7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет10/49
Дата04.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#497580
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Қазақстан тарихы пәнінен 7-сыныпқа арналған Күнтізбелік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §8. Архитектура және өнер
Сабақтың мақсаты:

  • Tүркі тiлдес халықтардың мәдениетiнде ерекше орын алатын сәулет, бейнелеу және қолдаңбалы өнер ескерт­кiштерi жайлы оқушыларға жан-жақты түciнiк беру;

  • VI-IX ғасырларда архитектура және өнер туынды­ларымен таныстыра отырып, оларды бағалай бiлуге үйре­ту, жаңа нәрсе ойлап табу қабiлетiн дамыту;

  • Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, өнерге, сұлу­лыққа деген құштарлығын оята отырып еңбексуйгiштiкке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Лекция
Әдісі:баяндау
Көрнекілігі:карта, сызбалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Жартылай көшпелi мәдениет дегенiмiз не?

2. Дала мәдениетінің ерекшелiгi қандай?
3. Материалдық мәдениетке не жатады?
4. Дала тұрғындары мен дала тұрғындарының мате­риалдық мәдениетiне сипаттама берiңдер.
5. VI-IX ғасырлардағы сауда мен ақша айналымы ту­ралы не бiлесiңдер?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Архитектура

  2. Діни сәулет өнері

  3. Бейнелеу өнері

  4. Мүсін өнері

  5. Қолданбалы өнер

Тақырыпты оқушылардьң меңгеруiн жеңiлдету үшiн әрбiр тақырыпшаны тiрек-сызба арқылы түciн­дiремінi Әpi қарай оқушылардьң тарихи танымдьқ, ойлау, талдау, iздену қабiлеттерiн дамыту мақсатында өзiндiк жұмыстар тапсырылады. Сынып оқушылары үш топқа бөлiнедi. Әр топқа алдымен тiрек-сызба құрастыру және сөздiк жұмы­сын жасау үшiн тақырыпшалар бөлiнедi.
1-топ – Архитектуралық құрылыс жүйесiн талдау.
2-топ - Дiни сәулет өнepi ескерткiштерi мен бейнелеу өнepiн талдау.
3-топ - Mүciн өнepi мен қолданбалы өнер туындыла­рын талдау.
Өзiндiк жұмыстар тексерiлген соң, сабақты бекiту сұрақтары қойылады.
ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • VI-IX ғасырларда архитектура мен өнердiң кандай ерекшелiктерi болды?

  • 2. Өнердiң қандай түрлерi бар?

  • 3. Сендердi өнердiң қандай түрлерi қызықтырады?

  • 4. «Балбалдар» қазiргi кезге дейiн сақталған ба?

  • 5. VI-IX ғасырларда қолданбалы өнердiң қандай артықшы­лықтары болды?

Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§8.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет