8 – дәріс. Білім беру-жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде. Жоспары



бет1/6
Дата01.03.2024
өлшемі44.72 Kb.
#493905
  1   2   3   4   5   6
8 дәріс


8 – дәріс. Білім беру-жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде.
Жоспары:

  1. Білім берудің рухани-адамгершілік функциялары.

  2. Білім берудің гуманистік мақсаты



3 слайд. Адам мәселесі, оның табиғаты, оның материалдық және рухани әлемдегі тіршілігі, оның дамуы мен өмірдегі орны, оның болашағы – философиялық ойдың басты мәсе лелерінің бірі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жа­салады. Ал, мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады.
4 слайд. Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі;
- қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты;
- мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі;
-жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі.
5 –слайд. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өздігінен іздену негізінде жүзеге асырылады
6-слайд. Жалпыадамзаттық құндылықтардың басқа құндылықтардан (ұлттық құндылықтар, материалдық құндылықтар, діни құндылықтар, саяси құндылықтар, әлеуметтік құндылықтар; моральдық құндылықтар; эстетикалық құндылықтар және т.б.) ерекшелігі – ол ұлттық, сая­си, діни және басқа да танымдарға тәуелсіз, бүкіладамзатқа ортақ мүддені көздейді және де, осы тұрғыдан алғанда, жалпыадамзат өркениетінің күретамыры болып табылады. Кез келген құндылық философиялық категория ретінде болмыстың адам өміріне, мүддесіне қатысты дұрыс, жағымды жақтарын білдіреді.
7 слайд. ҚР «Білім беру» туралы Заңында – «Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).
Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет