Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырмалар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
Орын. уақыты
|
Балл
|
1-4
|
7.1.4.1 Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
|
Көп таңдауы бар сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 187 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты поэзиялық шығарманы 2 рет тыңдайды. (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім өлеңді өзі 2 рет оқып береді).
Білім алушылар өлеңді тыңдау барысында әдеби мәтіннің мазмұны мен идеясына негізделген екі тест тапсырмасын орындап, төрт нұсқаның ішінен дұрыс 1 жауапты белгілейді. Екінші тапсырмада сан есімдерді тауып сөзбен жазса, үшінші тапсырмада ақпараттардың шын, жалғанын анықтайды Білім алушылардың мәтін идеясын түсінгені бағаланады.
|
8
|
5
|
5-8
|
7.3.6.1 Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу
|
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 161сөзден тұратын мәтінді оқиды.
Мәтін бойынша сөздердің синонимдерін табады.
Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін сұрақ – жауап арқылы бағалайды.
|
12
|
5
|
9
|
7.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
7.5.1.1 Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар берілген тақырыпқа эссе жазады. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді. Көмекші есімдерді орынды қолданады.
|
20
|
10
|
10
|
7.2.2.1 Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жұпта орындалады. Білім алушылар үш тақырыптың бірін таңдап, кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш формаларында 2 минут диалогке түседі (әр оқушы 8-10 сөйлем айту керек).
Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдануын бағалайды.
|
Тыңдалым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)
|
10
|
|