Құндылықтардың түрлері: - Алайда құндыны қарапайым бағалыдан, қажеттіден, тиімдіден, пайдалыдан ажырата да білу керек. Барлық тірі және шынайы сүйікті нәрселер құрал бола алмайды. Әдетте материалдық игілік пен тұтынушылық нарықты, еңбек өнімі мен тауар айырбасының нәрсесін білдіретін қарапайым құндылықтар экономикалық құндылықтар болып табылады.
- Айырбасқа көнбейтін, орны толмайтын жоғары құндылықтар да болады, әдетте оларды «баға жетпес» деп жатады. Бұл тұрғыдан алғанда олар қасиеттілік ұғымына жақындайды. Діндар адамдар үшін барынша қастер тұтып, қадірленетін құндылықтар бұл – діни құндылықтар. Құндылықтар әлемі шексіз десе де болады, тіпті жаратылыстың өзі біз үшін танымдық, философиялық және эстетикалық тұрғыдан құнды болып саналады.
- Діни құндылықтар Құдайға сенуге негізделеді және әрбір дін адамның Жаратушымен рухани-практикалық байланысын анықтап қана қоймай, оның жалпы қоғамдағы және тұтас әлемдегі орнын реттейді. Жоғары діни құндылықтар адамдардың өмірінің мәні мен қамын айқындайды. «Құндылықтық фактор» Құдай идеясының өзінде болады, өйткені құндылықтық басымдылықтардың мазмұны мен мәртебесі Жаратушының өзінен туындайды. Көптеген діни жүйелерде этикалық, яғни моральдық-адамгершілік қасиеттердің эталоны Құдайдың аты мен затынан, сипаттарынан алынады, содан әрбір діни ағым құндылықтық императивтерді, парыздар мен тыйымдарды қалыптастырады.
Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық – пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады. Батыстық философияның тарихында бірқатар аксиологиялық теориялар белгілі: натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи), - Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық – пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады. Батыстық философияның тарихында бірқатар аксиологиялық теориялар белгілі: натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи),
- трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт),
- персоналды онтологизм (Шелер, Гартман),
- мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей),
- социологизм (Вебер, Парсонс, Толкотт). Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған XIX ғасырдағы неміс ойшылы Фридрих Ницшенің «балғамен шеге қаққандай» етіп жазған атақты «Билікке деген ерік» атты трактатында «құндылықтарды қайта бағалау» қажеттігін афористік тұрғыда негіздегенінен кейін кең қолданысқа түсті. Сөйтіп батыс еуропалық философияның негізгі тақырыбының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |