Салыстыру операторлары :
== Тең
!= Тең емес
> Үлкен
-17-
< Кіші
>= Үлкен немесе тең
<= Кіші немесе тең
•
Кірістірілген шарт : Шарт тексеру операторының құра-
мында екінші шарт тексеру операторы қолданылуы
•
Құрамды шарттар дегеніміз – логикалық амалдар көме-
гімен тұтас бір шартқа біріктірілген бірнеше қарапайым шарт
•
Логикалық амалдар :
- Логикалық көбейту (конъюнкция – «and») дегеніміз – екі
немесе одан да көп пікірлерді «және» жалғаулық шылауы-
ның көмегімен біріктіру амалы. «Конъюнкция» сөзі «және»
жалғаулық шылауына сәйкес келеді. Логикалық амалдар
құрамды шарттар – составное условие – compound
condition логикалық өрнек – логическое выражение –
logical expression
- Логикалық қосу (дизъюнкция – ‘or’) - Екі немесе одан да
көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру
амалы логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады.
«Дизъюнкция» сөзі «немесе» жалғаулығына сәйкес
келеді
- Логикалық теріске шығару (инверсия – ‘not’) - «Емес»
сөзінің көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық
теріске шығару немесе инверсия деп аталады. «Инвер-
сия» сөзі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне
және «емес» сөзіне сәйкес келеді
•
Проблеманы қою дегеніміз – нақты шешуді қажет ететін
проблеманы анықтау, тақырыпты проблемалау. Нақты мәсе-
лені зерттеп отырған адамның алдында көкейтесті мәселе
ретінде тұруы мүмкін
•
Алгоритмнің қасиеттері :
- Алгоритмнің дискреттілігі - бұл қасиет алгоритм түрінде
жазылған есеп шешімі жеке қарапайым командаларға
бөлініп, орындалу ретіне қарай орналасқанын көрсетеді.
Кез келген есепті бөліктерге жіктеп орындауға болады
- Алгоритмнің анықтылығы - бұл қасиет алгоритмнің әр
командасы орындаушы үшін түсінікті болуын және мәнсіз
орындалмауы керектігін көрсетеді
- Алгоритмнің нәтижелілігі - бұл қасиет алгоритмнің мін-
детті түрде белгілі бір қадамдардан кейін аяқталып, нәти-
жеге жететінін көрсетеді
- Алгоритмнің жалпылығы - бұл қасиет есепті шешуге ар-
налған алгоритмнің осы типтес есептердің барлық мүмкін
мәндері үшін орындалатынын көрсетеді
•
Достарыңызбен бөлісу: |