8-дәріс. Педагогтің педагогикалық қызметінің мәні мен құрылымы


педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас, тұлға



бет3/3
Дата25.03.2024
өлшемі23.44 Kb.
#496421
1   2   3
ЖМП-8

педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас, тұлға. Тұлға – оқытушының педагогикалық іс-әрекеттегі және педагогикалық қарым-қатынастағы кәсіби ұстанымдары мен позициясын анықтайтын негізгі фактор. Педагогикалық іс-әрекет – еңбек технологиясы, педагогикалық қарым-қатынас – оның климаты мен атмосферасы, ал тұлға – оқытушы жұмысының құндылықты бағдарлары, идеалдары, ішкі мәні. Шеберліктің жоғары деңгейіне жетуді оқытушының конструктивті және жобалаушылық қабілеттері анықтайды. Конструктивтік және жобалаушылық іс-әрекеттердің негізінде интеллектуалдық еңбекке қабілеттілік жатыр: үйреншікті стандарттар мен шешу жолдарынан бас тартып, жаңа, айрықша жолдарды іздестіру; болашақ нәтижелерді болжай білу; кез-келген мәселені шешудің бірнеше жолын көре білу және ойша олардың ішінен ең тиімдісін таңдай алу; жаңа идеяларды тудыра алу. Ұйымдастырушылық қабілеттер өзін және өз уақытын, студенттердің жеке, топтық, ұжымдық әрекетін ұйымдастыру іскерлігінен көрініс табады. Қарым-қатынас – оқытушы қызметінде ғылыми және педагогикалық қатынас құралы ғана болып қоймай, осы қызметтегі кәсіпқойлықты жетілдіру жағдайы мен оқытушы тұлғасын дамытудың қайнар көзі, сонымен бірге студенттерді тәрбиелеу құралы. Коммуникативті қабілеттерге мыналар жатады: қарым-қатынас бойынша серіктес адамды жан-жақты және объективті қабылдау; серіктесте өзіне деген сенімді тудыра алу; конфликтілерді алдын-ала болжай алу және олардың алдын-алу, оларды дер кезінде шешу қабілеттілігі. Оқытушы үшін келесі коммуникативті іскерліктер маңызды: 1) «бет әлпетінен оқу» (чтением по лицу), немесе әлеуметтік перцепция; 2) студент тұлғасын, оның психикалық күйін түсіне алу; 3) студенттермен қарым-қатынаста өзін дұрыс ұстау; 4) психологиялық тұрғыда өз сөйлеуін дұрыс құрастыру (сөздік немесе вербалдық және вербалды емес, яғни ым, жест арқылы қарым-қатынас іскерлігі).
Қазақстан Республикасының педагогикалық білім беру тұжырымдамасында жаңа формация педагогіне қойылатын келесі талаптардың сипаттамасын анықталған: жаңа формация мұғалімі – үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, педагогикалық құралдардың алуан түрін кәсіби меңгерген, рухани дамыған, әлеуметтік кемелденген, шығармашыл тұлға, құзыретті маман. Ол өзіне жоғары білімді және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін жауапкершілікті алады. Кәсіби мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, педагогикалық процестегі әрбір қатысушының орнын көре білу, оқушылардың әрекетін ұйымдастыра алу және оның нәтижелерін болжай алу, мүмкін ауытқушылықтарды түзете алу тиіс. Жаңа формация мұғалімі меңгеруі тиіс педагог құзыреттілігі құзырлықтың үш тобының қалыптасу деңгейіне байланысты: әдіснамалық (психологиялық-педагогикалық) құзырлық; жалпы мәдени (дүниетанымдық) құзырлық; пәндік бағдарланған құзырлық. Педагогикалық әрекеттің шығармашылық бағыттылығы мұғалім бойында келесі білім, іскерлік, сапалардың болуын қарастырады: 1) жаңа формация мұғалімі ретінде өз мүмкіндіктерін объективті бағалай алу, аталған мамандық үшін маңызды өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау ерекшеліктері, эмоционалдық көріністер, коммуникативті, дидактикалық қабілеттер және т.б. мықты және әлсіз жақтарын білу; 2) интеллектуалдық әрекеттің жалпы мәдениетін: ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял, зейін, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін, оның ішінде педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі; 3) қазіргі білім беру полимәдениетті болып бара жатқандықтан мұғалімнің кең тілдік даярлығын қажет ететін, жүріп жатқан интеграциялық процестерде, әлемдік білім беру кеңістігі дамуының тенденцияларында бағдарлана алу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет