6В01506 -информатика


Жас ерекшелігі психологиясының пәні



бет2/7
Дата03.01.2022
өлшемі50.26 Kb.
#451960
1   2   3   4   5   6   7
1Тапсырмаа

Жас ерекшелігі психологиясының пәні –адамның өмір сүру барысындағы психикасы мен іс-әрекетінің өзгеруінің заңдылықтары мен тенденциялары. Жас ерекшелігі психологиясының орталық ғылыми категориясы –психикалық даму.

Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі. Адамның дамуы тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп көрсетуге болады.

  1. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (мінез-құлқы, қызығушылығы, бағыттылығы, санасы, т.б) дамуы;

  2. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;

  3. Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы.

Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады, ал біріккен күйде Психикалық даму деп аталатын жекен адамның өзгеріс процесін құрайды.

Ғалымдардың зерттеулеріне негізделе отырып, даму өзгерістері мынадай сипатта болуы мүмкін деп, тұжырымдауға болады:



  • Сандық және сапалы;

  • Үздіксіз дискретті;

  • Универсиалды (Әмбебап), жеке;

  • Қайтымды, қайтымсыз;

  • Мақсатқа бағытталған және бағытталмаған;

  • Жекеленген, интеграцияланған;

  • Прогрессивті (Революциялық) және регриссивті (Инволюциялық).

Деседе, даму алдымен сапалық өзгерумен сипатталады. Атақты психолог-ғалымдар Х.Вернер, Л.С.Выготский және т.б дамудың негізгі себептерін сипаттады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы; Дифференциалды түрде өзгерудің арқасында дамудың жаңа элементтерінің пайда болуы.

Сапалы өзгерістер «Өсу шегі», «Жетілу», «Толық жетілу» ұғымдарымен тығыз байланысты. Олардың мазмұнына келетін болсақ, өсу шегі дегеніміз –объектінің ұзындығы, биіктігі, салмағы бойынша өлшенетін сыыртқы белгіленетін өзгеру процесі. Өсу шегі (Рост)-дамудың сандық сипаттамасы.



Жетілу –биологиялық даму ауқымындағы морфологиялық өзгеріс. Жетілу процесіне мидың, жүйке жүйесінің, бұлшық ет жүйесінің, эндокриндық бездердің дамуы жатады.

Толық жетілу –нақты берілген идеалды мақсатқа бағытталуымен сипатталатын өзгеріс.

Сонымен, психиканың дамуы деп психикалық процестердің сандық, сапалық және құрылымдық өзгерістерінің уақытқа байланысты заңды өзгерісін айтуға болады.

Адам психикасының дамуын толығырақ ұғыну үшін төмендегі ұғымдарды білу қажет;


  1. Филогенез –өмірдің пайда болуы, организм түрлерінің туындауы, олардың барлық биологиялық эволюциясының, яғни қарапайымдылардан бастап жалпы адамдардың дамуы.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет