7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 48.ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы тарихи шығармалар
Сабақтың мақсаты:
Ортағасырлық тарихшылармен, олардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармаларының тарихи маңызы туралы айту;
Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:суреттер, сызба, карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
ХҮ ғасырдағы ақын-жырауларды ата
Жыраулар деп кімдерді айтамыз, олардың ақындардан айырмасы қандай?
ХҮІ ғасырдағы ақын-жыраулардан кімдерді білесің?
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар?
Саз өнері қай кездендами бастады?
Шетел ғалымары қазақ халқының саз өнеріне қандай баға берді?
Қазақтың саз аспаптарының түрлерін атап беріңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди»
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри «Жылнамалар жинағы»
Өтеміс қажы «Шыңғыснама»
Әбілғазының шежіресі
Сабақты бекіту:
М.Х. Дулати неге халқымыздың тұңғыш тарихшысы деп аталады?
Қадырғали Қосымұлы мен Оразмұхаммедті не байланыстырады?
Өтеміс қажы Жошы туралы қандай құнды дерек қалдырды?
Әбілғазы шығармаларының тарихи маңызы қандай болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 48
Достарыңызбен бөлісу: |