Істей білу керек: өзінің кәсіби ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметін, сондай-ақ ұжымның қызметін жобалау мен жүзеге асыруды, өзінің кәсіби және ғылыми қызметінің нәтижелерін болжауды; оның нәтижелерін бақылау мен объективті бағалауды; кәсіби және ғылыми шешімдер үшін өзіне жауапкершілікті алуды; бірлескен ғылыми қызмет жүргізуді; өзінің одан арғы кәсіби дамуын жоспарлауды; қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалана отырып, жаңа білім алуды; жеке басылық және кәсіби деформацияға қарсы тұруды; өзін-өзі дамыту, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бейімделу тәсілдерін пайдалануды.
Дағдылана болу керек: ғылыми ізденісті жоспарлау мен ұйымдастыру, стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешу, ғылыми және сыни ойлау, шешендік өнер, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және қисынды жеткізу, іздеудің компьютерлік әдістерін пайдалану, ақпараттар мен креативті шешімдерді сақтау мен өндеу, қызметтің кәсіби және жеке басы тәжірибесінің өзектілігін арттыру; саяси ғылымдарды оқыту мен студенттерде танымдық үрдістерді белсендету дағдысының болуы керек.
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың нақты түрлері бағдарламада берілген тақырыптардан өзгеше түрде болуы мүмкін.
Пәннің аты «TP 1203 Саясат теориясы»
Саясат, саясат теориясының зерттеу нысаны ретінде. Саясат теориясының пәні, ғылыми аппараты және әдістемесі.
Саясат түсінігі. Саясат табиғатын, көлемін және мазмұнын анықтау амалдарының әралуандығы. Саясат қоғамдық қатынастар мен адам қызметінің саласы ретінде. Саясаттағы мақсат және құралдар. Ішкі және сыртқы саясат. Экономика және саясат. Әлеуметтік саясат, оның мәні және бағыттары. Мәдениет пен білім беру саласындағы саясат. Дін және саясат. Саясаттың гуманитарлық сипаты.
Саясат теориясының нысаны мен пәні. Саяси ғылымның мультипарадигмалдылығы. Саясат теориясының категориялары, ұғымы, әдістері және қызметтері. Теоретикалық және қолданбалы саясаттанудың арақатынасы. Әлеуметтік-гуманитарлы білімдер жүйесіндегі саясаттанудың орны. Тұлғаның демократиялық саяси мәдениетін қалыптастыруда саясат теориясын оқытудың маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |