңызды болу керектігін түсіну және болашаққа біліктілігіне деген;

- қажеттілігін түсіну білікті білімінің болуы;

- белсенділігін таныту және білікті маман иесі болуы;

- ақпарат профилінің мамандарының дайындығы процесіне дұрыс қатынаста болуы.


Мазмұндық

- ақпараттық мамандықтың дисциплиналары бойынша жалпы білім және арнайы ғылыми білім, қпзіргі заман ақпараттық технологияларын теориялық және практикалық түрде меңгеру, білікті мамандықтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу.









ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ
- Қазақстан тарихы

- Философия

- Қазақ тілі

- Шетел тілі

- Социология

-Экономикалық теория негіздері

- Саясаттану

- Құқық негіздері

- Биоақпараттану



НЕГІЗГІ ПӘНДЕР

- Бағдарламалаушылар үшін бағдарламалау

- БҚЕ принциптерін жобалау

- АЖ негіздері

- Бағдарламалаушылар үшін математика

- Схемотехника

- Сандық байланыс және сигналды өңдеу

- Алгоритмизация

- Компьютерлік жүйелер сәулеті

- АЖ дизайны

- Автоматтар



ПРОФИЛЬДІК ПӘНДЕР

-Групповой проект разработки ПО

- Компьютерлік желілер

- Деректер қорлары жүйелері

- Компьютерлік модельдеу

- Ақпаратты қорғау

- Web – технологиялар

- Мобильді робототехника

- Нейронды желілер

- Бағдарламалау тілдерін құру және семантика

-Алгоритмдік ойындар теориясы

-Алгоритмическая теория игр





Оперциялық

- жалпы тәжірибелік білім және ақпараттық техникамен жұмыс;

- ақпараттық технологияларды түрлі салаларда қолдана білу;

- технологиялық процестердің алгоритмдерін және бағдарлама кодын жасай алу;

- проетированиені білу және жұмыс істей алу, ақпараттық жүйелерді жасау.




Білім берудің инновациялық әдістемесі







Бақылау-бағалаулық

өзi-өзi анализ; өзi-өзi бағалау; прогноз.








Оқыту нәтижесі: ақпараттық технологиялар саласын терең білетін ақпараттық профилді бәсекеге қабілетті маман


Сурет 1 – Ақпараттық технологиялар саласында

кәсіби кадрларды даярлау моделі


Ұсынылып отырған модель қарастырылып отырған мәселелердің барлық аспекттерінің түбегейлі шешімі болуға үміт артпайды, тек оларды шешудің мүмкін жолдарының бірі болып табылады, бірақ ізделінді дайындық оқу процесін жобалау және ұйымдастыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Берілген модельді өңдеу барысында мыналарды қадағаладық: Қазақстан Республикасының дамуы шарттарындағы жаңа экономикалық-әлеуметтік ақпараттық студенттер дайындау мақсаттары, біліктілік және мазмұны;жоғары ақпаратты кәсіптік білім инновациясына қатысты психологиялық-педагогикалық зерттеу қорытындысы.

Берілген компоненттер құрамында дайындықтың 4 құрамы ерекшелінген; жеке-мотивациялық, мазмұндық, операционалды. Бұл құрамдарды төмендегідей ерекшелеуге болады:

Жеке-мотивациялық компонент- студенттің болашақ кәсіпке деген қызығушылығын арттыру; кәсіптік білімнің қажеттіліктерін түсіндіру; кәсіптік біліктілікке белсенділік таныта отырып, ақпараттық профильді мамандар дайындау процесінде оң көзқарас таныту.

Мазмұндық компонент – қазіргі заманға сай ақпараттық технологияларды теориялық және практикалық түрде меңгеру; ақпараттық мамандықтың дисциплиналары бойынша жалпы және арнайы ғылыми білім, кәсіптік біліктіліктің қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіну.

Операциональды компонент – ақпаратттық жүйелерді өңдеудің және проектілеудің арнайы біліктілігі мен қасиеттерін қорытындылау; әр салада ақпараттық технологияларды қолдана алу.

Бақылау-бағалаулық компонент – өзi-өзi анализ; өзi-өзi бағалау; прогноз.

Ақпараттық технологиялардың белсенді және динамикалық дамуы оқу процесін қайта құруды, ақпараттық технологияларды оқытумен байланысты пәндерді оқыту әдістемесіне инновациялық жолдарды пайдалануды талап етеді.

Оқытудың кредиттік технологиялары жайында ақпараттық технологиялар бойынша сабақтарда студенттердің оқу-зерделік қызметін ғылыми ұйымдастыру әрбір оқытылушының жеке мүмкіндіктері ең көп мөлшерде іске асырылатындай жағдайларды талап етеді. Қазіргі жағдайда студентті келетін ақпаратты жылдам қабылдауға және өңдеуге, оны дұрыс көрсетуге және пайдалануға дайындау керек.

Ел басы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткендей, «… ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды түсіну, олардың қоғамға толық интеграциясына қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды». Ел Президентінің бұл сөздеріқазіргі уақытта білім беру жүйесінде өзекті болып табылады, олар әрекет етуге, білім берудегі тұрақталып қалған догмалар мен канондық түсініктерді және ЖОО-да ақпараттық технологияларды оқытумен байланысты пәндерді оқыту әдістерін қайта қарауға шақырады. Оқытудың кредиттік технологиялары жайында ақпараттық технологиялар бойынша сабақтарда студенттердің оқу-зерделік қызметін ғылыми ұйымдастыру әрбір оқытылушының жеке мүмкіндіктері ең көп мөлшерде іске асырылатындай жағдайларды талап етеді. Қазіргі жағдайда студентті келетін ақпаратты жылдам қабылдауға және өңдеуге, оны дұрыс көрсетуге және пайдалануға дайындау керек.

Ел басы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткендей, «… ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды түсіну, олардың қоғамға толық интеграциясына қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды». Ел Президентінің бұл сөздеріқазіргі уақытта білім беру жүйесінде өзекті болып табылады, олар әрекет етуге, білім берудегі тұрақталып қалған догмалар мен канондық түсініктерді және ЖОО-да ақпараттық технологияларды оқытумен байланысты пәндерді оқыту әдістерін қайта қарауға шақырады.

Ізделінді дайындық мазмұнының вариативтілігі ақпараттық профильді болашақ маманның игеруге тиісті әдістемелік сұрақтар шеңберін кенейте түседі. Оқытылатын курстар бағдарламалық қамтамасыз етілуінің арсеналы, электронды білім беру ресурстарының құрамы, олардың оқу процесіндегі функциялары, елеулі түрде артады, ал бұл өз кезегінде жоғары мектеп оқытушысы алдында жаңа міндеттер қояды. Инновациялық әдістеме ерекшелігі келесіде, ол үнемі ескіріп тұратын білімді беруге емес, қажеттілік туындаған жағдайда өз бетінше меңгеруге болатын компетенцияларды игеруге бағытталған, ЖОО-да ақпараттық технологияларды оқытудың әлемдік тәжірибесін тиімді пайдалануға сүйенеді және ортақ ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыруға септігін тигізеді.Ақпараттық технологияларды оқумен байланысты пәндер бойынша дәріс және практикалық сабақ сапасының критийлері мен көрсеткіштері сәйкесінше 2 – 3 кестелерде көрсетілген.


Кесте 3 – Ақпараттық технологияларды оқу бойынша практикалық сабақ сапасын бағалаудың ұсынылатын критерийлері мен көрсеткіштері


Практикалық сабақ сапасының критерийлері

Практикалық сабақ сапасының көрсеткіштері

Мақсаттылық

– мәселе қойылымы;

– теорияны практикамен байланыстыруға ұмтылу.



Жоспарлау

– зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаудың бар болуы;

– ақпараттық технологияны меңгеру бойынша жаңашылықтардың бар болуы.



Практикалық

сабақты ұйымдастыру




– оқу уақытының студенттердің компьютерде тапсырманы орындаумен толтырылуы;

– оқытушының тапсырманы орындау процесін бақылай алу, дискуссияны болдыру және оны сүйемелдеу шеберлігі;

– жұмысты орындаудың жалпы қортындысын шығару.

Оқу процессі педагогикалық тұрғыда негізделген оқу құралдары мен әдістерін таңдай отырып құрылатыны бәрімізге белгілі, бұл таңдау оқу процесін мақсатты ұйымдастыру жолымен студенттер үшін онда іске асырылатын білім беру бағдарламаларын сапалы игеруді қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасайды.



Кесте 2 – Ақпараттық технологияларды оқумен байланысты пәндердің дәрістік сабақтарының сапасын бағалаудың критерийлері мен көрсеткіштері


Дәріс сапасының критерийлері

Дәріс сапасының көрсеткіштері

1

2

Дәріс мазмұны

Ғылымилығы – ғылым мен ақпараттық технологиялар дамуының заманауи деңгейіне сәйкес келеді;

алдыңғы және кейінгі материалмен байланыс;

ақпараттық технологиялар саласында әр түрлі концепцияларды көрсету;

дәріс барысында мәселелі сұрақтарды алға тарту және қайшылықтарды шешу арқылы ойлауды белсендіру;

тәжірибемен байланыс, бағдарламалық өнімдер немесе қосымшаларды құрастыру мен әзірлеудің нақты мысалдарын талдау;

аса қиын сұрақтар түсіндіріле ме;

материалдың қандай да бір бөлігін өз бетінше силлабус немесе оқулық бойынша зерделеуге тапсырмалар беріле ме;

дүние танымдық жағы, әдістемелік сұрақтардың бар болуы, олардың дұрыс түсіндірілуі;

бағдарламалық өнімдерді көрсету.

Дәрісті оқу әдістемесі

Ақпараттық технологиялар құралдарын пайдаланумен дәрістің айқын құрылымы;

ақпараттық технологияларды пайдаланумен оқу материалын баяндау қисындығы;

ақпараттық технологиялар құралдарын пайдаланумен дәріске арналған әдебиеттерді атау;

ақпараттық технологиялар құралдарын пайдаланумен жаңа терминдер мен түсініктердің қол жетімділігі мен түсініктілігі;

электрондық дидактикалық материалдардың бар болуы;

ақпараттық технологиялар құралдарын пайдаланумен негізгі ойлар мен қорытындыларды ерекшелеу;

инновациялық ТОҚ қолдану;

дәріс конспектісінің бар болуы;

ақпараттық технологиялар құралдарын пайдаланумен сұрақ, толық дәріс соңында қорытындыларды шығару;

ақпараттық технологиялар құралдарымен жасалған арнайы таратылатын материалдың бар болуы;

экспресс – бақылау.

Дәріс нәтижелілігі

Ақпараттық құндылық;

Дидактикалық мақсаттарға жету.

Мұнда білім берудің барлық кезеңдері ақпараттық-техникалық қолдаумен қамтамасыз етілген. Білім беру процесі барысында студенттер ұсынылатын оқу материалының ¼-нен көп емес бөлігін игеретіні ғылыми тұрғыда дәлелденген. Ақпараттық технологиялар құралдары бұл көрсеткішті 2-3 есе арттыруға мүмкіндік береді, себебі синкретикалық оқыту мүмкіндігін береді.

Кесте 4 – «Зияткерлік жүйелер» элективті курсының бағдарламасы




Тақырып атауы

Дәрістер

(сағатпен)



Зертханалық

(сағатпен)



СОДЖ

(сағатпен)



СДЖ

(сағатпен)



1.

Жасанды интеллект даму тарихы

2




3

2

2.

Жасанды интеллект дамуының бағыттары

2




3

2

3.

Зияткерлік ақпараттық жүйелер классификациясы

2




3

2

4.

Деректер және білім

2




3

2

5.

Білімді көрсетудің логикалық моделі

4




3

4

6.

Білімді фреймдермен объектке-бағытталған көрсету

2

1

3

2

7.

Білімді продукциялар ережелерімен көрсету

2

2

3

2

8.

Семантикалық желі моделі

2

2

3

2

9.

Сараптамалық жүйелер тағайындалуы, ерекшеліктері, құрылымы

2

2

3

2

10.

Сараптамалық жүйелер классификациясы

2

2

3

2

11.

Сараптамалық жүйелерді құру технологиясы

2

2

3

2

12.

Білімді көрсету. Мақсатқа жету

2

2

3

2

13.

Сараптамалық жүйенің ақпараттық құрылымы

4

2

9

4




Барлығы

30

15

45

30

Ақпараттық технологияларды оқумен байланысты пәндерді оқытудың инновациялық әдістемесі біз өзіміз құрастырған «Зияткерлік жүйелер» атты элективті курс мысалында жүзеге асырылған, оның бағдарламасы 4 кестеде келтірілген болатын.

Ақпараттық технологияларды оқумен байланысты пәндерді оқыту әдістемелік ерекшеліктерімен іске асырылған «Зияткерлік жүйелер» элективті курсының нәтижелігін анықтау үшін педагогикалық тәжірибе жүргізілген болатын, оған 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 138 студенті қатысқан. Студенттерде білімге негізделген зияткерлік ақпараттық жүйелерді құрастыру бойынша компетенцияларының қалыптасқандықтарының критерийлері және оларға сай келетін көрсеткіштер 5 кестеде берілген.

Кесте 5 – Студенттерде зияткерлік жүйелерді құрастыру бойынша компетенцияның қалыптасқандығының критерийлері




Компоненттер

Критерий

Көрсеткіштер

1

2

3

Жеке-мотивациялық

Студенттердің «Зияткерлік жүйелер» курсын оқуға пейілденуі

  • білімге деген ұмтылыс;

  • білімге деген дайындық;

- өз бетімен жұмыс істеуге деген ұмтылыс.

Мазмұндық

Жасанды интеллект негіздері бойынша теориялық білім

  • негізгі түсініктерді біледі;

  • математикалық логика негіздерін біледі;

  • бағдарламалық жүйелерге білімді үлестірудің негізгі тәсілдерін біледі.



Операционалдық

Зияткерлік жүйелерді құру технологияларын пайдалана алу шеберлігі

- зияткерлік жүйелерді жобалау үшін мақсаттарды өз бетімен таңдау.


Интеллектуалдық зияткерлік жүйелер қосымшаларды құрастыру машықтарын өз бетінше жетілдіру қабілеттілігі

  • зияткерлік жүйелерді құру үшін білім базасын пайдалану;

  • сараптамалық жүйе қабықшасын құрастыру;

  • білімді көрсету әдістерін қолдану.

Бақылау-

бағалаулық





Кәсіби рефлексия


- өзi-өзi анализ;

- өзi-өзi бағалау;

- прогноз.

Констатациялаушы және қалыптастырушы ғылыми тәжірибелер нәтижелері сәкесінше 1 және 2 диаграммаларда берілген.


Диаграмма 1 – Білімге негізделген зияткерлік ақпараттық жүйелерді құрастыру бойынша компетенцияларының қалыптасқандықтарының деңгейлері бойынша студенттерді үлестіру (констатациялаушы ғылыми тәжірибе)


Диаграмма 2 – Білімге негізделген зияткерлік ақпараттық жүйелерді құрастыру бойынша компетенцияларының қалыптасқандықтарының деңгейлері бойынша студенттерді үлестіру (қалыптастырушы ғылыми тәжірибе)



Топтардың орташа мәндерінің арасындағы айырмашылық 0,9 баллды құрайды, яғни студенттерде білімге негізделген зияткерлік ақпараттық жүйелерді құрастыру бойынша компетенцияның қалыптасқандығының деңгейі тәжірибелік топта бақылау тобындағымен салыстырғанда 17 % өскен.

Өткізілген зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар жасалып, ұсыныстар тұжырымдалған. Сонымен қатар алынған нәтижелер мен жасалған қорытындылар зерттеліп отырған мәселенінің барлық аспекттерінің түпкілікті шешімі болуға лайық емес. Бұдан арғы теориялық және практикалық зерттеу мынадай бағыттарда ұсынылуы мүмкін, дамытушы ақпараттық қоғам талаптарына сәйкес ақпараттық технологиялардың дамуы.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет