«6М060700 биология»



Дата17.06.2016
өлшемі194.5 Kb.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«6М060700 - БИОЛОГИЯ»

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Емтихан тақырыптарының тізімі
Пән: «Құрылымдық ботаника»

  1. Ботаника және оның салалары. Ботаниканың дамуы. Өсімдіктердің эволюциялық морфологиясы және онтогенетикалық дамуы. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер.

  2. Өсімдіктер клеткаларының негізгі құрылымдық белгілері.

  3. Ұлпалар туралы жалпы түсінік және ұлпалардың классификациясы. Түзуші ұлпалар. Меристемалар және оның туындылары. Жабынды ұлпалар. Фотосинтездеуші ұлпалар. Қор жинаушы ұлпалар. Сорушы ұлпалар: ризодерма, веламен. Паразит өсімдіктердің гаусториялары, гидропоттар. Заттардың өтуін реттейтін ұлпалар: эндодерма, экзодерма. Секреторлы немесе шығарушы ұлпалар. Архаулық ұлпалар, олардың түрлері. Өсімдіктер денесінде архаулық ұлпалардың орналасуы.

  4. Өткізгіш шоқтар түрлері және құрамы. Тұқымның типтері. Ұрық және тұқым туралы түсінік. Жерасты және жер үсті өніп, көктеп шығу.Тамыр және тамыр жүйелері.Тамырдың қызметі, құрамы. Өркен және өркен системасы.

  5. Бүршік және оның типтері. Өркеннің меристемалық төбесінің құрылысы. Жапырақтың шығу тегі туралы түсінік. Жапырақтың орналасуы және оның заңдылықтары. Жапырақтың морфологиялық жіктелуі. Жапырақтың анатомиясы. Сабақтың морфологиясы. Сабақ және тамырдың салыстырмалы алғашқы құрылысы. Сабақтың алғашқы құрылысының күрделенуінің эволюциясы немесе Стела теориясы. Өркеннің бутақтануы. Сабақтың анатомиялық соңғы құрылысы. Дара жарнақтылар сабағының құрылысы. Бүршіктерден өркендердің дамуы.

  6. Гүлшоғыры туралы жалпы түсінік және олардың типтері. Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі. Өсімдіктердің көбеюі және жаңа ұрпақтан пайда болуы туралы жалпы түсінік. Мүктердің ұрпақ шығару циклдары. Папоратниктің ұрпақ шығару циклдары.

  7. Тозаңдану. Ұрықтану - қосарлана ұрықтану. Гүлдің құрылысы, қызыметі және шығу тегі. Гүлдің морфологиясы. Жемістердің морфологиясы. Апомиксис. Жемістер туралы жалпы түсінік. Жай, күрделі және біріккен жемістер. Нағыз және жалған жемістер. Құрғақ және шырынды жемістер.

  8. Өсімдіктердің экологиялық типтері. Өсімдіктердің тіршілік формалары. Өсімдіктердің жасына қарай өзгеруі. Өсімдіктердің мерзімге қарай өзгеруі.

Пән: «Өсімдіктер систематикасы»

9. «Ботаника», оның биологиялық пәндердің арасында алатын орны. Систематиканың тәсілдері. Прокариоттар. Дробянкалар және көк-жасыл балдырлар бөлімдері. Көбеюі. Таралуы, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Балдырлар. Жасыл, хара, эвгленалы, диатомды, қоңыр және қызыл балдырлар бөлімдері. Жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Көбеюі. Балдырлардың практикалық маңызы.

10. Саңырауқұлақтар бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Оомицеттер, зигомицеттер, аскомицеттер (қалталылар), базидиомицеттер, дейтеромицеттер (жетілмеген саңырауқұлақтар) кластары. Жалпы сипаттамасы. Негізгі өкілдері. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. Қыналар бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Негізгі өкілдері. Маңызы.

11. Риниофиттер, мүктәрізділер, плаунтәрізділер, қырықбуынтәрізділер, папоротниктәрізділер бөлімдері. Жалпы сипаттамасы. Даму циклы. Кластарға бөлінуі. Маңызы, өкілдері.

12. Ашық тұқымдылар бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Кластарға бөлінуі. Маңызы.

13. Гүлді өсімдіктер немесе жабық тұқымдылар бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Даму циклы. Магнолиопсидтер немесе қосжарнақтылар класы. Жалпы сипаттамасы. Магнолиялар, тұңғиықтар немесе нимфалар, сарғалдақтар, көкнәрлер, қалампырлар, алабұталар, крестгүлділер, раушандар, бұршақтар, алқалар, сабынкөкгүлділер, күрделігүлділер тұқымдастары. Жалпы сипаттамасы. Негізгі өкілдері. Маңызы. Лилиопсидтер (немесе даражарнақтылар) класы. Кластың жалпы сипаттамасы. Лалагүлділер, құртқашаштар, астық тұқымдастары. Жалпы сипаттамасы. Негізгі өкілдері. Маңызы.


Пән: «Зоология»

14. Зоологияның даму тарихы, негізгі даму кезеңдері және бағыттары. Пәннің маңызы мен міндеттері. Омыртқасыз жануарлардың систематикасы. Клеткалық деңгейдегі жәндіктердің систематикасы мен жалпы сипаттамасы. Паренхиматозды және алғашқы қуысты құрттар. Жалпақ құрттардың кластарына сипаттама. Жұмыр құрттар типінің системасы мен сипаттамасы. Буылтық құрттар типі, сипаттамасы, көбеюі мен дамуы, алуантүрлілігі, биологиясы, таралуы, маңызы. Буынаяқтылар типі. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Моллюскалар типін сипаттайтын құрылысының ерекшеліктері.

15. Хордалылар типінің шығу тегі, сипаттамасы, систематикасы. Омыртқалыларды Анамния және Амниота тобына бөлудің морфофизиологиялық негіздері. Дөңгелекауыздылар мен Шеміршекті балықтардың (акулалар мен скаттар) жалпы сипаттамасы мен систематикасы. Сүйекті балықтардың (қалаққанаттылар мен сәулеқанаттылар) жалпы сипаттамасы мен систематикасы. Қосмекенділердің (Құйрықсыздар, Құйрықты және Аяқсыздар) жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Тасбақалар, Крокодилдер мен Қабыршақты рептилиялардың жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Жүзгіш, Жүгіргіш және Ұшқыш құстардың жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Жұмыртқасалушылар, Қалталылар және Плаценталы сүтқоректілердің жалпы құрылымы, биология мен систематикасы.
Пән: «Цитология және гистология»

16. Клетка теориясының негізгі қағидалары. Клетканы зерттеу әдістері. Жарық және электрондық мироскоппен зерттеу әдістері. Тірі және бекітілген клеткаларды зерттеу әдістері. Клетка компоненттерін зерттеудің иммунохимиялық әдістері туралы жалпы түсінік беру. Организмде клеткадан басқа клеткалық құрылымдары жоқ клетка туындыларына (симпласт, синцитий, клеткааралық заттар) түсінік беру.

17. Гольджи аппаратының құрылысы және қызметі, оның синтездегі, сегрегациядағы, жетілудегі, секрет шығарудағы және клеткаға басқа заттарды өткізудегі рөлі. Лизосомдардың құрылысы, қызметі, класификациясы, олардың клеткаішілік асқорытудағы және фагоцитоздағы рөлі. Митохондрияның құрылысы: мембраналары, кристалары, матриксы. Оның синтездегі және АТФ жинақтаудағы рөлі. Клеткадағы АТФ-ң синтезделу жолдары: анаэробты гликолиз және тотығу-тотықсыздану процестері. Бактериялардағы митохондрияның қызметін атқаратын туындылар. Пластидтер – классификациясы, құрылысы, химиялық құрамы. Фотосинтездегі пластидтердің рөлі. Митохондрия мен пластидтердің шығу тегі.

18. Гистология – жануарлар организмдерін түзетін ұлпалардың құрылысын, дамуын, тіршілігін зерттейтін ғылым. Барлық көпклеткалы жануарлардың әртүрлі мүшелерін түзетін 4 негізгі ұлпалардың түрін ажыратамыз: эпителий, ішкі орта ұлпалары, бұлшықет және нерв. Осы ұлпалардың түрлері организм мен қоршаған орта арасындағы өзара барлық қажетті қызметтерді жүзеге асырады: шекаралық, ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау, қабылдау, тарату, тітіркенуді талдау, жиырылу.


Пән: «Адам анатомиясы»

19. Тірек-қимыл аппараты, оның компоненттері туралы түсінік. Қаңқа және оның қызметі. Сүйек мүше ретінде. Сүйек ұлпасы және сүйек заты. Сүйектердің классификациясы. Сүйектердің химиялық құрамы және қасиеті. Сүйектердің байланысу түрлері. Буындардың құрылысы. Буындардың классификациясы. Бас сүйектің ми сауыты және бет бөлімдерінің құрылысы. Өстік қаңқа жәнееркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері. Бұлшықет ұлпасы. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ерекшеліктері. Қаңқа бұлшықеттері – локомоторлы аппараттың белсенді компоненті. Қаңқа бұлшықеттерінің пішіні. Бұлшықет мүше ретінде. Тұлғаның, бастың, мойынның, қол-аяқтың негізгі бұлшықеттері.

20. Асқорыту жүйесі: түтікті мүшелер және бездер. Ауыз қуысы мүшелерінің қуысы: еріндер, тіл, қызыл иек, тістер, жұмсақ және қатты таңдай. Жұтқыншақ, құрылысының ерекшеліктері, бөліктері. Өңеш: қабырғасының құрылысы, бөліктері. Қарынның құрылысы, бөліктері, құрылымдық ерекшеліктері. Жіңішке ішек және оның бөлімдері. Жіңішке ішек қабырғасының құрылысы. Жуан ішек, оның бөлімдері, қабырғасының құрылысының ерекшеліктері, гаустралар, крипталар. Сілекей бездерінің құрылысы, секреция түрлері, секретінің құрамы. Қарынасты безінің құрылысы, оның бөліктері, беткі беті. Қарынасты безінің асқорыту бөлімінің құрылысы. Бауырдың құрылысы: беткі беті, шеті, бөліктері. Бауырдың классикалық бөліктерінің құрылысы. Қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері, құрылымдық-қызметтік бірлігі. Тыныс алу жүйесі. Ауа өткізгіш жолдар және меншікті тыныс алу бөлімі. Мұрын қуысының, мұрынжұтқыншақ бөлімінің құрылысы; көмейдің құрылысының ерекшеліктері. Дыбыс шығару аппараты туралы түсінік. Кеңірдектің және негізгі бронхтардың құрылысы. Кеңірдек тармақтары, оның компоненттері. Өкпенің құрылысы; құрылымдық-қызметтік бірлігі. Зәр шығару жүйесі: зәр түзуші және зәр шығарушы құрылымдар. Бүйректің құрылысы: қыртысты және милы заттары. Нефрон – бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі. Несепағардың, қуықтың, несеп шығару каналдарының құрылысы. Жыныс жүйесі. Аталық жыныс мүшелері. Аталық жыныс безінің құрылысы. Сперматогенді эпителийдің құрылымы: аталық жыныс клеткаларының түрлері, сперматогенездің кезеңдері. Ен қосалқысы. Шәует шығарушы жолдар. Шәует көпіршіктерінің құрылысы. Қуықасты безі. Аналық жыныс мүшелері. Аналық бездің құрылысы: қыртысты және милы заттары. Фоллиулалардың құрылысы, түрлері. Оогенездің кезеңдері, аналық жыныс клеткаларының түрлері. Жатыр түтігі және жатыр.

21. Тамырлар жүйесі, оның компоненттері. Қантамырлар жүйесі. Артериялар және веналар. Олардың организмде таралу заңдылықтары. Микроциркуляторлы арна, оның компоненттері, капиллярлардың түрлері. Жүрек, оның бөліктері, беттері, қабықшалары. Жүректің, камералардың, клапандардың қабырғаларының қабаттары. Жүрек бұлшықетінің ерекшелігі. Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүректің тамырлары. Қанайналым шеңберлері. Лимфа жүйесі: оның компоненттері, веноздық жүйемен байланысы; лимфокапиллярлардың, тамырлардың, коллекторлардың құрылысының ерекшеліктері. Көкірек түтігі және оң жақ лимфа түтігі. Қан жасаушы және иммуногенез мүшелерінің ерекшеліктері. Орталық және шет мүшелер. Қызыл сүйек майының, тимустың құрылысы. Көкбауырдың макроморфологиясы, ақ және қызыл жұмсағы. Лимфа түйіндерінің құрылысы, оның беті беті, қыртысты және милы заттары, түйіндердің синустары, лимфоидты фолликулалар. Бадамшаларда лимфоидты ұлпаның жинақталуы. Асқорыту, тыныс алу, несеп шығару жүйелерінің құрамындағы шырышты-лимфоидты құрылымдар туралы түсінік.

22. Эндокринді жүйенің ерекшеліктері. Ішкі секреция бездерінің классификациясы. Орталық және шет мүшелер. Гипоталамо-гипофизарлы жүйе. Гипофиздің, эпифиздің, қалқанша бездің, қалқан маңы безінің құрылысы, бөліктері, құрылымы, қызметі. Бүйрек үсті бездері, қарынасты және жыныс бездерінің эндокринді бөлігі. Параганглилер туралы түсінік.

23. Жүйке ұлпасы туралы түсінік. Нейрондардың құрылысы. Нейрондардың түрлері. Миелинді және миелинсіз талшықтар туралы түсінік. Сұр және ақ заттары. Жүйке туралы түсінік. Жүйке жүйесінің бөлімдерге жіктелуі. Жұлынның құрылысы. Соматикалық рефлекторлы доғаның құрылысы. Бас ми. Бас мидың сопақша, артқы және ортаңғы бөлімдерінің негізгі құрылымдары, олардың қызметі. Аралық ми, оның бөліктері және қызметі. Соңғы ми, бөліктері. Әрбір бөлімнің сұр және ақ заттары. Шет жүйке жүйесі, компоненттері. Жұлыннан таралатын жүйкелер, тармақтары, жүйкелендіру аймақтары. Бас ми жүйкелері, табиғаты, жүйкелендіру аймақтары. Вегетативті жүйке жүйесі. Симпатикалық бөлім. Парасимпатикалық бөлім.

24. Сезім мүшелері туралы түсінік. Көру мүшесінің құрылысы. Көз алмасы. Қабықшалары және ядросы. Көз жас аппараты. Көз алмасының бұлшықеттері. Есту мүшесі. Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ туралы түсінік. Ұлудың құрылысы. Корти мүшесінің құрылысы. Жартылай қаналшалар мен кіреберістің құрылысы. Тепе-теңдікті сақтау мүшесі. Дәм сезу мүшесі. Иіс сезу мүшесі. Тері сенсорлық жүйе.
Пән: «Генетика»

25. Генетика пәні туралы түсінік және генетикада қолданылатын әдістер. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы түсінік. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің тірі ұйымның әртүрлі: молекулалық, клеткалық, организмдік және популяциялық деңгейлерінде көрінуі. Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Клетканың бөлінуі және өзін-өзі өндіруі.

26. Митоз. Митоздық цикл және митоздың фазалары. Кариотип. Гибридологиялық әдіс. Моногибридтік және полигибридтік будандастырулар. Моногибридтік будандастыруда Мендель ашқан тұқымқуалау заңдылықтары. “Гаметалар тазалығы” заңы. Талдаушы будандастырудың маңызы. Аллелизм. Көптік аллелизм. Аллельді гендердің өзара әсері: толық және толық емес доминанттылық, коодоминанттылық. Ажыраулардың статистикалық сипаты. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі: комплементарлық, эпистаз, полимерия. Гендер-модификаторлар. Гендердің плейотроптық әсері. Пенетранттылық және экспрессивтілік.

27. Жыныс хромосомалары, гомо- және гетерогаметалы жыныс. Жынысты анықтаудың хромосомалық теориясы. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқымқуалауы. Жыныспен тіркескен белгілерді зерттеу үшін реципрокты шағылыстырулардың маңызы. Жыныс хромосомалары ажырамаған кездегі тұқымқуалау. Хромосомалардың бірінші және екінші ажырамауы. Жынысты анықтаудың баланстық теориясы. Интерсекстер. Гинандроморфизм. Тіркесе тұқым қуалау құбылысының ашылуы. Тіркесу топтары. Тіркесе тұқымқуалаудың цитологиялық негіздері. Кроссинговердің генетикалық дәлелдері. Хромосомалардың жекелеген және көптеген айқасулары. Интерференция және коинциденция. Гендердің хромосомаларда линиялық орналасуы. Геннің орналасу орнын табу (локализация). Мейоздық және митоздық кроссинговер. Кроссинговерге әсер етуші факторлар.

28. Мутациялық өзгергіштік. Генеративті және соматикалық мутациялар. Гендік мутациялар. Хромосомалық қайтақұрылулар. Хромосома ішілік және хромосомааралық қайтақұрылулар: делециялар, дупликациялар, дефишенсилер, инверсиялар, транслокациялар, транспозициялар. Геномдық мутациялар. Полиплоидия. Автополиплоидия. Аллополиплоидия. Популяция және оның генетикалық құрылымы. Харди-Вайнберг заңы, оның қолдану мүмкіндігі. Адам генетикасын зерттеудің әдістері. Тұқым қуалайтын аурулар. Хромосомалық және гендік аурулар. Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулардың шығу себептері. Селекцияның ғылым екендігі. Селекцияда қолданылатын әдістер. Селекцияда бастапқы материал туралы ілім. Тұқым, сорт, штамм туралы түсінік.
Пән: «Молекулалық биология»

29. Молекулалық биология пәні. Биология ғылымы саласында молекулалық биология пәнінің рөлі және оның алатын орны. Белоктар. Белок компоненттері және олардағы химиялық байланыстар. Белоктардың пішіні және көлемі. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ. Олардың жалпы сипаттамасы. Нуклеин қышқылдарының құрылымы. Пуринді және пиримидинді негіздер. Көмірсулы компоненттер. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы. Әр түрлі организмдердегі ДНҚ-ның нуклеотидтік құрамы. ДНҚ-ның макромолекулярлы құрылымы. ДНҚ-ның қосспиралды құрылымының биологиялық маңызы. ДНҚ-ның В-, А- және Z-формалары. Сақиналы және суперспиральды ДНҚ молекуласы. ДНҚ денатурациясы және ренатурациясы. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ). РНҚ-ның құрылымы және қасиеттері: ақпараттық, рибосомдық және тасымалдаушы РНҚ. ДНҚ-ның нуклеотидтік тізбегін анықтау. Максам-Гильберт әдісі, Сенгер әдісі. Тұқым қуалаудағы ДНҚ-ның рөлі. Генетикалық ақпараттың өзін-өзі өндіруі. Комплементарлық принцип және оның биологиялық рөлі.

30. ДНҚ репликациясы. Репликацияның негізгі принциптері. ДНҚ репликациясының жартылай консервативтілігі механизмінің тәжірибелік дәлелдемесі. Мезельсон және Сталь тәжірибесі. Сақиналы ДНҚ репликациясы. Эукариот және прокариот репликациясының ерекшеліктері. Репликация инициациясы. Репликативті айырым, оның құрылымы және қызметі. Бір бағытты және екі бағытты репликация. Репликация энзимологиясы. ДНҚ-полимераза. Эукариоттардағы ДНҚ полимеразаның жіктелуі және қызметі. ДНҚ-лигаза. ДНҚ-топоизомераза. Топоизимераза –ІІ. ДНҚ байланыстырушы белоктар олардың сипаттамасы және қызметі. Оказаки фрагменттері. Репликондар. Транскрипцияның инициациясы, элонгациясы және терминациясы. Промоторлы аймақ. ТАТА-тізбек (Прибнов-бокс). Транскрипцияның белоктық факторлары. Транскрипция терминаторы. Алғашқы транскриптер процессингі. тРНҚ және рРНҚ процессингі. Эукариоттарда мРНҚ-ның жетілуі және процессинг (сплайсинг). Жетілген мРНҚ-ның құрылымы. Моно– полицистронды мРНҚ. Сплайсинг механизмдері және оның түрлері.

31. Генетикалық код. Оның негізгі қасиеттері. Кодон құрылымы. Белок биосинтезі. Трансляция аппараты. Транспорттық РНҚ. тРНҚ-ның бірінші, екінші және үшінші реттік құрылымы. Антикодон. Аминоацил тРНҚ-синтетаза құрылымы. Про- және эукариоттардағы рибосома құрылымы. рРНҚ-ның процессингі. мРНҚ-ның процессингі. мРНҚ-ның прокариоттардағы трансляциясы, этаптары және оның механизмдері, реттелуі. Бактериялардағы трансляция процесінің иницияциясы және оның этаптары. Трансляция элонгациясы. Элонгацияның белоктық факторлары. Трансляция процесінің терминациясы.

32. ДНҚ репарациясы. Репарация типтері. Мутациялық бұзылыстардың коррекциясы. Фоторективация. Эксцизионды репарация. Рекомбинациялық репарация. SOS-репарация. Клетканың генетикалық аппаратының тұрақтылығының сақталуындағы ДНҚ репарациясының рөлі.
Пән: «Биохимия»

33. Белоктар. Организмдердің тіршілігіндегі белоктардың маңызы. Белоктардың құрылысы, олардың атқаратын қызметі (функциялары) және қасиеттері. Амин қышқылдары. Жіктелуі, құрылысы, қасиеттері, стереохимиясы, амфотерлігі. Белоктың кеңістік құрылымы. Жіктелүі. Қарапайым және күрделі белоктар, олардың сипаттамасы. Изоэлектрлік нүктелері.

34. Нуклеин қышқылдары. Пурин және пири-мидин негіздері. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. Полинуклеотидтер. Дезоксирибо (ДНҚ) және рибонуклеин (РНҚ) қышқылдары. Чаргафф ережесі. ДНК құрылымы және синтезі. РНКнің жіктелуі: информациялық (матрицалық), рибосомдық, транспорттық. Олардың биологиялық қызметтері, кеңістік құрылымы. Белок биосинтезі. АТФ және АДФ жүйелері, олардың зат алмасудағы ролі.

35. Ферменттер. Химиялық табиғаты, құрылысы, физикахимиялық қасиеттері, жіктелуі. Қарапайым және күрделі ферменттер. Холофермент. Апофермент. Активті орталық. Аллостериялық ферменттер. Коферменттер: құрылысы, жіктелуі. Фермент әсерінің механизмі. Фермент активтілігі. Ферменттік активтілігіне температура мен ортаның қышқылдығының (рН) әсері. Тежеүіштер (ингибиторлар). Бәсекелес және бәсекелес емес тежеүіштер. Ферменнтің жіктелуі.

36. Витаминдер. Витаминдердің жалпы сипаттамасы, жіктелуі және витамин тәріздес заттар. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз. Витамин тәрізді заттардың маңызы. Антивитаминдер.

37. Гормондар. Гормондар, құрылы-мы, қасиеттері, орга-низмдегі биологиялық қызметі, топтастыруы.

38. Көмірсулар. Фотосинтез. Көмірсулардың анықтамасы, қызметі мен жіктелуі. Моносахаридтер, құрылысы, қасиеттері, стереохимиясы, конформациясы. Мутаротация. Негізгі өкілдерінің табиғатта таралуы.

39. Олигосахаридтер. Дисахаридтер: тотықсыздандыра-тын және тотықсыздандырмайтын. Инверсия. Негізгі өкілдерінің табиғатта таралуы. Рафиноза. Стахиоза.

40. Полисахаридтер. Крахмал: амилоза мен амилопектин. Гиалурон қышқылы. Гепарин. Гликоген. Целлюлоза. Пектин заттары. Көмірсулардың алмасуы. Гликолиз.

41. Липидтер. Липидтердің қызметтері, жіктелуі. Жоғары май қышқылдары. Фосфолипидтер. Сфинголипидтер. Гликолипидтер. Балауыздар. Терпендер. Стероидтер. Простогландиндер.


Пән: «Адам және жануарлар физиологиясы»

42. Физиология пәні және әдістері. Физиологиялық жүйелер мен функциялар ұғымын түсіну. Функцияның реттелу жүйесі. Нерв жүйесінің физиологиясы: басқарудың жалпы принциптері, онтогенез және филогенездің дамуы; соматикалық (перифериялық және орталық) және вегетативті (автономды) нерв жүйесі. Сенсорлық жүйенің физиологиясы: рецепция принциптері және сенсорлық ақпараттың өңделуі. Бұлшық ет жүйесінің физиологиясы. Қан, клетка аралық сұйықтық, лимфа. Қан айналу физиологиясы. Тыныс алу, ас қорыту, бөліп шығару жүйелерінің физиологиясы.Репродуктивті функциялар. Зат алмасу және энергияның реттелуі. Функцияның гормонды реттелуі.



Пән: «Өсімдіктер физиологиясы»

43. Өсімдіктер физиологиясы пән аралық ғылым. Өсімдіктер физиологиясы пәнінің әдістері. Өсімдік клетканың физиологиясы. Өсімдік клетканың ерекшеліктері. Өсімдік клетканың құрылысы. Органоидтардың құрылысы мен қызметтері. Мембрандық құрылымдар. Су алмасу физиологиясы. Фотосинтез. Фотосинтездің жарық сатысы. Айналымды және айналмалы элетрондардың тасмалдануы. Фотофосфорлану. Митчеллдің хемиосмотық теориясы. Фотосинтездің қараңғы сатысы. Кальвин циклә. Фермент рибулозобисфосфаткарбоксилаза/оксигеназа (Rubisco). Фототыныс алу. Фотосинтездің С4-жолы. ЖОҚМ-метаболизмнің ерекшеліктері. Тыныс алу. Тыныс алу субстраттың тотығу жолдары. Гликолиз. Кребс циклі. Гликолиздік жолдың энергетикалық шығымы. Митохондриядағы электронтасмалдаушы тізбек. Пентозофосфатты жолб оның энергетикалыө шығымы. Глиоксилатты жол, оның ерекшелігі.

44. Тотығу фосфорлану. АТФ-синтаза. Өсімдіктердің минералдық қоректенуі. Азоттың ассимиляция жолдары. Органогендер. Макроэлементтер. Микроэлементтер. Қсімдік клетканың онтогенезі. Митоз. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің даму кезеңдері. Қосарынан ұрықтану. Флоральды импульс. Морфогенез. Өсімдіктердің гормондық реттелуі. Өсімдіктердің қимыл-қозғалыстары. Өсімдіктердің стресс жағадайларының әсері. Селье теориясы. Өсімдіктердің биотикалық және абиотикалық стресстерге қарсы төзімділік механизмдері.
Пән: «Биофизика»

45. Клеткалар мен тұтас ағза биофизикасының негізгі қағидаларына; биологиялық заңдар мен құбылыстар негізінде жатқан негізгі физикалық заңдардға; термодинамиканың бірінші және екінші бастамаларына; Гесс заңына, Пригожин және Э.Бауэр принциптеріне; биоэлектрлік және фотобиологиялық процестердің механизмдеріне; радиобиология негіздерін және сәулелік зақымдарға; биологиялық ырғақтарды генерациялау механизмдеріне; биожүйелердің электрөткізгіштік принциптеріне; зерттеулердің негізгі биофизикалық әдістеріне түсінік беру.


Пән: «Жеке даму биологиясы»

46. Эмбриология тарихы. Преформизм и эпигенез. Гаметалардың морфологиясы және физиологиясы. Изо- және гетерогамия. Әр түрлі жануарлар топтарындағы гоноциттердің пайда болуы. Жұмыртқа клеткасындағы сарыуыздың маңызы, сарыуыздың мөлшеріне және орналасуына қарай жұмыртқалардың классификациясы. Жұмыртқа клеткасының қабықшалары және оның классификациясы. Сперматогенз кезеңдері. Мейоздың маңызы. Аталық жыныс безінің құрылысы. Сүтқоректілердің жыныстық циклы және оның көбею шарттарымен байланысы. Аналық жыныс жүйесі мүшелерінің құрылысы.

47. Оогенездің кезеңдері. Сары дене. Оның пайда болуы мен маңызы. Сырттай және іштей ұрықтандыру. Адам мен жануарларды қолдан ұрықтандырудың қазіргі әдістері. Жануарлардың жыныс циклын жасанды реттеу әдістері.

48. Ұрықтану және оның биологиялық маңызы. Гаметалардың дистантты және контактты өзара байланыстары. Табиғи және жасанды партогенез, оның теориялық және практикалық маңызы. Моно- және полиспермия. Бөлшектену процесіне жалпы сипатама. Бөлшектенудің биологиялық маңызы. Ооплазмалық сегрегация. Бөлшектенудің типтері және оның жұмыртқа клеткасының құрылысына байланыстылығы. Бластуляция және оның биологиялық маңызы. Бластула түрлері. Бөлшектену және бластуляция кезеңдеріндегі клетка циклының ерекшеліктері. Даму кезіндегі ядро мен цитоплазманың рөлі.

49. Гаструляция механизмдері мен жолдары. Бластопор және оның маңызы. Мезодерманың пайда болу жолдары. Презумптивті мүшелердің картасы. Ұрық жапырақшалары теориясының негізгі қағидалары. Компетенция, эмбрионалдық индукция туралы түсінік. Эксперименттік дәлелдемелер. Детерминация, цитодифференцировка, морфогенез түсініктеріне жалпы сипаттама.

50. Клетка дифференцировкасының молекулалық негізі. Спецификалық белоктардың синтезі. Клетка дифференциациясындағы белок синтезінің транскрипциялық және посттранскрипциялық реттелу деңгейі. Клетка дифференциациясының морфогенетикалық факторлары. Қартаю кезеңіне жалпы сипаттама.




  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиеттер:

  1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы, Алматы 2001, 280 бет.

  2. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М., 1987.

  3. Аметов А.А. Ботаника, Алматы 2000, 511 бет.

  4. Современная ботаника. М., 1990.

  5. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений М., 2000, 528 с.

  6. Әметов Ә., Мырзақұлов П.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Бірінші бөлім. (Архегониялы өсімдіктер). Алматы. «Қазақ университеті», 2000 ж 250 б.

  7. Әметов Ә. Ботаника. Алматы, «Дәуір» баспасы. 2005, 511 б.

  8. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы, 1972, 247 б.

  1. Дәуітбаева К. Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. ҚР жоғары оку орындарының қауымдастығы. Алматы, 2004.1 кітап, 2005 2 кітап

  1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. "Высшая школа" М., 1986.

  2. Олжабекова К.Б., Есжанов Б. Омыртқалылар зоологиясы. 1,2-бөлім. Алматы, 2007.

  3. Жұмалиев М.Қ., Бәйімбет Ә.А. Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі. 1- бөлім (Хордалылар). Алматы, 2005.

  4. Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 2-бөлім (Амфибиялар, Рептилиялар). Алматы, 2005.

  5. Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 3-бөлім (Құстар). Алматы, 2006.

  6. Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөлім (Сүтқоректілер). Алматы, 2007.

  7. Гистология. Оқулық / Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина, Е.Ф.Котовский и др.; - М.: Медицина, 2001.

  8. Ченцов Ю.С. Общая цитология. Оқулық. М.,МГУ, 1995. 384 с.

  9. Шубникова Е.А. Функциональная морфология тканей. оқу құралы. М., Изд-во МГУ, 1981.

  10. Белоусов Л.В. Введение в общую эмбриологию. М.,МГУ, 1980.

  11. Токин Б.П. Общая эмбриология. М., изд-во «Высшая школа», 1987.

  12. Нуртазин С.Т., Всеволодов Э.Б. Биология индивидуального развития. Алматы, изд-во «Қазақ университеті», 2005.

  13. Нуртазин С.Т. Эмбриология животных. Алматы, изд-во «Қазақ университеті», 1999.

  14. Рақышев А. “Адам анатомиясы” Т.1-2, Алматы, “Білім”, 1995, 2004.

  15. Керимбеков Е. Адам анатомиясы. І,ІІ бөлімдері. Алматы, 1992.

  16. Сапин, М.Р.. Анатомия человека.- М., 2008

  17. Жимулев С.Г. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск. Изд-во Сиб. АН. 2002.

  18. Бакай А.В., И.И. Кочиш, Г.Г. Скрипниченко. Генетика. М., Колос, 2007.

  19. Бочков А.Н. Клиническая генетика. М., Колос, 2007.

  20. Максимов Г.В., Степанов В.И., Василенко В.Н.. Сборник задач по генетике. Под ред. М.В. Супотницкого. Москва. «ВУЗовская книга. 2001.

  21. 12.Берсімбаев Р.І., Мұқамбетжанов К.Қ. Генетика. Алматы: Қазақ университеті. 2002. 1-бөлім.

  22. 13.Берсімбаев Р.І., Мұқамбетжанов К.Қ.. Жалпы және молекулалық генетика. Алматы: Қазақ университеті. 2005. 2-бөлім.

  23. Қалекенов Ж.Ө. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 2004. 456 бет.

  24. Алехина Н.А., Балнокин Ю.В., Гавриленко В.Ф. «Физиология растений». Под ред. И.П.Ермакова. М.: 2007 г. 640 с.

  25. Полевой В.В. «Физиология растений». М.:Высш. Шк., 1989. 464 с.

  26. Якушкина Н.И. «Физиология растений». М.: Гуманитар. изд. Центр ВЛАДОС, 2005. 463 с.

  27. Чиркова Т.В. «Физиологические основы устойчивости растений».Учебное пособие. – СПб.: Изд-во С.-Петерб. Ун-та, 2002. – 244с.

  28. Жатқанбаев Ж.. Фотосинтез.- Алматы, 1987 

  29. Кенесарина Н.А.. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері.- Алматы, 1988 

  30. Комов В.П., Шведова В.Н. Биохимия; Учебник для вузов. ,М. Дрофа,, 2004. 638 с.

  31. Березин И.В., Савин Ю.В.. Основы биохимии. 1990. Т. 1.

  32. Анисимов А.А.и др. Основы биохимии. Москва. Высшая школа, 1986.

  33. Физиология человека. Учебник / в двух томах. Под ред. В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. М.: Медицина, 2001.

  34. Физиология человека. Курс лекций в 2-х книгах: Учебник. / Под ред. Л.З.Тель, Н.А.Агаджаняна. Алма-Ата: Казахстан, 1992.

  35. Основы физиологии человека. Учебник / в двух томах. Под ред. Б.И.Ткаченко. СПб., 1994.

  36. Общий курс физиологии человека и животных. /в двух томах. Под ред. А.Д.Ноздрачева. - М.: Высшая школа, 2007.

  37. Физиология человека / Под ред. Г.И.Косицкого. - М.: Медицина, 1985.

  38. Агаджанян Н.А., Власова И.Г., Ермакова Н.В., Торшин В.И. Основы физиологии человека. Учебник. М.: РУДН, 2000.

  39. Төлеуханов С. Биофизика: оқу құралы. – А.: Қазақ университеті, 2011.

  40. Арызханов Б.С. Биологиялық физика. Алматы: Қайнар, 1990

  41. Ремизов В.Н.. Медицинская биофизика. М.: Высшая школа, 2005

  42. Рубин А.Б. Биофизика (1 и 2 книги). М.: Высшая школа, 2004


Қосымша әдебиеттер:

  1. Губанов Г.И., Утепбергенов А.А. Медицинская биофизика М.: Медицина, 1978

  2. Инюшин В.М. Конспект лекций по общей биофизике. Алматы.:КазГУ, 1994

  3. Антонов В.Ф. и др. Биофизика.М.: ГИЦ «ВЛАДОС», 2002

  4. Основы физиологии человека. Учебник / в двух томах. Под ред. Б.И.Ткаченко. СПб., 1994.

  5. Общий курс физиологии человека и животных. /в двух томах. Под ред. А.Д.Ноздрачева. - М.: Высшая школа, 2007.

  6. Физиология человека / Под ред. Г.И.Косицкого. - М.: Медицина, 1985.

  7. Силыбаева Б.М., Байғана Ж.К., Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Семей, 2010, 587 б.

  8. Еленевский А.Г.,Соловьева М.П., Тихомиров В.Н. Ботаника. Систематика высших, или наземных растений. М.Академия., 2006. 464 с.

  9. Паршина Г.Н., Нестерова С.Г. Биоразнообразие растений. Алматы. 2006. 316 с.

  10. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника: Систематика растений: Учебник. М. 1975. 608 с.

  11. Курс низших растений /Под ред. М.В. Горленко/. М.1981. 520 с.

  12. Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн С. Современная ботаника. В 2-х т. Т.1 / Пер. с англ. — М. 1990. 344с.

Каталог: content -> files -> pages -> folder9724
folder9724 -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> «6М060100-Математика»
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6М011400-Тарих»
folder9724 -> «6М020800 археология и этнология»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Аймақтану кіріспесі» пәні
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> Бағдарламасы Алматы, 2012 Емтихан тақырыптары: «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
folder9724 -> Программа вступительного экзамена по специальности для поступающих в магистратуру по специальности


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет