7-зертханалық жұмыс. Тізбектелу диаграммасын құру Жұмыс мақсаты



бет1/3
Дата29.03.2024
өлшемі43.99 Kb.
#496955
  1   2   3
7-зертханалық жұмыс. Тізбектер диаграммасын құру-1


7-зертханалық жұмыс. Тізбектелу диаграммасын құру
Жұмыс мақсаты: Тізбектелу және кооперация диаграммаларын құруды және оларды жобалау жүйесінде қолдануды оқып-үйрену.
Тапсырманың қойылымы
Электронды коммерция жүйесі үшін сатып алушы қоржынға жаңа тауарды қосуды сипаттау мысалы. Қолданылатын варианттар моделін құрғаннан кейін жүйеге берілетін функциялар анализі басталады. Add Item to Shopping Cart (Тауарды тұтынушылар қоржынына қосу) қолдану варианты жүйені қолданушылар арасында жоғары қарқынға ие.
Тұтынушылар қоржынына тауарды қосу үшін тізбектелген және кооперативтік диаграмма құрайық. Тізбектелген диаграмманың аяқталған түрі 1-суретіндегідей болуы керек.
Add Item to Shopping қолдану вариантын толығымен модельдеуге қажетті бұл тек бір ғана диаграмма және ол процесті барлығы дұрыс орындалғанда көрсетеді. Альтернативті жағдай және қолданушы оқиғаның жалғасының басқа түрін таңдайтын жағдай үшін қосымша диаграмма қажет болады. Кез келген қолдану вариантындағы альтернативті бөлек қатынас диаграммасы арқылы модельденуі мүмкін.

1-сурет. Сатып алушы қоржынға тауарды қосу үшін тізбектелген диаграмма
Жұмыстың орындалу тәртібі 
Жаттығуды орындаудың этаптары:
Қойылым.
1) Tools-Options-ты орындаңыз.
2) Diagram вкладкасына өту.
3) Sequence Numbering, Colloboration Numbering және Focus of Control жалаушаларын орнатыңыз.
4) Options терезесінен шығу үшін OK батырмасын басыңыз.
Тізбектелген диаграмма құру
1) Модельдің жүйелік қолданушы варианттарындағы Add Item to Shopping Cart элементіне браузерде тышқанның оң батырмасын шертіңіз.
2) New-Sequence Diagram орындаңыз.
3) Жаңа диаграммаға Main Flow (Бас ағым) атын меншіктеңіз.
4) Жаңа диаграмманы ашу үшін оны екі рет шертіңіз.
Диаграммаға орындалып жатқан тұлға мен объект қосу.
1) Customer орындалып жатқан тұлғасын браузерден диаграммаға орын ауыстырыңыз.
2) Аспаптар панелінен Object батырмасын басыңыз.
3) Объект қосу үшін диаграмманың жоғарғы бөлігін тышқанмен шертіңіз.
4) Жаңа объектіге Cart Interface (Қоржын Интерфейсі) атын меншіктеңіз.
5) Диаграммаға келесі объектілерді қосу үшін 3 және 4 қадамдарды қайталаңыз.
- Cart Mgr (қоржын менеджері).
- Product Mgr (тауар менеджері).
- Product Items (тауар атауы).
- White Crew Socks (Фирмалық ақ шұлық).
- Cart Items (Тауар қоржында).
Диаграммаға хабарлама қосу.
1) Аспаптар панелінен Object Message батырмасын басыңыз.
2) Customer орындалып жатқан тұлға өмір жолынан Cart Interface объектісінің өмір жолына тышқанмен өткізіңіз.
3) Add white crew socks to cart (Қоржынға фирмалық ақ шұлық қосу) белгіленген хабар үшін енгізіңіз.
4) 2 және 3 қадамдарды диаграммаға қалған хабарламаларды беру үшін келесі тізіммен қайталаңыз.
* Cart Interface және Cart Mgr арасында: Add white crew socks to cart (Қоржынға фирмалық ақ шұлық қосу).
* Cart Mgr және Product Mgr арасында: Get white crew socks (Фирмалық ақ шұлықты алу).
* Product Mgr және Product Items арасында: Find product (Тауарды іздеу), бұл жағдайда фирмалық ақ шұлық аралығында.
* Product Items және White Crew Socks арасында: Get product(Тауарды алу).
* Cart Mgr және Cart Items арасында: Add white crew socks to cart (Қоржынға фирмалық ақ шұлық қосу).
5) Аспаптар панелінен Message to Self button батырмасын таңдаңыз.
6) Рефлексивті хабар қосу үшін Cart Items объект өмір жолының соңғы хабардың төменгі жағын шертіңіз.
7) Бұл хабарды Add white crew socks to cart деп атаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет