7 -тақырып Адам философиясы және құндылықтар әлемі

бет4/7
Дата19.05.2022
өлшемі1.24 Mb.
#457942
1   2   3   4   5   6   7
7 -Тақырып (копия)

Тарихта материалистік көзқарастың қалыптасуы адамның қоғамдық өмірде алатын орнын түсінуді шын мәнінде ғылыми деңгейге көтереді. Адам бұрынғыша рухани, денелік, әлеуметтік, табиғи болып бөлшектеніп, біржақты немесе таза абстрактілі түрде қаралмай, тұтас тұлға ретінде, нақтылы – тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болады. Адамның табиғи әлеуметтік мәні, қоғамдағы рөлі мен орны жөніндегі оның ондаған мың жылдар ішіндегі тарихи алға басу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі сатыларының сипаттарымен тығыз байланысты.

Құндылық

Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. 

Ол қашанда әлдекімнің (немесе әлдененің) бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім (немесе әлдене) үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді.
Дүние құндылыққа толы – материалды (заттар, әшекей бұйымдар, алтын мен асыл тастар, ақша, меншік және т.б.), табиғи (күннің атуы мен батуы, теңіздер мен таулар, гүлдер және т.б.), көркем (әдебиет пен өнер туындылары) және адами (сұлулығы мен ізгі қасиеттері) құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. 

Құндылықтар кімдерге тән?

Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Құндылықтар адамның әлеуметтік болмысына тартылған, адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет