6В01506 -информатика


Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері



бет5/7
Дата03.01.2022
өлшемі50.26 Kb.
#451960
1   2   3   4   5   6   7
1Тапсырмаа

Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері.

Жалпы психологияның теориялық және практикалық зерттеу әдістерінің негізгілері жас ерекшелігі психологиясына да тән. Олардың негізгісі –бақылау әдісі мен эксперимент.

Бақылау –таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттерінің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттау. Бұл әдісті бұрын ұйымдастырған жағдайда адамның іс-әрекеті, қылығы туралы объективті мәліметтер алуға болады. Бақылаушы зерттеушінің өзінің тіршілік әрекетін өзін табиғи түрде ұстайды. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңде –ойын үстінде, мектеп оқушысын –сабақ барысында, ересек адамды –мамандық іс-әрекетінде т.б. бақылай отырып, психолог сол адамның айтқан сөздері, қылықтары, іс-әрекеті туралы мәлімет алады.

Сонымен қатар бақылау даму үстіндегі адамның психологиясын жүйелі талдауға мүмкіндік туағызады, сондықтан бұл бақылау әдісінің құндылығы болып табылады. Бақылау әдісі арқылы алынған фактілер өте бағалы. Психолог В.Штерн өз қыздарының дамуы барысын бақылау нәтижесінде сөздің даму жайында екі томдық зерттеуін дайындап шығарған. Ал, 1925 жылы Ленинградта Н.М.Щелованованың басқаруымен балалардың қалыпты даму клиникасы құрылды. Ол жерде баланы күніне 24 сағат бойы бақылаған. Айтарлықтай, сол клиникада бала өмірінің алғашқы жылын сипаттайтын негізгі фактілер ашылған. Жалпыға мәлім Ж.Пиаже өзінің үш баласын бақылау негізінде интеллектінің сенсомоторлы даму концепциясын жасаған. Д.Б.Эльконин мен Т.В.Драгуновқа бір сыныпты ұзақ уақыт (Үш жыл бойына) бақылау нәтижесінде жеткіншек шақтың психологиялық сипаттамасын беруге мүмкіндік берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет