Радиоактивті сәулелерден қОРҒану мәселелері



жүктеу 36.76 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі36.76 Kb.
РАДИОАКТИВТІ СӘУЛЕЛЕРДЕН ҚОРҒАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
І. Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды бөлшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық қасиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп биологиялық денелер де, басқа таиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді.

Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Сондай-ақ Күн радиациясының, ғарыштан келетін басқа да бөлшектердің зиянды әсерін білуіміз қажет. Ол үшін изотоптардың сәуле атқылау белсенділігін, сондай-ақ радиацияға душар болған денелердің алған сәулелерінің мөлшер-дозасын нақты білу қажет. Қандай доза шегінде жұмыс істеуге болады, қандай доза денсаулыққа зиян немесе адам өміріне қауіпті деген сұрақтарға да жауап беруіміз керек.



ІІ. Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жұмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек.

Альфа –бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы өтіп кетсе, өте қауіпті.

Бета –бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1-2 см тереңдеп ене алады. Алайда біренеше миллиметр алюминий қаңылытыры оны толық жұтып алады.

Гамма –сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін қорғасынның немесе бетон плиталараынң қалың қабаты пайдаланылады.



Изотоптардың активтілігі (белсенділігі) деп олардың бір секундта ыдыраған ядролардың санын айтады.

Активтіліктің өлшем бірлігіне беккерель(Бк) алынды. Бұл бірлік активтілікті ашқан Беккерельдің құрметіне аталған. Мысалы: қандай да бір заттың 1 с ішінде 504 ядросы ыдыраса, оның активтілігі 504 Бк болады. Ертеректе активтілікті бірлігіне кюри (Ки) алынған елі. 1 Ки =3,7·1010 Бк.

ІІІ. Тірі организм клеткаларының радиациядан алған энергиясы мол болған сайын, олардың биофизикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бұзылуы арта береді.Сондықтан радиацияның организмге беретін энергия мөлшерін бағалай білудің маңызы зор.

Радиацияның организмге беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады. «Күн өтіпті» деген халық диагностикасы мен «сәулелік ауру» деген қазіргі медицина диагностикасы арасында тура байланыс бар. Жаздың ыстық күндерінде білмеген адамға ерсі көрінгенімен, өзбек пен тәжіктің ала шапан киюінде, қырғыз бен түркіменнің ақ киіз қалпағы мен елтірі бөрігін, дала қазағының түйежүн шекпенін тастамуында, халықтың радиациядан қорғануының ғасырлық тәжірибесі жатыр. Күні шуақты елдердегі әйелдердің бетін, денесін бүркеп жүруінің де бір сыры оыснда жатыр.

Шынында да, Күн бетінен келетін радиация біркелкі емес. Алапат қысы, ғаламат температура жағдайында Күн төсінен ыстық плазма оқтын-оқтын буырқана атқылап, жүздеген мың километрге шеп-шып, төңірегіне тарайды. Осындайда өте өтімді күн радиациясынан денені қорғамау денсаулыққа зиян келтіреді.

Дененің бір килограмында жұтылған радиация энергиясының мөлшері жұтылған доза аталады. мұндағы Е – организмде (денеде) жұтылған радияция энергиясы, яғни сәулелену дозасы; м – дененің массасы. Жұтылған дозаның өлшем бірлігіне грей (Гр) алынады:

Бұрын жұтылған доза рад бірлігімен өлшенген:

1 рад = 10-2 Гр.

Қоршаған ортада табиғи радиация (ғарыш сәулесі, радиоактивті элементтердің шығаратын сәулелері) әрқашан болған, бар және бола да бермек. Оны радиацияның табиғи фоны дейді. Ондай фон қоршаған ортадағы барлық денелерде, соның ішінде адамда да бар. Табиғи фонның есебінен бір адам жылына 2 · 10-3 Гр радиация алады.

Радиоизотоптармен жұмыс жасайтын адамдар үшін бір жыл шекті босатылған доза (ШБД) 0,05 Гр-ден аспауы керек. Қысқа уақытта алынған 3-10 Гр адам өміріне аса қауіпті. Елді мекен тұрсындарының бір жыл алатын шекті босатылған дозасы 5 · 10-3 Гр=5 мГр-ден аспуы тиіс.



Практикада сәулелену дозасының бірлігіне рентген (Р) қолданылады. 1 Р= 8,4 · 10-3 Гр=8,4 мГр. Демек, тұрғындар үшін ШБД 0,6 Р; ал изотоптармен жұмыс істейтін ШБД 6 Р шамасында болады. Радиация деңгейін өлшейтін арнайы құралдары дозиметр деп атайды. Олардың жан қалтаға салып жүретін түрлері де бар. Өкінішке орай, ондай дозиметрлер радиоциялық қоқыстардың көптігіне қарамастан, біздің елімізде кең қолданылмай келеді.

ІV. Айналадағы ортаны радиация қалдықтарымен ластау – адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен атомдық электр станцияларын салуда, уран өндіруде, олардан шығатын радиоактивті қалдықтардан сақтануды ескертіп, жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Атом энергиясын қауіпсіз өндіру адамзатқа қойылып отырған үлкен сын, онсыз өркениеттің өрге басуы мүмкін емес. Алайда радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру немесе қауіп келтірместей етіп сақтау адамзат алдындағы ең қүрделі мәселелердіңбіріне айналып отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шешу үшін құлттық деңгейде арнайы радиациялық қауіпсіздік шаралары қабылданып, іске асырылуы керек. Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары салдарынан, радиоактивті бөлшектер жер бетіндегі тіршілік атаулыны бірте – бірте жояды. Міне, сондықтан қоршаған табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға зор жауапкершіліік жүктеледі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет