8 – дәріс. Білім беру-жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде. Жоспары



бет3/6
Дата01.03.2024
өлшемі44.72 Kb.
#493905
1   2   3   4   5   6
8 дәріс

12- слайд. Ғылымда әдіснамалық білімнің түрлі жіктелулері белгілі. Әдіснаманы мазмұндық және нақтылық деп бөледі. Мазмұндық әдіснамаға ғылыми білім құрылымы; ғылыми теорияның пайда болуы, өзгеруі және қызмет етуінің заңдары; ғылыми ұғымдар қоры; ғылыми әдістер құрамы; ғылымилық өлшемдері мен шарттары кіреді. Нақты әдіснама ғылым тілінің мәселелерін, білімдер жүйесі типологиясын, зерттеу әдістерін жасайды.
13 слайд. Әдіснама мәселелері философияда екі бағытта жасалуда: гносеологиялық–логикалық жалпы зерттеулер мен шынайы өмір әрекеті үдерістері және зерттеу нысандарын зерттеу. Әдіснамалық білім құрамы мәнді жаңартуды күтеді. Педагогикадағы әдіснамалық білімнің құрылымдық-мазмұндық анықтылығы, қайта құру іс-әрекетінде және зерттеуді жақсартуда маңызды рөл атқаратын қырларын дамыту өте маңызды.
Көрсетілген топтарды әдіснамалық білім құрамына енгізуде объективті себептер кездеседі.
14 слайд. Біріншіден, әрбір топтағы білімнің педагогикалық болмысқа қатысты жалпылығы және қайта құру, зерттеу әдістері және ұстанымдары туралы педагогика ғылымының саласы ретіндегі педагогика әдіснамасының ғылыми анықтамаға сәйкес келуі. Әдіснамалық білімге келтірілген топтардағы қатынас негізі және педагогика ғылымы және практикасының жаңаруының тиімді формалары, олардың іргелілігіне негіз болады.
15 слайд. Педагогика әдіснамасы білімінің ұсынылған құрамының логикалық негізгі сапасына оның кешенінің біртұтастығы, практиктер және теоретиктер шешетін міндеттерге сәйкес әдіснамалық білім құрылымдарын қайта құрулардың мүмкіндігі.
Қазіргі кезде әдіснамалық білімнің мәні, құрылымы, мазмұны және атқаратын қызметі, оны қолдану мүмкіндіктерін терең ұғыну үдерісі байқалады.
Ғалым В.И. Журавлев әдіснамалық білімнің құрамын былайша анықтайды. Педагогиканың әдіснамалық біліміндегі әрбір блок ғылыми және практикалық міндеттерді шешіп, әдіснамалық қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
16 слайд. 1. Мемлекеттің тәрбие практикасында және ғылым алдына қойған әлеуметтік міндеттері педагогика әдіснамасында өзіндік орын алады. Олар Үкіметтің құжаттарының педагогика әдіснамасындағы сипаттамадан және оларды шешу бағыттарынан тұрады. Педагогика ғылымы және практикасын жетілдіру үшін мемлекеттік мақсатты жеке, кәсіптік, атқарушылық, орындаушылық міндеттерге көшіру үдерісі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет