7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Есім хан (1598-1628)
Сабақтың мақсаты:
Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы , Есім ханның заңдары туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайын, Есім хан мен Тұрсын ханның арасындағы алауыздықтың салдарын түсіндіре отырып, оқушыларды ауызбіршілікке, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Тәуекел хан өзбек ханының қайсысына қарсы соғысты?
Тәуекел ханның «ант беріскен шартты» бұзу себебі неде?
Қай ел қазақтарға «оқ ататын» қару беруге уәде етті?
Тәуекел ханның Ресейге қойған талаптары неге орындалмады?
Тәуекел хан қай жерде қайтыс болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
Есым ханның сыртқы және ішкі саясаты
Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қарама-қайшылықтар
Тұрсын ханның бүлігі
Есім ханның ескі жолы
Әдеби деректерге қарағанда Тұрсын ханды Есімнің өзі жазалаған. Ол Марғасқа жыраудың мына өлең жолдарынан көрінеді:
«Ей, қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!
Сабақты бекіту:
Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдай қандай болды?
Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?
Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?
Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?
«Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?
Тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?
Бағалау:
Үйге тапсырма: 40-параграфты оқу. «Есім салған ескі жол» атты тақырыпта реферат дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |