7 демократия туралы жалпы түсінік «Демократия»


Демократияның антикалық, классикалық теориялары



бет2/8
Дата18.05.2022
өлшемі29.11 Kb.
#457088
1   2   3   4   5   6   7   8
лекция 7

Демократияның антикалық, классикалық теориялары.
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда «халық кеңесі» жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с.
Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Қалық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорқытты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны «бесжүздік» деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар «халық соты» жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырады. Афиналық демократия Периклдің (б.з.д. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінеді.
Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда «халықтық мінбе» жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешілігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның «Шумпетерлік» теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:

  1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болуы тиіс;

  2. саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек;

  3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек;

  4. Демократиялық өзін - өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет