7 класс. №1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка)бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу



бет12/37
Дата11.09.2023
өлшемі3.72 Mb.
#477128
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
зертханалық жинақ дайын

2 – тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе – теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:

  1. Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе – теңдік күйге келтіріңдер;

  2. Иіндікті сағат тілінің бағытында (шартты түрде оң бағытта) айналдыратын күштердің, күш моменттерінің қосындысын табыңдар: Моң=M₁ +M₂+...........Мn ;

  3. Иіндікті сағат тіліне кері бағытта (шартты түрде сол бағытта) айналдыратын күштердің, күш моменттерінің қосындысын анықтаңдар: Мсол= M₁ +M₂+...........Мк ;

  4. Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.

Жұмысты орындау Моң= M₁ +M2 М1= F₁ L₁ М₂= F₂ L₂
М1=1Н*0,045м=0,045Нм М₂=2Н*0,155м=0,31Нм
Моң= M₁ +M2 =0,355 Н,м Мсол= M₁ +M2 = 0,35Нм
Моменттер ережесі орындалады. Моң= Мсол
Қорытынды:Моменттер ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдалану арқылы тексеріп көз жеткіздік.


8 КЛАСС.
1 жұмыс.
Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру.
Ж ұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.
Құрал –жабдықтар:
Калориметр, өлшеуіш цилиндр(мензурка),
термометр, стақан, ыстық суы бар шәугім
(бүкіл сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:



  1. Массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t₁ температурасын өлшеңдер.

  2. Стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t₂ температурасын өлшеңдер.

  3. Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер.

  4. Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін Q₁=cm( t₁ - t ) формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін Q₂=cm₁( t - t₂ )формуласымен есептеңдер.

  5. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.


  6. Ыстық судың массасы
    m, кг

    Ыстық судың баст.
    темпер.
    t, ºC

    Қоспаның темпера-
    турасы, t1, ºC

    Ыстық судың берген жылу мөлшері,
    Q1, Дж

    Суық судың массасы
    m₁, кг

    Суық судың баст.
    Темпер.
    t2, ºC

    Суық судың алған жылу мөлшері
    Q2 ,Дж

    0,1

    94

    56

    15120

    0,1

    20

    15960
    Ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар.

  7. Тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: ℇ =[  ] , мұндағы Q₁ - ыстық судың берген жылу мөлшері, Q₂ - суық судың алған жылу мөлшері.ℇ =[  ] =0,05



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет