8 Бизнес-жоспарлау бөлімі



бет3/4
Дата13.10.2022
өлшемі233.5 Kb.
#462624
1   2   3   4
Касымбеков БПиЭ

КҮШТІ ЖАҚТАР: темір жол саласында бәсекелестердің болмауы, станция жұмысын жаңа ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілуі,
ТМД елдермен темір жол арқылы қатынысты дұрыс жүргізу

ӘЛСІЗ ЖАҚТАР: жылжымалы құрамның ескіруі; елімізбен қатынасы ұлғайып келе жатқан дамыған ел Қытаймен темір жол стандарттарының бірде болмауы, қызметкерлер біліктілігінің әлі де төмен болуы

МҮМКІНДІКТЕР: сұрыптау төбешігінің бір мезгілде бірнеше поездарды қалыптастыруға мүмкіндігі, вагондарды қалыптастыру кезіндегі жұмыс технологиясының жетілдірілгені, цистерналарды жуу-тазалау жұмыстарынының механикаландырылуы

ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР: локомотивтердің техникалық жағдайының нашар болуы,

Кәсіпорынның қаржылай орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін альтернативті бағыттар:



  • жылжымалы құрамды және пайдаланылмайтын ғимараттарды жалға беру.

  • қолданылмайтын территорияда жаңа өнім шығаруды қолға алу.

  • қолданылмайтын ғимараттарда жылжымалы құрамға ТҚК мен жөндеу үшін жұмыс орындарын ашу.

Өнімнің (ұсынылып отырған қызметтің) сипаттамасы


Станцияның орындайтын жұмысы келесі операциялардан құралады:



    • поездар мен берілістерді қабылдау мен жөнелту;

    • техникалық бағыттарды, беріліс пен шығару, поездарын тарату мен жинақтау;

    • вагондарға техникалық қызмет көрсету мен оларды коммерциялық қарап-тексеру;

    • вагондарды ажыратып немесе ажыратпай жөндеу;

    • жергілікті вагондарды тиеу және түсіру орындарына цистерналарды жуу-булау станциясына беру және алып кету;

    • жүктерді қабылдау мен беру;

    • жүк құжаттарын рэсімдеу:

Станциядағы маневрлік жұмыстар ТЭМ - 2 сериясы екі маневрлік локамотивтер көмегімен жүзеге асырылады. Сайрам және Ленгір станцияларында вагондар болмаған жағдайда оларға Ленгір станциясының маневрлік локомотиві көмекке келеді.
Станцияға барлығы, өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың және жуу-булау станциясының 14 жолы келіп түйіседі.

Өндірістік жоспар


Қалыптастыру жоспары жүктерді тиеуді реттейді, вагон ағындарын жіберу шартын жеңілдетеді, қиындықтарды ескертеді, вагондар қозғалысының транзиттігін арттырады. Ол тек учаскелік және құрастыру поездарын қалыптастыру жүйесімен салыстырғанда өңделетін вагондар санын үш есеге дейін азайтуға мүмкіндік береді.


Поездардың қалыптастыру жоспарын құрастыру үшін бастапқы материалдар:
- жүк тасымалдау жоспары;
- поезд құрамының массасы мен ұзындығының нормалары;
- локомотивтер баратын учаскенің, поездық және локомотивтік бригадаларлың жұмыс схемалары;
- учаскелердің өткізу қабілеті туралы түсініктер;
- эксплуатациялық шығындардың, поездардың тартымына байланысты отын немесе электр шығыны картосхемасы;
- поездардың учаскелерде болу уақыты;
- станцияның техникалық жабдықталуы мен өткізу қабілетінің мәліметтері;
-станция мен жақындау жолдарының жұмысының технологиялық процесі;
- бағыттар мен тораптардың жұмысын талдауы.
Жоспарлы вагон ағындарын және басқа барлық мәліметтерді дайындағаннан кейін тиеу орнынан жіберудің сатылы маршрутарын ұйымдастырады.
1. Орташа тәулік бойынша жүк арту. Бөлімше бойынша 219 вагон жоспарлы көрсеткіш 231 вагон, яғни 94,8% орындалды немесе 12 вагонға төмендегн, өткен жылдың есепті кезеңіне 77 вагон, жергілікті жүктердің төмендеу есебінен жоспарлы 123 вагон / тәуліктен, 38 вагон / тәулік.
2. Жүк вагондарының айналымы. Эксплаутациялық жұмыстардың сапасының негізгі көрсеткіші 2,57 тәулік нақты 2,70 тәулікті құраған, яғни 95,2% орындалған немесе 0,13 тәулікке вагондердың тұрып қалу есебінен кідірген. Бір жүк операциясынан 41,34 сағат кешіктірілген (жоспар 38,99 сағат нақты 80,33 сағат). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырмалы тұрып қалудың артууы 61,22 сағат. Жоспардың орындалмау себептері жергілікті вагондардың тұрып қалуы. Шымкент станциясы бойынша жүктің артылуын күту себебімен 15351 вагон жоспары 298666 вагон / сағат. 25328864 теңге вагон қолданудан табыс алынған. Өткен жылдың есепті кезеңінде 118,5 % орындалған немесе 0,50 тәулікке жылдамдатылған.
3. Жүк тасымалдау қозғалыс поезъдінің орташа салмағы. Бұл көрсеткіш 99,7% орындалған немесе жүк артылған вагондарың динамикалық нагрузкасының 10 тоннаға төмендеуі және бос вагондарыдың жүк артылған вагондарға қатынасының артыуынан болып отыр. Өткен жылмен салыстырмалы 100,5% құраған.
4. Локомативтердің орташа тәулік тапсырмасы. Бұл көрсеткіш 96,7% (жоспар 1111 мың ТКМБР, нақты 1074) орындалған. Локомативтердің өнімділігінің орындалмауының негізгі себебі локомативтердің эксплуатациялық паркінің 6 бірлікке артуы, жүк айналымының 18956 мың ТКМБР артуы (жоспар 93631, нақты 112587).

Ұйымдастыру жоспары


Шымкент жол бөлімшесі станциялары арасында поездардың қозғалыс кестесін жасау үшін автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) толық ендіру нәтижесінде теміржолда тасымалдау мәселелерін шешу кезінде маңызды тиімділікті алуды қамтамасыз етеді. Бұл:



  • кешігу, тұру уақытының қысқару есебінен жүк тасымалдау қарқындылығын жоғарылату;

  • жүктердің сақталуын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • пайдалану ұзақтығын бақылау есебінен бөлшектер мен тораптарды жөндеу аралық пайдалану мерзімдерін ұлғайту;

  • мемлекет араларында, бақылау-өткізу пунктерінде, кедендерде өткізу қабілетін жоғарылату;

  • қызмет көрсететін персонал санын қысқарту, бірінші кезекте-теміржолдың төменгі сатыдағы жұмысшыларын‑вагон нөмірін тіркеушілер,жөндеу жұмысшылары және т.б.

Жүйені ендірудің экономикалық тиімділігі:

  • бос жүріс коэффициентін 2.4% азайту;

  • қосымша тасымалдауды 1.6% игеру;

  • вагондарды жөндеуге шығындарды 2.5% азайту.

Тасымалдауды ұйымдастырудың нормативтік құжаттарын жасауда басқарудың ұсынылған жүйесінде түпкілікті өзгереді. АБЖ құралдарымен қамтамасыз етілетін хаттама пойызды құрастыру жоспарын, қозғалыс графигін жасау және қатаң график бойынша жұмыста тасымалдауды ұйымдастыруға өту шешімдерін жаңадан қарастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде қозғалыс кестесін, вагонағындарын ұйымдастыру жоспарының ықтималды негізі бар.
Пойыздардың қозғалыс кестесі теміржол өндірісінің ырғақтылықты, реттілікті, тегістілікті қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған.Оны құру кезінде айналым пунктерінде локомотивтердің тұруын, қажетті тарту құралдарын азайту, техникалық қызмет көрсету және өңдеу станцияларына пойыздардың біртегіс келуін қамтамасыз ету мәселелері қойылған. Бұған жету тек кестедегі барлық тізбектер толық кезде, яғни қолданылатын кезде ғана мүмкін.
АТЖ тасымалдау процесінің ағымды жағдайын, тасымалдау туралы мағлұматтарды құрастыруды модельдеу сенімділігінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Осы мағлұматтардың мониторингі, жиналатын есеп беру ақпаратын автоматты өңдеу тасымалдау процесінің статикалық заңдылығын толық өңдеуге және осы заңдылықтарды ескеріп қозғалыс кестнсін құруға мүмкіндік береді.
Кесте жасауды автоматтандыру тасымалдау процесін оңтайландыратын шешімді ендіре отырып, тасымалдауға сұраныс тербелісін апта, күн, маусым бойы ескеруге мүмкіндік береді.
Жаңа жүйе үшін поездардың қозғалыс кестесінің толықтығын қамтамасыз ету қабілеттігі өте маңызды.

Қаржылық жоспар


Шығындық ставкалар бөлімшенің пайдалану жұмысының сандық өлшегіштерінің негізінде орнатылады. Алғышқыда тасымалдау көлеміне тәуелді шығындар анықталады,олар шығындық ставкаларды пайдалану жұмысының сандық өлшегіштеріне көбейту арқылы алынады.


Тасымалдау көлемінен тәуелсіз шығындар тәелділердің 60% құрайды. Шығындардың екі түрінің қосындысы жүк тасымалдауы бойынша жалпы пайдалану шығындарын береді. Бастапқыда орташа жылдық тәуліктерге есептелінеді,ал содан соң 1 жылдық.
Тасымалдаудың өзіндік құны сәйкес жылдық жалпы пайдалану шығындарын тасымалданған жүктер суммасына бөлу арқылы алынады.

Пайда/залал туралы есептілік







Көрсеткіштер

2013

2014

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет