«6M011000 Физика» мамандығы бойынша



Дата11.06.2016
өлшемі96.05 Kb.
#128312




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ

Физика, механика және кәсіптік оқыту кафедрасы


«Бекітемін»

Математика, физик және информатика

институтының директоры


__________ М.Ж.Бекпатшаев


"___" ____________ 2015 ж.
«6M011000 - Физика» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015




Құрастырушылар:

ф-м.ғ. д., профессор Тлебаев К.Б. _____________

п.ғ.д., профессор Молдабекова М.С. ____________

Физика, механика және кәсіптік оқыту кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі __________ Тлебаев К.Б.

Қабылдау емтиханының бағдарламасы Абай атындағы ҚазҰПУ МФжИИ Ғылыми Кеңесімен мақұлдады: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.



Кіріспе

Магистратурада қабылдау емтиханы абитуриенттердің (ізденушілер) «педагогикалық ғылымдар магистрі» және «білім беру магистрі» академиялық дәрежесін «6M011000 – физика» мамандығы бойынша арнайы даярлаудың педагогикалық ЖОО-да әдеттегі аттесттау түрі болады.

Қабылдау емтиханының мақсаты жалпы тұлғалық мәдениетін, бакалавриат деңгейінде пәндік құзырлығын және келешек магистранттың физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласында ғылыми зерттеу іс-әрекетіне, жалпы орта және ЖОО-да ғылыми-педагогикалық қызметіне дайындығын анықтауға бағытталған.

Емтихан бағдарламасы ізденушінің жалпы және теориялық физиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін білуін және соның негізінде өзінің зерттеулерін ыңғайымен істеуін қалыптастыруды болжайды. Оқыту кредиттік технология мен білім беру бағдарламасы бойынша өтеді, оқу мерзімі 1жыл, 1,5 жыл және 2 жылдан кем болмайды. Лекциялық курстарды жүргізу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, ғылыми-зерттеу институттарының және шет елдегі ЖОО-дан белгілі профессорлар мен мамандар қатыстырылады. Міндетті пәндерден басқа оқушы оқу ісінің көлемін анықтайтын үйлестірілген өлшемі – кредитті пайдалана отырып, жүйелі түрде пәндерді өзінің жоспарлауы мен таңдауы негізінде оқуына мүмкіншілік бар. Магистратурада оқудың икемді құрылымы элективті пәндерді таңдаумен қатар, жалпы білім мен кәсіптік деңгейін көтеруге, демек еңбек нарығында бәсекелестік қабылетін арттыруға мүмкіндік береді.

Магистратураның білім бағдарламасын табысты меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға, оқу мерзімі 1 жыл және 1,5 жыл, «6M011000 – физика» мамандығының «білім беру магистрі» (кәсіби бағыт) және оқу мерзімі 2 жыл, «6M011000 – физика» мамандығы «педагогика ғылымдарының магистрі» (ғылыми және педагогикалық бағыт) академиялық дәрежесі беріледі.

1 Қабылдау емтихан бағдарламасының қысқаша мазмұны


    1. Жалпы физика

Жалпы физика сұрақтары физиканың негізгі принциптері мен заңдарын және олардың математикалық формулаларын, негізгі физикалық құбылыстарды және оларды бақылау әдістері мен эксприменттік зерттеулерін қамтиды. Сондықтан абитуриент физикалық идеяларды дұрыс тұжырымдауды, физикалық есептерді шешуді және физикалық шамалардың реттігін бағалауды білуі керек. Физикалық үлгілер (модельдер) мен болжамдардың қолдану шектері туралы түсінігі болуы қажет.

Жалпы физика бағдарламасы дәстүрлі бөлімдерден құралған: механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және атом ядросының физикасы.



    1. Теориялық физика

Теориялық физика сұрақтары классикалық механика, электродинамика және ЖСТ, кванттық механика бөлімдерінен тұрады. Бағдарламада классикалық механиканың іргелі қағидаларына көңіл бөлінген, ең алдымен негізгі ұғымдар мен заңдарына. Кванттық механика бойынша кванттық заңдылықтарға бағынатын құбылыстардың физикалық табиғаты туралы дәл түсінігі болуы қажет.

    1. Астрономия

Астрономия сұрақтары жұлдыздық аспанның жалпы көрінісінің негізгі ұғымдары мен Әлемдегі кейбір физикалық процестер бойынша түсініктерін талап етеді.

    1. Физиканы оқыту әдістемесі

Физиканы оқыту әдістемесі сұрақтары орта мектепте физиканы оқыту әдістері мен құралдары туралы, дидактикалық материалдың ғылыми-әдістемелік талдауын және оқу физикалық тәжірибе бойынша түсініктерді талап етеді.


  1. Ұсынылған әдебиеттер




  1. Аскарова А.С., Молдабекова М.С. Молекулалық физика: Оқулық. - Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 246 б.

  2. Савельев И.В. Жалпы физика курсы. Том 1 Механика. Молекулалық физика. Том 2 Электр және магнетизм. Алматы, 2004.-508 б., 431 б.

  3. Қадыров Н.Б. Ядролық физика: Оқу қүралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2009.- 204 б.

  4. Жұманов к.Б. Атомдық физика: Оқулық. - Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 369 б.

  5. Қожамқулов Т.А., Жүсіпов М.А., Имамбеков О.И. Кванттық механика: Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 289 б.

  6. Савельев И.В. Основы теоретической физики: Учебник. В 2 томах. - СПб.: Изд-во Лань, 2005.

  7. Румер Ю.Б., Рывкин М.Ш. Термодинамика. Статистическая физика и кинетика: Учебное пособие - Новосибирск: НГУ, 2001.- 608 с.

  8. Базаров И.П. Термодинамика. Учебник для ун-тов.-М.: Высш.шк., 1991.-375 с.

  9. Гинзбург В.Л. Теоретическая физика и астрофизика. М.: Наука, 2001. – 487 с.

  10. Постнов К.А. Лекции по общей астрофизике для физиков. –М.: Изд. МГУ, 2001.

  11. Физическая энциклопедия. В 5-ти томах. - М.: Советская энциклопедия.-1988.


3 Қабылдау емтиханына дайындалу үшін ұсынылған сұрақтар тізімі
3.1 Жалпы физика

Механика





  1. Материялық нүктемен қатты дене кинематикасы. Материялық нүктенің қозғалысын бейнелеу: орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу. Қатты дененің еркіндік дәрежелері. Қатты дененің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысы.

  2. Материялық нүктенің динамикасы. Күштер және әрекеттесу. Силы и Ньютон Заңдары.

  3. Импульс. Законы сохранения Импульс, импульс моментінің сақталу заңы. Толық энергияның сақталуы.

  4. Жұмыс. Деформацияланғандағы пружинаның жұмысы. Қуат. Кинетикалық және потенциалық энергия.

  5. Материялық нүктелер жүйеснің қозғалысы. Масса центрі. Масса центрі қозғалысы туралы теорема.

  6. Инерциалық емес санақ жүйелердегі қозғалыс. Инерция күші. Кориолис күші.

  7. Тербелістер.Өшетін және еріксіз тербелістер. Резонанс.

  8. Ламинарлық және турбуленттік ағыстар. Рейнольдс саны.

  9. Айналмалы қозғалыстағы қатты дененің кинетикалық энергиясы.

Молекулалық физика

  1. Тасымалдау процестері. Тасымалдаудың жалпы теңдеуі. Жылуөткізгіштік, диффузия, тұтқырлық.

  2. Основное уравнение Молекула-кинетикалық теорияның идеал газ үшін негізгі теңдеуі. Идеал газ күйінің теңдеуі.

  3. Молекулалардың жылдамдықтар бойынша үлестірілуі. Молекулалардың жылдамдықтар бойынша үлестірілуіінің Максвелл заңы.

  4. Фазалық ауысулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. .

  5. Термодинамиканың бірінші заңы. Негізгі термодинамикалық процестерді талдауда бірінші заңды қолдану.

  6. Газдардың жылусиымдылығы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың тұрақты көлем мен қысымдағы жылусиымдылығы.

  7. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия. Энтропияның өсу заңы. Клаузиус теңсіздігі. Қайтымсыздықтың статистикалық сипаты.

  8. Газдардың жылусиымдылығы және молекулалардың еркіндік дәрежелер саны. Энергияның тең үлестірілу заңы.

  9. Идеал емес газдар. Күй теңдулері. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Критикалық күй. Ван-дер- Ваальстің келтірілген теңдеуі.

  10. Критикалық нүкте. Заттың үш фазасының тепе-теңдігі, үштік нүкте.

Электр және магнетизм

  1. Тұрақты токтың заңдары. Кирхгоф ережелері.

  2. Тұрақты токтың магнит өрісі. Био-Савара-Лаплас заңы.

  3. Металдар мен шалаөткізгіштердің электрөткізгіштігінің электрондық теориясының негіздері.

  4. Пьезокристалдар мен сегнетоэлектриктер.

  5. Металдардағы электрондар. Ферми беті. Электрондық газдың диа – және парамагниттік қасиеттері.

  6. Металдар мен шалаөткізгіштердегі термоэлектрлік құбылыстар. Холл эффекті.

  7. Магнит өрісі. Магнит өрісінің кернеулігі. Түзу токтың магнит өрісі.

  8. Система уравнений Максвелл теңдеулер жүйесі және жеке теңдеулердің физикалық мағынасы.

  9. Ом және и Джоуль- Ленц заңының дифференциалдық түрі..

  10. Электромагниттік индукцияі заңы, дифференциалдық тұжырымы.

  11. Электр және магнит өрістеріндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы.

  12. Плазма. Табиғаттағы заттың плазмалық күйі. Плазманың негізгі қасиеттері. Плазмадағы электр өрісі.


Оптика


  1. Жарықтың электромагниттік табиғаты. Жарықтың таралу жылдамдығы. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдығы.

  2. Жарықтың толық ішкі шағылуы.

  3. Жарықтың интерференциясы. Жұқа қабаттардағы (пленка ) интерференция.

  4. Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор.

  5. Жылулық сәулелену. Жылулық сәулелену заңдары. Абсолютті қара дене. Кирхгоф заңы.

  6. Жарықтың кванттық табиғаты. Фотондар.Фотоэффект. Эйнштейн формуласы.

  7. Рентген сәулелері. Толқындар ұзындығының диапазоны, затпен әрекеттесуі, медицинада қолдануы.

  8. Дисперсия. Жарықтың жұтылуы және шашырауы.

  9. Стефан-Больцман заңы. Винның ығысу заңы.

  10. Қозғалыстағы ортадағы жарықтың таралуы. Доплер эффекті.


Атомдық және атом ядросының физикасы


  1. Атомның құрылысы, жалпы сипаттамасы. Резерфорд тәжірибелері.

  2. Бор атомының моделі. Бор постулаттары.

  3. Корпускула-толқындық дуализм. Де-Бройль толқындары. Бөлшектер дифракциясы.

  4. Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы.

  5. Зееман эффекті.

  6. Молекулалар құрылысы. Молекулалық спектрлер.

  7. Атом ядроларының протон-нейтрон құрамы. Атом ядроларының размері және массасы. Ядролық күштер.


3.2 Теориялық физика
Классикалық механика. Электродинамика және ЖСТ. Кванттық механика


  1. Кеңістік және уақыт симметриясының қасиеттері және сақталу заңдары.

  2. Арнайы салыстырмалық теорияның негіздері.

  3. Масса мен энергияның өзара байланысы.

  4. Лоренц түрлендірулері.

  5. Лоренц түрлендірулерінің салдары: бірмезгілдіктің салыстырмалылығы, уақыттың баяулауы, қозғалыстағы денелердің бойлық өлшемдерінің қысқаруы.

  6. Кванттық механиканың физикалық негіздері.

  7. Шредингер теңдеуі. Пси-функцияның мағынасы.

  8. Стационар күйлер үшін Шредингер теңдеуі.

  9. Еркін бөлшек үшін Шредингер теңдеуі.

  10. Атомның электрондық конфигурациясы.

  11. β – ыдырау және К –қармау реакциялары.

  12. Комптон эффекті. Комптон эффектін қолдану.

  13. Асқынөткізгіштік. Жөғарғы температурадағы асқынөткізгіштік.

  14. Спин. Элементар бөлшектер спиндері.

  15. Бөлшектер теңбе-теңдігі. Бірдей бөлшектердің байқалмайтындылық принципі.

  16. Идеал газдың кванттық статистикасы. Ферми – газ.


3.3 Астрономия


  1. Космология. Бақылаушы космологияның негізгі мәселелері.

  2. Әлемнің кеңеюі. Хаббл заңы.

  3. Табиғаттағы химиялық элементтердің көп таралғандығы.

  4. Жұлдыздардың негізгі сипаттамалары.

  5. Қара құрдымдар, олардың ерекшеліктері және бақылаулары.


3.4 Физиканы оқыту әдістемесі


  1. Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі негіздері. Оқыту принциптері. Оқыту әдістерінің классификациясы, мәні және мазмұны.

  2. Оқыту түрлері. Оқыту құралдары. Физика бойынша сабақты ұйымдастыру. Сабақ құрылымының іртүрлігі. Сабаққа қойылатын талаптар.

  3. Қазіргі орта метептің даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдәстемесінің мәселелері мен проблемалары.

  4. Физикадағы пәнаралық байланыстардың әдістемелік және дидактикалықмаңызы.

  5. Физика сабақтарындағы демонстрациялық эксперимент.

  6. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыс, түрі және әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет