6В01504 «химия» мамандығы педагогикалық ТӘжірибе есебі хим -20-1 тобының күндізгі бөлімінде білім алушы



бет7/12
Дата09.03.2024
өлшемі3.32 Mb.
#494786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Отчет Асель Алланиязова

10.10.2023ж. - 16.10.2023ж. күндері аралығында 9 «Ә» , 9 «А» , 9 «Г» , 9 « Д» сыныптарына «Қайтымды және қайтымсыз реакциялар» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім.
Алдымен оқушылармен амандасып, тақырыпты ,сабақтың мақсатын айтып өттім. Кейін оқушылардың реакция ұғымы жайлы ойларын сұрадым. Күнделікті өмірдегі айналамыздағы болып жатқан, біз байқамайтын реакциялардан мысалдар келтіріп өттім.
Қайтымды реакция – әрекеттесуші жүйеде қарама-қарсы екі бағытта өтетін, жылдамдықтары тең, химиялық тепе-теңдік күйдегі реакция.
Мысалы:

  • 3H2+N2 → 2NH3;

  • H22 →2HІ;

Реакцияның қайтымды немесе қайтымсыз екендігін анықтау үшін тепе-теңдікке жеткен жүйенің құрамына сапалық талдау жасайды. Егер жүйеден өнімдермен қатар бастапқы реагенттер де табылатын болса, онда реакцияның қайтымды болғаны. Қайтымды реакция соңына дейін, яғни, реагенттер түгел таусылатындай жағдайға жетіп үлгермейді.



Сурет-9. Оқушыларға арналған тақырып бойынша тапсырма


Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін тексеріп, оқушыларды бағаладым. Үй жұмысын беріп сабағымды аяқтадым.


17.10.2023ж. - 20.10.2023ж. күндері аралығында 10 «А» ,10 «Ә», 10 «Д» сыныптарына «Металдық байланыс» тақырыбы бойынша сабақтар өткіздім. Алдымен амандасып, оқушыларға сабақты түсіндіріп өттім.
Металдық байланыс деп электрстатикалық тартылу нәтижесінде металл иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты айтады.
Металл атомының электрондық құрылысына назар аударатын болсақ, сыртқы қабатындағы электрондардың саны салыстырмалы түрде көп екенін көреміз. Оның үстіне сыртықы электрондары атом ядросына әлсіз тартылатындықтан металдырадың иондану энергиясы төмен болады. Сондықтан металл атомдары бір бірімен қосылғанда сыртқы электрондары атомнанбөлініп бос электрон газын түзеді. Пайда болған металл иондары кристал тордың оң зарядты металл иондарымен берік тартылып тұрады. Металл атомдарының осылай байланысуын металдық байланыс деп атайды.
Металдық байланыс бір қарағанда ковалентті байланысқа ұқсас, екеуі де электрондар түзеді. Бірақ ковалентті байланыс тек кей атом арасында жұп электрон арқылы пайда болса, металдық байланыста ортақ электрон газы металл атомдарының бәрін бірдей берік ұстайды. Сондықтан ковалентті байланыс арқылы түзілген заттар жұмсақ, иілгіш, созылғыш болып келеді. Металлдардың барлық қасиеттері осы металдық байланыстың ерекшелігімен түсіндіріледі.
Сабақ толық түсіндіріліп өткеннен кейін, оқушыларға тақтадағы артқы бетінде сұрақтары бар нөмірленген стикерлерді таңдату арқылы жауаптарын алып, бағалап шықтым.



Сурет-10. Оқушыларға арналаған нөмірленген стикерлер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет