, коаксиальды кабель , оптикалық талшық
•
Есулі қосақталған (витая пара) - кабельдер бір немесе
бірнеше сымның бірігуімен өрілген өткізгіштерден тұрады.
Жылдамдығы 1000 Мбит/с
•
Коаксиалды кабель – жергілікті желілерде қолданыла-
тын кабельдің бір түрі. Жылдамдығы 50-100 Мбит/с
•
Оптикалық талшық – шыны немесе пластикалық жіп.
Жылдамдығы 3 Гбит/c
•
Wi-Fi (ағыл. Wireless Fidelity – сымсыз дәлдік) техно-
логиясы – қазіргі таңда болашағы зор технологиялардың бірі
•
Желілер топологиясы : жергілікті желідегі компьютер-
лердің бір-бірімен байланысу тәсілі
•
Шина желі топологиясы - мұнда негізгі байланыс
ретінде бір ғана кабель қолданылады. Осы кабельге же-
ке-жеке бірнеше компьютер жалғанады. Шина ретінде коак-
сиалды кабельдер қолданылады. Желінің құрылысы қарапай-
ым, алайда мұндай желінің кемшілігі – шинаның бір жері
үзілсе, компьютерлер өзара байланысын жоғалтады.
•
Сақина - тәріздес желі топологиясы бірбіріне тіз-
бектеліп жалғанып, жабық шеңбер құрайтын бірнеше ком-
пьютерден тұрады. Желіде сигналдар бір бағытта беріледі.
Компьютер көрші компьютерден алған сигналды күшейтіп,
өзінен кейінгі компьютерге жеткізеді. Орнатылуы өте қара-
пайым. Кемшілігі – желідегі компьютердің біреуі істен шықса,
желі де жұмысын тоқтатады.
•
Жұлдыз - желі топологиясы. Желіні бұлай ұйымда-
стыруда компьютерлер бір-біріне тікелей жалғанбай, желілік
бейімдеуішке (адаптер) жалғану арқылы байланысады. Желі-
дегі бір компьютер істен шыққанмен, басқалары өзара бай-
ланысын жоғалтпайды. Желіні осылай жалғау арзан әрі
тиімді.
•
Иерархиялық - желі топологиясы. Бұл желі түрін
ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Оны ұйымдастыру
үшін бірнеше бейімдегіш қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |