Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Общая психодиагностика; под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина – М., 1987.
2. Психологическая диагностика: Проблемы исследования под ред. К.М. Гуревича. –М.,1981.
10 ДӘРІС
Психодиагностикалық әдістерге сипаттама
Жоспары:
1. Психодиагностиканың әдістері жайлы жалпы түсінік
2. Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі.
3. Психодиагностиканың әдістері мен оның орындалуы
Психодиагностиканың әдістері: Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі: Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі практик психологқа өз жұмысын атқаруда белгілі бір әдістемелерді таңдауға көмектеседі. Сондықтан бұндай жіктелу әдістердің байланысын бейнелеуі керек. 1.Психодиагностикада әдістемелер жиынтығы - әдістер деп аталады. Әдістеме практикалық міндеттерді шешуге арналып, белгіленген қасиеттерді анықтауға бағытталса, әдіс технологиялық тәсілдер мен процедуралардың жүргізілуімен сипатталады. Осы орайда, әдістердің өзін бірнеше критерилер бойынша сипаттауға болады: Әдіс – оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;Әдіс – табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын , қоғамды жалпы танымды зерттеу; Әдіс – танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі;
Әдістемелердің операционалды жіктелуі:
1.Әдістемелердің жіктелуі «обьективтілік-субьективтілік» деген өлшемдерге негізделеді. Обьективті әдістер жағдайында психологдиагностың нәтижеге әсері шамалы болады. Ал, субьективті әдістер нәтижесінде керісінше психолог-диагностың тәжірибесінен және интуициясына байланысты. Обьективті және субьективті әдістерді жүргізу барысында орындаушыдан әр түрлі технологиялық операцияларды орындау талап етіледі. Сондықтан да бұл жіктелу «операциональды» деп аталады. Обьективтіжәнесубьективтіәдістемелерарасындаайтарлықтайайырмашылықтарболмайды.Жаңашылпсихологиядағыпсиходиагностикалық әдістер өздерінің сапасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:
Формализденген әдістер зерттеудің нақты риламенттік процедурасына (инсрукциясы нақты сақталған, материалды белгілі әдістермен шешу) стндартизация (нәтижені бағалаудың басқа нормаларын немесе критерилердің болуы) сенімділік пен нақтылық кіреді. Бұл әдістер аз уақыт ішінде дигностикалық ақпаратты алуға, индивид пен адамдарды саналы салыстыруға мүмкіндік береді.
Тест – (ағылшын тілінен аударғанда «тексеру, дайындау» деген мағынаны білдіреді.) бұл стандартталған қысқа, көбіне уақыт бойынша шектелген бақылау. Сандық және сапалық айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.
Формасы бойынша тестер:
-индивидуалды және топтық;
- ауызша және жазбаша;
- бланктық және заттық;
- аппаратуралы және компьютерлік;
- вербалды және вербалды емес болып бөлінеді
Интеллект тест
2. Сауалнама – психодиагностиканың бұл әдісінде тапсырма сұрақ пен ойлар түрінде беріледі. Бұл әдіс зерттелушінің сөздерінен ақпарат алуға негізделген. Сауалнамалар диагностикалық инструменттердің ішіндегі ең көп таралған түрі болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |