7 дәріс. Электролиз және металдардың коррозиясы



бет3/3
Дата24.09.2022
өлшемі32.06 Kb.
#461272
1   2   3
лекция 7

Ортаның құрамын өзгерту. Металдардан жасалған заттардың коррозиялануын суда немесе тұздарда еріген оттегі тездетеді, сондықтан олардың құрамындағы оттегіні азайту керек. Қышқылмен жанасатын металдардың коррозиясын баяулату үшін оларға ингибиторлар деп аталатын заттар қосады. Ингибитор қосылған қышқыл металға әсер етпейді, бірақ оның оксидтерін, карбонаттарын жақсы ерітеді.
Қорғаныш жабындары. Егер сыртқы жабынды металл белсенді болып, ал қорғалатын металдың белсенділігі төмен болса, онда коррозия кезінде сыртқы металл анод қызметін атқарады, сондықтан мұндай қаптауды анодтық жабын дейді. Бір металды басқа бір белсенділігі төмен металмен қаптауды қатодтық жабын дейді.
Электрохимиялық қорғау. Бұл әдіспен металдан жасалған бұйымды коррозиядан қорғау үшін оны тұрақты тоқ көзінің катодымен жалғайды. Осының нәтижесінде қорғалатын заттың өзі катод қызметін атқарады, анодпен жалғанған металл кесектері бүлінеді, ал катод - қорғалатын металл сақталып қалады.
Коррозияға төзімді құймалар қолдану. Коррозияға төзімді құймаларды басқа металдардың немесе бейметалдардың белгілі бір мөлшерін қосу арқылы дайындайды.
Легирлеу – құйманың құрамына металдың пассивациясын қоздыру үшін компоненттерді енгізеді (CrNiW және т.б.). Нәтижесінде құйманы коррозиядан қорғайтын реакция өнімдері түзіледі.
Протекторлық қорғау – металды электрохимиялық жолмен қорғау. Ол үшін арнаулы анод қолданылады – ол коррозиядан қорғалатын металға қарағанда потенциалы төмендеу металдан жасалады. Сонда протектор қорғалатын металмен байланыстырғанда, анодтың ролін орындайды, ал қорғалатын металл – катод болады.
Көптен келе жатқан және арзан әдіс – металдарды лактау және сырлау арқылы коррозиядан қорғау. Сонымен бірге металдарды эмальдармен, битуммен, резеңкемен, каучукпен қаптау арқылы коррозиядан қорғау кеңінен қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет