7 класс. №1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка)бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу



бет16/37
Дата22.10.2022
өлшемі3.77 Mb.
#463284
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
зертханалық жинақ дайын

I₂ , А

U₁ , В

U₂ , В

R₁ , Ом

R₂ , Ом

Rж , Ом

Rж , Ом

1,05

1,05

2,2

2,4

2,1

2,3

4,38

4,4

Қорытынды:Тізбектей жалғауда ток күштері бірдей. Жалпы кернеу әрбір өткізгіштегі кернеудің қосындысына тең. Жалпы кедергі әр өткізгіштің кедергісінің қосындысына тең.


Параллель жалғау






  1. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар(196 – сурет).

  2. V₁ , V₂ вольтметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.

  3. А₁ , А₂ , А ( I₁ , I₂ , Iж ) амперметрлерінің көрсетулерін ж азыңдар.

  4. Iж=I₁ + I₂ есептеңдер.

  5. Бөліктің жалпы кедергісін Rж=  ;  +  формулалары бойынша есептеңдер.

  6. Өлшеулердің нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

I₁, А

I₂, А

Iж, А

U₁, В

U₂, В

R₁,
Ом

R₂,
Ом

Rж ,
Ом

Rж,
Ом

1,4

1,6

3,0

4,6

4,6

3,3

2,9

1,5

1,5

Қорытынды:Параллель жалғауда әр өткізгіштегі кернеу бірдей, ток күші әр өткізгіштегі ток күшінің қосындысына тең.
6 жұмыс.
Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу.
Қ ұрал - жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт , өткізгіш сымдар, секундомер.
Жұмыстың барысы:

  1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қарап, бір бөліктің құнын есептеңдер.

  2. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар.

( 197 –сурет)

  1. Тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңдер.

  2. Вольтметрдің көрсетуін жазыңдар.

  3. Тізбекті ажыратыңдар да , қыздыру шамының сөну уақытын белгілеңдер.

  4. Қуатты P =I * U формуласы бойынша есептеңдер.

  5. А =P * t формуласы бойынша жұмысты есептеңдер, мұндағы t қыздыру шамының жану уақыты.

  6. Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.

I , А

U , В

t , С

P , Вт

А , кДж

тұтынушы

2
2,5
2,9

220
220
220

300
1800
3600

440
550
638

132
390
2298

Тұрмыстық құралдар

Қорытынды:Әр түрлі ток тұтынушыларын токқа қосқанда токты пайдалану уақытына сай токтың жұмысы мен қуаты артады.
7 жұмыс.Тұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу
және магнит өрістерінің кескінін алу.
Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және әр түрлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарын түзететінін көрсету.
Құрал - жабдықтар:әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.

Жұмыс барысы:

  1. Темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішіне магнитті енгізіңдер.

  2. Магнитті шығарып алып,магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай таралғанына назар аударыңдар.

  3. Темір ұнтағынын көп жабысқан орындарын белгілеп, суретін салыңдар.

  4. Екі жолақ магнитті бір – біріне әр түрлі ұштарымен апарыңдар. Бақылағандарыңды айтып беріңдер.

  5. Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер.

  6. Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.

Жұмысты орындау.1.Темір ұнтағына магнитті енгізіп, шығарып алып, темір ұнтағының магниттің ортасына жақын жерде көп тартылатынын байқау.
2.Темір ұнтағының көп жабысқан жерінің суретін салу.
3.Екі жолақ магнитті бір-біріне оңтүстік пен солтүстік полюстерін қарама-қарсы қойып, магнит сызықтарын бақылау арқылы олардың олардың тартылу құбылысын қарау, суретін салу.
4.Магнит үстін бір парақ қағазбен жауып, темір ұнтағын себу арқылы ортасында бірін-бірі тарту құбылысын байқау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет