7 демократия туралы жалпы түсінік «Демократия»



бет5/8
Дата18.05.2022
өлшемі29.11 Kb.
#457088
1   2   3   4   5   6   7   8
лекция 7

Әлеуметтік салада:

  1. Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;

  2. Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;

  3. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздікпен қорғалуы;

  4. Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;

  5. Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;

  6. Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу.

Қазіргі кездегі демократиялық қозғалыстар.
Қазіргі уақытта мынадай демократиялық қозғалыстар бар:

    1. Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі;

    2. Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар;

    3. Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар;

    4. Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес;

    5. Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы;

    6. Жер мәселесі және әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы;

    7. Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.

Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру.
Саяси жүйені демократияландырудың мынадай негізгі бағыттары бар:
- Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін - өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мемлекеттердің өкілеттік бастамаларын дамыту;
- Барлық әлеуметтк топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру;
- Жеке адамның жан – жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастық процестерін жүргізу;
- Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шығарылуына қарсы тосқауыл жасау;
- Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау;
- Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет