Тәжірибе №2. «Фосфорды оттекте жағу».
Темір қасыққа шамалы қызыл фосфор салыңыз. Спирт шамында жағып, тез қасықты оттек газы бар колбаға салыңыз. Болып жатқан құбылысты бақылаңыз. Аздап ыдысқа дистилденген су құйып, индикатор тамызыңдар
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
− күкіртті оттекте және ауада жағып, байқалған құбылыс туралы қорытынды жасайды;
− фосфорды оттекте және ауада жағып, байқалған құбылыс туралы қорытынды жасайды;
− заттарды оттекте жағу неліктен белсенді жүретінін түсіндіреді;
− реакция өнімдерін атайды.
Күні « »
Практикалық жұмыс №3
«Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі».
Оқу мақсаты 7.2.2.4 Кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттейді
• Сұйылтылған қышқылдар мен кейбір карбонаттар өнімдерін анықтайды
Мақсаты: Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуін және алынатын өнімдерді зерттеу.
Құралдар мен реактив: тұз қышқылы, бор, сынауық, газ өткізгіш түтік, тұрғы, әк суы, натрий гидроксиді, лакмус, фенолфталеин.
Жұмыс барысы:
Жұмыстың барысы
|
Не байқалды
|
Қортынды
|
ҚТ ережелерімен таныстым________________
|
Сынауыққа бірнеше кесек бор салып, оған сұйылтылған тұз қышқылын қосыңыз. Сынауықты газ өткізетін түтікпен жабыңыз. Түтіктің екінші ұшын 2-3 мл әк суы бар сынауыққа
салыңыз. Бірнеше минут әк суынан газ көпіршіктерінің өтіп жатқанын бақылаңыз.
|
|
|
Сонан соң газ өткізетін түтіктің ұшын ерітіндіден суырып алып, дистилденген суда шайыңыз да оны басқа 2-3 мл дистелденген суы бар сынауыққа салып, газ жіберіңіз. Бірнеше минуттан соң түтікті ерітіндіден алып, алынған ерітіндіге көк лакмус қосыңыз.
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- бақылау нәтижелерін атайды;
- реакция теңдеуін жазады;
- реакция өнімдерін анықтап, қорытынды жасайды.
Күні « »
Достарыңызбен бөлісу: |