«6М050200 – Саясаттану»


Тоталитарлы режимнің теориясы мен саяси тәжірибесі



бет7/11
Дата30.03.2023
өлшемі80.07 Kb.
#471406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
6M050200 Политология каз (1)

5. Тоталитарлы режимнің теориясы мен саяси тәжірибесі
Тоталитаризм тарихи және саяси құбылыс ретінде. Тоталитарлық режимнің идеялық ағымдары, пайда болу себептері және негізгі белгілері. Тоталитаризмнің түрлері. «Солшыл» және «оншыл» тоталитаризм, олардың әлеуметтік базасы. Тоталитарлық режимдердің легитимділік пен тиімділік тұрғысынан сипаттамасы. Тоталитарлық қоғамдағы ұлы мақсаттардың тағдыры және рөлі.
6. Қазіргі заманғы авторитаризм. Дәстүрлі абсолютті монархиялар, олигархиялық және әскери режим
Авторитарлы саяси режим, оның ерекшеліктері. Авторитарлы және тоталитарлы режимнің негізгі айырмашылықтары. Қазіргі әлемде авторитаризмді сақтау және оның орнын толтыру себептері. Бюрократиялық авторитаризм, оның қозғаушы күштері. Олигархиялық және әскери режимдер.
7. Демократияның тарихи тағдырлары. ХХІ ғасырдағы саяси дамудың демократиялық сценарилері
Демократия ұғымы. Антикалық дәуірден қазіргі уақытқа дейін демократиялық басқарудың теориялары мен модельдері. Қоғамның демократиялық құрылысының әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси алғы шарттары. Демократиялық қағидалар, тәртіптер және критерилер. Халық билігінің институттары мен құндылықтары. Қоғамдық өмірдің демократиялық ұйымдасуы, «адам құқығы» атты демократиялық модель. Қазіргі демократияның жалпы ерекшеліктері, олардың құндылықтары мен кемшіліктері. Демократияның модельдері.
8. Халықтық (тайпалық) жүйелер
Тайпалық жүйенің мысалы ретінде Африкада қоғам сан, пигмеи, тив, ибо, кикуйю, Австралияда аборигендер және индейцтер, Азияда дунсян, Солтүстік Америкада эскимостар мен индейцтер Оңтүстік Америкада индейцтер және сирионо. Отбасы халықтық жүйенің негізгі түйіні ретінде. Аңшылар мен жинаушылар қоғамы. Аз өнімді егін шаруашылықпен аграрлы жүйелер жаңаша тирихта. Халықтық жүйелер шешімді қабылдау барысында теңдікке, бірлікке және келісімділікке негізделген «алғашқы қауымдағы табиғи демократия» ретінде.
9. Бюрократиялық авторитарлы жүйелер
Бюрократиялық авторитарлы жүйе саяси жүйе типтерінің бірі ретінде. Бюрократиялық авторитарлы жүйелердің тіршілік ету және таралу факторлары. Аграрлы және индустриаландырылған жүйелердің негізгі белгілері. Бюрократиялық мемлекет: даму тарихы және әлеуметтік жаңару бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет