Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
-
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі және құрылымы
-
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуына түсінік
-
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуын зерттеудің негізгі кезеңдері
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с
3. Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
6. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы,1962
Дәріс №3 Жасөспірімдердің психикасының дамуының өзіндік сипаты
Мақсаты: Жасөспірімдердің психикасының дамуының өзіндік сипаты жайлы түсінік беру.
Жоспары:
-
Жасөспірімдердің психикасының дамуының өзіндік сипаты жайлы түсінік беру.
-
Жасөспірімдердің психикасының дамуы мен сананың өзара байланысы.
-
Жасөспірімдердің психикасының дамуы
Негізгі ұғымдар: психика,даму, іс- әрекет, сана, тұлға.
Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластардаоқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.
Жасөспірім осы сияқты қасиеті қазірде және өткен дәуірлердің жасөспірімдерінде де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері үлкен адамдардың талабына көне кетпейді. Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағылардың көбінесе оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ.
Біз ілгеріде өткен дәуірлерде бала кіші жасынан материалдық игіліктерді өндіруге (мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін ескердік. Қазір де бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй –ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Ал жасөспірім бала кезінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыдан ауысудың себебі сол болып келген психикалық дамудың салдарыан: егер үлкендер жасөспірімді бала деп еесптесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады. Жасөспірімнің өз беттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің қамқорлығына босануға тырысуы баланың бәрінде кездесетін болғаны мен бір қатары күні-түні фантастикалық әдебиеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді.
Сабақтан тыс мезгілде жасөспірім радиотехника электротехникамен танысып едәуір білім алады. Мұнымен қатар бұл жастағылар бойынан әлі де балалық кездесіп тұрады. (мысалы: ұлдар қыздардың шашын тартып мазалауыт.б) бірақ сол жеткіншек таныс емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде ұстауға тырысады.
Әдетте жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны біріншіден бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде бір уақытта кездеспейді). Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрит жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасысыз әуесқойлық» деп түсіндірді.
Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін уақыттың бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әр-түрлі фантастикалық іске ұмтылтырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе ұнамсыз әдеттерден аулақ болады.
Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. өйткені қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы немесе дәулеті мен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың сондай ектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп, оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында терең сыр жатыр.
Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі әдепсіз барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.
Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін – мұғалім.
Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті – оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.
Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы жасөспірімдік кезеңдегі кедергілерден өту жолдары баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі зор. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы дұрыс түсінік қалыптастыру. Жасөспірімдердің адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен таныстыру. Жеткіншектердің танымдық белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың рухани адамгершілік категорияларына көңіл аудару. Жеке тұлғаның «менің» (өзімшілдігін емес ояту). Осы міндеттерді бала бойына дарыту мақсатында оқытудың әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіледі.
1. Интерактивтік әдіс
2. Топтық жұмыс
3. Ой – қозғау әдісі
4. Жобалау әдісі
5. Рөлдік ойындар
6. Шешім қабылдау әдісі
7. Қосымша жұмысты орындау
Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушы өз пікірін айта алатындай, өзін толғандыратын сұрақтың шешімін табуға ұмтылатындай дәрежеге көтеріледі.
Жасөспірімдер іс-әрекеттері мен оқиғаларға, жағдаяттарға кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастарына баға беруге үйренеді.
Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
-
Жасөспірімдердің психикасының дамуының өзіндік сипаты жайлы түсінік беру.
-
Жасөспірімдердің психикасының дамуы мен сананың өзара байланысы.
-
Жасөспірімдердің психикасының дамуы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с
3. Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
6. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы,1962
Дәріс №4 Психологиядағы жасөспірімдердің тәртіп бұзушылығының қазіргі мәселелері
Мақсаты: Психологиядағы жасөспірімдердің тәртіп бұзушылығының қазіргі мәселелері жайлы толық түсінік беру.
Жоспары:
-
Психологиядағы жасөспірімдердің тәртіп бұзушылығының жас кезеңдік ерекшеліктері
-
Отандық психологтардың жас кезеңдерге бөлу сипаттамасы.
-
Жас ерекшелік кезеңдерге бөлуді оқу іс – әрекеті барысында қарастыру.
Негізгі ұғымдар: мектепке дейінгі жас, бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектер, жасөспірімдер, акселерация, ретардант, әлеуметтану,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы»
Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа. Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.
Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекеттерімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
2. Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенінін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
3. Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын төмендегі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын» балаларды беретін отбасылар.
Енді осы факторларды тарата айталық. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың», десе ұлы Абай «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі - ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал атақты физиолог И.Павлов «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» (43.) деп тұжырымдайды.
Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты.
Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды» (49),- деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайрымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына» алады. Олар бұзақылар тобы, нашақорлар, жезөкшелер және тағы басқа әлеуметтік топтар болуы мүмкін.
Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез келген сұрансын мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.
Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінгі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді. Мұндай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.
Үшінші топқа жататан ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл – ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етері даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек мына төмендегідей: Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде анықтап, олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу. Мектеп ұжымының осы мәселеде алаусыз болуы немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының дұрыс жүрмеуі. Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төмен екендігі. Тәрбиесі қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар ұйымдастырылуы. Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі.
Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқышылардың тәртібін әлсіреді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді. Кейбір мұғалімдердің педагогикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады. Көшедегі кездейсоқ топтардың оқушының теріс мінезін қалыптастырудағы қосар үлесі де аз емес. Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың бөліп алып, сол жерлерде билік жүргізілетіні ешкімге де құпия емес. Олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. Себебі отбасында, мектептегі қағидалары мен адами құндылықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық мораль мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен тонаушылық «ерлік» істері. Ендеше қоғамға жат құмар ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысу олардың күнделікті қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан «көше» тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыскерлерге айналады.
Балаң жас психологиясы.
Жеткіншек жасынан, ересек жасына өту – жас өспірімдік шақтың өзіндік өмірге дайындығы депте айтуға болады. Осы кезең бұл жастың дамуындағы әлеуметтік ситуацияны анықтайды. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді.
Өмір әрекетінің дамумен алғашқы жастық жасөспірімдік шақта сандық және сапалық өзгерістер болады. Көбірек ересектік рөл салдарынан өзбеттілік пен жауапкершілік пайда болады. 16 жасты паспорт алады. 18 жасында сайлау құқығы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жасөспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды. Бәрі де мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Жасөспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдық жағынан жоғары сынып оқушысы ата-ананың қамқорлығында болады. Бұл жастың хронологиялық шегі психологияда әртүрлі анықталады. Жоғары сынып жасы 15-18, кеш жастық 18-23 дейін. Әлеуметтік есею міндеттері, әлеуметтік ситуацияның дамуының анықталуы бүкіл жастық шағына тарайды. Жасөспірімдік шақтың аяғында адамның дене процесінің бітімі пісіп жетіледі. Бұл кезеңнің психологиялық мазмұны - өзіндік сананың дамуы, кәсіби өзіндік анықталуы және ересектік өмірге енуімен сипатталады. Танымдық және кәсиби қызығушылықтар қалыптасады, еңбек қажеттілігі, өмір сүру жоспарын құру қабілеттелігі, қоғамдық белсенділігі. Бұл жаста онтогенездегі үлкендерге тәуелділікті жеңіп, жеке өз беттілік пайда болады. Бұл жас кезеңі – адамгершілікті сезіну, идеал, бағалау, дүниетанымы, жеке сананың қалыптасуы. Барлық психикалық процестері тұрақтанады, жеке адам болып қалыптасады.
Жасөспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жасөспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жасөспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жасөспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әртүрлі әлеуметтік және мәдени ортада әркелкі болып өтеді. Жасөспірімдіктің социологиялық теорилары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектің дербестікте жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рөлдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басумен байланысты проблемалаларға назар аударады, яғни индивидтік – психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалародан шығарылады.
Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
-
Психологиядағы жасөспірімдердің тәртіп бұзушылығының жас кезеңдік ерекшеліктері
-
Отандық психологтардың жас кезеңдерге бөлу сипаттамасы.
-
Жас ерекшелік кезеңдерге бөлуді оқу іс – әрекеті барысында қарастыру.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 .Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с
3 .Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы,1962
Дәріс №5 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігі
Мақсаты: Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
Жоспары:
1. Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясы
2. Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлықы
Негізгі ұғымдар: жасөспірімдер, делинквентті, мінез-құлық.
Психологияда қылмысқа барған жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Соның ішінде біз қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлқын қарастырамыз. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімнің делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады. Ол әлеуметтану, медициналық психология және заң салаларында жан-жақты қарастырылады. Мәселен заң саласында қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквенттілігі – бұл кәмелет жасқа толмаған адамдардың қылмыстық кодексті бұзатын мінез-құлқы ретінде қарастырылады.
Делинквенттіліктің әлеуметтік және психологиялық анықтамалары мәнді шамада бір-бірлеріне сәйкес келуі мүмкін, бұл жерде екеуі де заңның анықтамасымен қиылысады. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда, делинквенттіліктің құрамына жол беруге болмайтын жасөспірімдердің әр түрлі, яғни агрессивті мінез-құлқы, қыдырулар, кішігірім ұрлық, немесе есірткі қолдану сияқты әрекеттері енеді. Делинквенттіліктің психологиялық анықтамасының құрамына мінез-құлықтың бұзылуы мен антиқоғамдық мінез-құлықтар кіреді. Мінез-құлықтың бұзылуы – бұл әдетке айналған дұрыс емес қылықтармен сипатталынатын мінез-құлықтық паттерндердің бүтіндей класын белгілеу үшін қолданылатын диагностикалық ұғым. Әдетке айналған дұрыс емес қылықтарға: ұрлық, өрт қою, үйден кету, мектептен қашулар, төбелестер, жануарлар мен адамдарға мейрімсіз қатынас жасау және әдетке айналған өтірік айту сияқты қасиеттер жатады
Осы қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың бірі психолог А.Я. Колодная делинквентті мінез-құлық ерекшелігі бар жасөспірімдерді мынадай үш топқа жіктеген болатын, олар:
1. ата — аналары тарапынан бақылау жасалынбағандықтың нәтижесінде жағымсыз микроортаның әсеріне кез болған, психикалық және физикалық дендері сау жасөспірімдер;
2. жүйке жүйесінде ауытқулары бар, оңай қозатын, жағымсыз әсерлерге оңай берілетін және жанұясы мен мектептен тиісті тәрбие алмаған жасөспірімдер;
3. психикалық жүйке ауруларына шалдықпаған, алайда толығымен дендері сау деп есептеле алмайтын, шекаралық күйдегі жасөспірімдер.
Бұл жердегі қылмысқа барған жасөспірімдердің А.Я. Колодная бойынша ұсынылған жіктелуі өте жалпы болып табылады. Оның классификациясы қылмысқа барған жасөспірімдерге медициналық, медико-педагогикалық және тәрбиелеудің күшпен жасалынатын шараларын қолдану мүмкіндігіне бағдарланған ( егер жауап беруге қабілеттілік шегіндегі психикалық ауытқулары бар адамдар туралы айтылса ). Бұл жерде құқықтық аспект айқын анықталмаған, және қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері ашылмаған.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тағы бір классификациясын жасаған П.П. Бельский болатын. Ол өз кезегінде қылмыс жасаған жасөспірімдердің – антиқоғамдық мінез-құлық мотивациясын негізге ала отырып жіктеуді ұсынған. Ол қылмысқа барған жасөспірімдерді мынадай топтарға бөлген:
1) қарапайым және төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді талпынушы жасөспірімдер;
2) ерік-жігердің және сенгіштіктің әлсіздігінен арбауларға оңай берілетін жасөспірімдер;
3) арманшыл жасөспірімдер;
4) истерияның немесе психопатияның әсерінен әрекет етуші жасөспірімдер;
5) моральдық және ақыл-ойлық дефектілері бар жасөспірімдер.
Осы П.П. Бельскийдің тұжырымдамасын ұстана отырып, Г.Г. Бочкарева қылмыс жасаған жасөспірімдердің үш типін бөліп көрсеткен, олар: «өкінетіндер», «конфликтілі еместер», «циниктер». Автордың бұл жіктеуі айыпты адамның жасаған қылмысын бағалауына негізделген және белгілі-бір шамада оның құндылық бағдарын бейнелейді
Бағыттылықты талдаудың негізінде Г.М. Миньковский қылмыс жасаған жасөспірімдерді төрт топқа бөлген болатын, олар үшін жасағандары: а) кездейсоқ (коллизионды), тұлғаның жалпы бағыттылығына қарама-қайшы болып табылатындар; б) бағыттылықтың тұрақсыздығын ескергенде мүмкін, бірақ қылмыс жасау жағдайы тұрғысынан жағдайлық болып табылатындар; в) тұлғаның жалпы жағымсыз бағдарының нәтижесі болып табылатындар; г) тұлғаның қылмыстық бағдарының нәтижесі (асоциалды бағалаулар мен қатынастар жүйесі) болып табылатындар.
Жасөспірімнің қылмысқа алып баратын жолы әдетте бірнеше өзара байланысты кезеңдерден тұрады, ол тәртіпті қылық – кішігірім қылмыстық әрекет – қылмыс деп бөлінеді. Қылмыс, айтылып өткеніндей, — объективті және субъективті факторлардың күрделі байланысының нәтижесі. Біздің пікіріміз бойынша, олардың мәнін ашу үшін мыналар біршама маңызды болып табылады:
1) антиқоғамдық мінез-құлықтың мотивтерін туғызатын жасөспірімнің әлеуметтенуі және оның тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі процесстеріндегі ауытқуларды талдау;
2) қылмыс жасаған жасөспірімнің тұлғасын қалыптастыратын тұлға аралық байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттеу;
3) жиі жағдайларда жасөспірімге шешуші әсер ететін және тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қирауын, қылмыскер тұлғасының қалыптасу процессін аяқтайтын топтық қылмыстық мінез-құлықтың мазмұнын ашу.
Жасөсіпірімнің қылмыстық жолға түсуі ең алдымен тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамымағандығымен немесе деформациясымен байланысты. Қылмысқа барған жасөспірімдердің дамудағы ауытқулары ең алдымен өнегелі сананың деформациясында көрінеді. Қылмысқа барған жасөспірімдер мен заңды ұстанушылардың құқықтық, өнегелік және моральдық тыйым салулары туралы білімдері жуықтап алғанда бірдей болғанымен, қылмысқа барған жасөспірімдерде оларды түсіну тереңдігі көп төмен болып табылатындығын зерттеулер көрсеткен. Олар сонымен қатар өздерінің және қоршаған адамдардың өнегелік, моральдық қасиеттерін мәнді шамада примитивті бағалайды. Құқық бұзушылар әдетте қарастырылып отырған құбылыстардың мазмұнын ашпастан және жиі жағдайларда олардың түпнегіздік мәндерін түсінбестен ненің «жаман», ненің «жақсы» екендіктерін атаумен ғана шектеледі. Тұлғаның жағымсыз қасиеттерін бағалауда да, оларға танымал адамдарды констатациялауда да қылмысқа барған жаөспірімдерге – әдетте белгілі-бір «үлкендікті» көрсете отырып, біршама реалисттік позицияны ұстану тән. Бұл жерде тікелей әсерінен олардың тұрмыстық саналары қалыптасқан антиқоғамдық мінез-құлықтың белгілі-бір тәжірибесі мен микроортаның жағымсыз әсері білінеді деп болжам жасауға болады. Қылмысқа барған жасөспірімдер өздерінің жеке мінез-құлықтарын – «барлығы осылай жасайды», «бұл үшін жазаламайды», «ойланбастан әрекет етіппін», «барлығы жаман» және т.б. деп біржақты және примитивті бағалап отырады.
Сана бағыттылығының бұрмалануы олардың ұсынылған талаптарды түсінуін қиындататындығы сөзсіз. Өмірдің негативті жақтары, оның ішінде криминалды жоспар қылмысқа барған жасөспірімдердің кейбіреулері үшін жалпы қабылданған моральдық және өнегелі талаптарға қарағанда, біршама таныс және жақын болып келеді. Бұл жерде қоршаған адамдардың мінз-құлықтарын жағымсыз бағалау, негізінен, өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарының кедейлігімен, жұтаңдығымен сәйкестенеді, бұл балалық шақтан бастап спирттік ішімдіктерді қолдануда, ерте жыныстық өмірде, есірткі қабылдауда және т.б. көрінеді
Қылмысқа барған жасөспірімдердің интеллектуалды сұраныстары, әдетте, аса кедей болып келеді. Олар көбінесе бастысы көңіл көтеру сипатындағы қызығушылықтармен алмасады. Бұл жерде осындай қызығушылықтар бірінші орынға шығады. Бұндай жасөспірімдердің қызығушылықтары интеллектуалды және өнегелі примитивизммен ерекшеленеді.
Қылмысты топпен жасау кәмелет жасқа толмаған жасөсіпірімдерге ниеттердің жүзеге асуына сенімділік береді және өздігінен олардың көпшіліктері үшін олар формальды байланыстар мен қатынастар сферасында ала алмаған қауымдастық сезімінің арқасында тартымды болып табылады. Сонымен бірге кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің қылмыстық топқа қатысуы оның қалыпты ұжымнан шеттетілуін күшейтеді. Бұндай позиция ұсталып қалудан және жасалынған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылу мүмкіндігінен қорқудан және шартты түрде күштеп істелінген сипатқа да ие болуы мүмкін. Қалыптасқан қылмыстық топтағы шеңберлік сипаттың болуы жасөспірімнің арнайы ортадағы жеткілікті күрделі жағдайын одан ары тереңдетеді және оның әлеуметтік нашар халін күшейте түседі. Бұл жерде қылмыстық топтан кетудің әдетте басқа қатысушылардың тарапынан мүмкін болатын жазалаудан қорыққандықтан қиын болады, бұл жиі жағдайларда орын алады. Егер жас өспірімде өмірлік жобалар болмаса және ол қайтадан нашар жағдайларда көрінсе, арнайы шаралармен бұзылған жасөспірімнің қылмыстық байланыстары тез арада қайтадан қалпына келуі мүмкін Антиқоғамдық бағытты топпен байланыс және осындай топқа кіру ешқашанда кездейсоқ болмайды. Бұл топ сол топтың әрбір мүшесінің тұлғасының алдын-ала болатын нашар өнегелі қалыптасуларымен дайындалынады.
Қазіргі кезде әсіресе қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық іс-әрекетке тарту психологиясы туралы сұраққа баса назар аударған жөн. Соттық практикалық зерттеулер, қылмыс жасаған жасөспірімдер топтық қылмыстардың 25%-тен астамын үлкендердің қатысуымен, олардың тікелей әсер етуімен жасайтындығын көрсетеді. Кәмелет жасқа толмаған жас өспірімдерді қылмыстық іс-әрекетке тарту бірнеше факторлармен жүзеге асады. Біріншіден, жасөспірімдер өздерінің өзбетінше өмір сүре алатындықтарын дәлелдей отырып, үлкендерге деген табиғи талпынысқа ие болады. Осы үлкендерге тартылу олардың бойындағы құрдастарымен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін еш күрделендірмейді, керісінше оны толықтырып отырады. Жасөспірім өзінің құпия ойларын бөлісетін және әр түрлі өмірлік қиындықтар туындағанда кеңес алатын ұстазды қажет етеді де осының әсерінен қылмыстық іс-әрекетке тартылады. Екіншіден, жас өспірімдер әдетте үлкендерге еліктеуге бейім болып келеді. И.П. Павловтың пікірінше, «еліктеу рефлексінің (үлкендердің мінез-құлықтары мен әрекеттерін механикалық дерлік көшіру) көмегімен біздің барлығымызда да балалық шағымызда күрделі жеке индивидуалды және әлеуметтік мінез-құлқымызды қалыптастырамыз, дейді»
Жасөспірімдер еліктеу объектісінің тек сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі де психологиялық қасиеттеріне еліктейді: мінез, ерік, дүниетаным және т.б. Бұл әсіресе кіші жастағы жасөспірімдерде пайда болады. Ал біршама үлкен жастағы жасөспірімде бірінші орынға бірте-бірте таңдалып алынған идеалға сәйкес өзіндік сана-сезімі мен жетілу элементі пайда болады. Алайда идеал ретінде оған тән деп есептелінген қасиеттерге мүлде ие емес адам алынуы мүмкін, яғни идеал жалған болып шығуы мүмкін. Өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігі, айқын қалыптасқан тәртіптік пайымдаулардың жоқтығы жасөспірімдерде түпнегіздік идеалды таңдап алуды сөзсіз қиындатады. Жасөспірімнің тікелей қарым-қатынас сферасындағы жағымды идеал мүлдем жоқ немесе жалған болғандықтан, ол антиқоғамдықпен алмасуы мүмкін.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің, ол үшін референтті болған қылмыстық топқа жатуы әлеуметтік пайдалы байланыстар мен қатынастардың толығымен ажырауына алып келуі мүмкін. Сөйтіп, қылмыс жасаған жасөспірімдердің қылмыс жасауларының негізгі себептері мыналар: олардың дамуының нашар жағдайлары, жанұя мен қоғамның бақылауынан тыс қалуы, жағымсыз микроортаның, соның ішінде антиқоғамдық мінез-құлық тәжірибесі бар адамдардың белсенді әсері екендігі көрінеді.
Қылмыс жасаған жасөспірімдерде қоғамдық пайдалы еңбекке деген талпынысы антиқоғамдық мазмұнды примитивті, утилитарлы қажеттіліктермен және қызығушылықтармен алмасып кетеді.
Қылмыс жасаған жасөспірімдердің қылмысқа бару себептерін қарастыруда әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасы мәселесі ерекше қатаң мәнге ие. Әлеуметтік құбылыстар сферасындағы себептіліктің үнемі тек объективті ғана емес, сонымен қатар субъективті де сипатқа ие болатындығы мәлім. Бұл қылмыс жасауға да – материалдық өмір, қоғамдық және жеке индивидуалды сана сфераларын қозғайтын себептік тәуелділіктің өзіндік заңдылықтары бар әлеуметтік құбылысқа да қатысты. Объективті түрде бар болып табылатын идеологиялық, моральдық, өнегелік және құқықтық ұстанымдар мен талаптар жеке индивидтің санасында орын алады, меңгеріледі, бағаланады, қабылданады, күшейтіледі немесе жоққа шығарылады.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына әсер ететін шарттар ретінде, жасөспірім тұлғасының нашар өнегелік қалыптасуын, жанұядағы және мектептегі мәдени — тәрбие жұмыстарының кемшіліктерін, қожайын болудың, иелігін қорғаудың басқарулық кемшіліктерін және т.б. айтуға болады. Бұл себептер қылмысқа барған жасөспірімдердің әлеуметтік жағынан шартталғанын көрсетеді. Өсіп келе жатқан тұлғаның мінез-құлқында нормамен қатар ауытқуларды да туындататын биологиялық фактордың да әсері зор болатындығын ұмытпаған жөн.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасауының себебін криминологтар әлеуметтік және биологиялық факторлармен байланыстыра отырып толық және арнайы деп бөліп қарастырады. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасауының толық себебі — қылмыс жасаумен себептік және шарттандырушы байланыста болатын әлеуметтік құбылыстардың бүкіл жиынтығын білдіреді. Ал арнайы себеп (өзіндік себеп) бағынбаушылық дәстүрлерге, эгоизмнің, тәртіпсіздіктің және т.б. әдептері мен салттарына жататын әр түрлі жағымсыз құбылыстармен байланысты себептер. Бұндағы бір ғана объективті жағдай қылмыс жасауға тура алып келмейді.Тек барлық аталған себептердің жиынтығы тұлғаға әсер етудің нәтижесінде ғана қылмыстық әрекет немесе қылмыс жасау әрекеттері мүмкін болады
Достарыңызбен бөлісу: |