«6D050500 аймақтану» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата06.09.2022
өлшемі0.57 Mb.
#460313
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Регионоведение док

 
Қосымша
1. 
Ушаков, В. М. Основы научных исследований / В. М. Ушаков, С. 
Л. Миньков, Д. В. Озеркин ; под ред. В. М. Ушакова. – Томск : Издательство 


13 
ТГПУ, 2002.
2. 
Безуглов И.Г., Лебединский В.В., Безуглов А.И. Основы научного 
исследования. – М.: Изд-во: Академический проект, 2008. – 208 с.
3. 
Шванцербергер Дж. Политическая власть. Изучение мирового 
сообщества / Теория международных отношений. Хрестоматия. М., 2004. 
4. 
Богомолов О.Т. Вызов мировому порядку Экономическая 
глобализация не решает межгосударственных и социальных проблем 
человечества // Независимая газета. 27-01.2000. 
5. 
Hassner P. Fin des certitudes, choc des identity: un siecle 
imprevisible. - Ramses 2000. L’entree dans Ie XXI-e siecle. P., 2000. 
6. 
Wenger A. International relations: from the Cold War to the 
globalized world / A. Wenge, D. Zimmermann. London, 2003. 
7. 
Multilateral Diplomacy and the United Nations Today. Cambrige, 
2005. 
8. 
Mediating International Crises. L., 2005. 


14 
GZA 7201 – ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАСЫ 
(бейіндік бағыт) 
Көлемі 3 кредит 
 
Автор: 
Макашева К.Н. – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік 
экономика кафедрасының профессоры 
Пікір жазғандар: 
Несипбаева К.Р. – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Мовкебаева Г.А. – тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Ғылыми зерттеудің әдіснамасы» пәні «6D050505 – Аймақтану» 
мамандығы бейінді бағыты бойынша докторанттарға теориялық білім 
жинақтауға және теория жасау мен ғылыми зерттеу жүргізу қабілетін 
дамытуға үйрететін теориялық әрі практикалық пән болып табылады. 
Ұсынылып отырған пән докторанттарға зерттеудің әр түрлі әдіс-тәсілдері 
мен техникаларын үйретуді дамытумен қатар, бұрын оқылған алуан түрлі 
курстарға қатысты синтез ретінде айқындалады. 
Курс шеңберінде докторанттар саяси, сонымен бірге сыртқы 
саяси үрдістерге қазіргі саяси зерттеулерде, баға беру мен болжауда 
қолданылатын пәнаралық-ғылыми құралдардың бір тобымен танысады. 
Осыған орай саяси зерттеулерді әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ететін 
негізгі ұғымдардың мән-мағынасы ашылып, байланысты негізгі 
түсініктемелері анықталады, эмпирикалық ақпаратты өңдеудің және 
зерттеудің әр алуан әдістерін қолданудың негізгі тәсілдерін оқытады.
«6D050505 –Аймақтану» мамандығы бағыты бойынша докторанттарды 
дайындау болашақ маман ғылыми зерттеу әдістемесі мен ғылыми әдіснама 
негіздерін білуді талап етеді. «Ғылыми зерттеу әдіснамасы» пәнін меңгеру 
әдіснамалық және ғылыми мәдениеттің, ғылыми тексттерді икемді 
қабылдауға, 
алынған 
білімді 
ғылыми-зерттеу 
жұмысында 
тиімді 
пайдалануды қалыптастыруға ықпал етеді. 
Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар мыналарды білулері тиіс: 
- ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық негізін; 
-ғылыми зерттеу әдіснамасының теориялық негізін; 
-жетекші отандық және шетелдік ғылыми мектептерді, олардың 
аймақтану әдіснамасын қалыптастырудағы үлесін сипаттауды; 


15 
- ғылыми зерттеулердің негізгі әдістер мен әдіснамаларын. 
Мыналарды істей білуі тиіс: 
-қазіргі ғылымның үрдістерін сараптауды, ғылыми зерттеулердің 
болашақ бағыттарын анықтауды; 
- кәсіби қызметте зерттеудің тәжірибелік және эксперименталдық 
әдістерін қолдануды; 
- зерттеу пәнін, мақсатын және міндеттерін анықтауды, зерттеудің 
бағдарламасын дайындауды; 
- ғылыми зерттеу жүргізуде теорияларды, тұжырымдамаларды және 
теориялық тәсілдерді қолдануды; 
- жобалар дайындау, ұйымдастыру және бақылауды. 
Мыналарды меңгеруі тиіс: 

Ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін; 

Өзінің ғылыми әлеуетін дамыту мен жетілдіруді. 
Пререквизиттер: Халықаралық қатынастар жүйесіндіге аймақтардың 
өзекті мәселелері: теориялық және практикалық тәсілдері
Постреквизиттер: Докторлық диссертацияны жазу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет