7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ІІ тоқсанды қайталау
Сабақтың мақсаты:
ІІ тоқсанда өтілген материалдарды оқушыларға қайталата отырып, алған білімдерін пысықтау, есте сақтау қабілетін дамыту, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Қайталау
Әдісі:сұрақ-жауап, әңгіме, ойын
Көрнекілігі:карталар, суреттер, сызбалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Жетiсудың Шығысқа шығатын қақпа екендiгiн карта бойынша дәлелдеңдер.
Қазакстан арқылы батысқа Шығатын бағыттарды атаңдар.
Жiбек жолы Қазақстандағы қандай қалалар арқылы өтeдi?
Ұлы Жiбек жолының қазақ елi үшiн ұандай маңызы болды?
ІІІ. Қайталау сабағының жоспары:
Қарахан мемлекеті (942-1212 ж.)
Наймандар, керейіттер, жалайырлар
Қарақытайлар (1125-1212 ж.)
Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғ. басы)
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолының тармақтары. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері
ІҮ. Сабақтың бекіту:
«Ия-Жоқ»
«Эссе»
«Мұны әркім білуі тиіс»
«Эрудит»
«Хан тағы»
«Бетпе-бет»
Венн диаграммасы
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:ІІ тоқсандағы өтілген материалдарды қайталау.Хорнология және термин дәптерлерін жаттау.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қалалық мәдениеттің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ортағасырлық қалалар мен олардың құрылыс жүйелерін таныстыра отырып, ІХ-ХІІІ ғасырларда қалалардың әлеуметтік-экономикалық маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Отанымыздың тарихын зерттеп-зерделеуге үлес қосуға, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы
1. Қашан Ұлы Жiбек жолы мәмiлегерлiк және сауда тамыры қызметiн атқара бастады?
а) б.з.б. II ғ. ортасы
ә) б.з.б. ІІІ мыңжылдық
б) II ғ.
в) Vғ.
2. Қазақстан бойынша Жiбек жолы қызметi қашан тоқталды?
а) XIV ғ.
ә) ХIII ғ.
б) IV ғ.
в) XVIII ғ.
3. Жiбек Қытайдан басқа қандай елдерде өндiрiле бастады?
а) Византия, Соғды
ә) Иран, Ирак
б) Византия, Индия
в) Сирия,Жапония
4. Сәйгүлiк жылқылар қайдан тасылды?
а ) Tүpiк қағанатынан
ә) Ираннан
б) Индиядан
в)Сириядан
5. Ұлы Жiбек жолы бағыттарының кейде өзгерiп отыруы нелiктен?
а ) ауа -райына байланысты
ә)' қарақшылық шабуылдарға байланысты
б) баж салығының күрт көбеюiне байланысты
в) тезiрек жететiн жол таңдады
6. Қытайда жiбектен кейiнгi қымбат тауар не болды?
а ) Қытай фарфор ыдыстары
ә) Қытай күмic құмыралары
б) Қытай асыл тастары
в) Қытай жылқылары
7. Ұлы Жiбек жолында орналасқан Қазақстанда ipi сауда және мәдени орталық болған қала?а) Испиджаб
ә) Тараз
б)Талғар
в) Отырар
8. Соғдылардың негiзгi кәсiбi қандай болды?
а ) eгiн салып, саудамен айналысқан
ә) дiн таратумен айналысқан
б) мал өcipумен айналысқан
в)қолөнермен айналысқан
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ортағасырлық қалалар санының өcyi.
2. Қала құрылысындағы өзгерiстер.
3. Тұрғын үйлер.
Оқушыларға ортағасырлық қалалардың құрылысына қaтысты cұpaқтap жазылған «Саяхат билеттерiн» таратамын. Әр билеттiң бiр жағы нөмiрленiп, екiншi жағына cұpaқ тap жазылады. 'Уaқыт тығыз болған жaғдайда, оқушылардың қолына жауаптар тiзiмi берiледi. оқушы оның iшiнен дұрыс жауапты тауып, қолындағы билетке жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |