Практикалық жұмыс № 2
«Күкірттің, фосфордың және темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру».
Мақсат: оттектің ең маңызды қасиеті жануды қолдайтынын көрсету.
Құралдар мен реактивтер: тығынмен жабылған 500 мл оттек газы бар 4 колба, заттарды
жағуға арналған қасықтар, күкірт, қызыл фосфор, көмір, темір, спиртшам.
Жұмысқа дайындық: 4 колбаға оттек газын жинау, 1 колбаның түбіне алдын-ала шамалы құм салып (онда темірді жағамыз), күкірт және фосфорды жағуға арналған қасықтарды алдын-ала газ тәрізді заттардың шығып кетпеуі үшін тығындарға бекітіңіз.
Жұмыс барысы:
Оттекті алу.
Жұмыстың барысы
|
Не байқалды
|
қортынды
|
Сынауыққа калий перманганатын салып, қыздырған кезде газ жүретін түтікке кетпес үшін, алдына бос қылып мақта қою керек.
Газ жүретін түтіктің ұшын оттегі жинайтын /стақан, сынауық/ ыдыстың түбіне дейін жеткіземіз. Оттегі аудан сәл ауыр болғандықтан, біртіндеп ауаны ыдыстан ығыстырады. Жайлап бірінші бүкіл сынауық бойын бастау, содан кейін тек зат орнын қыздыру. Жарты минут өткен соң, оттегі ыдысқа толғанын білу үшін тұтанған шыраны ыдыс аузына жақындатқанда шыра лып етіп жанады.Оттегі газын анықтау жолы туралы қорытынды жасаңдар.Оттегі ауаны ығыстыру арқылы жинауға болады, неге түсіндіріңіз?
|
|
|
Тәжірибе №1. «Күкіртті оттекте жағу».
Темір қасыққа күкірттің кесегін салып, спирт шамның жалынында қыздырыңыз. Күкірт ауада қалай жанады?
Жанып жатқан күкіртті оттегі бар колбаға салыңыз. Енді ол қалай жанады. Аздап ыдысқа дистилденген су құйып, индикатор тамызыңдар
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |