бірнеше бекініс салды.
2.2.Парфия қуатты мемлекетке айналды.Тиридат деген билеуші кезінде
2.3.Елдің батыс шегі Ефрат өзеніне дейін созылды. І Митридат деген билеуші кезінде
2.4. І Митридат бағындырды. Бұрынғы Вавилон, Парсы және Мидия елдерінің бай аймақтарын
2.5. Римнің шығысқа жорығын тойтарып отырды. Парфия
2.6 Парфияның басқару жүйесі ұқсас болды. бұрынғы ахемендік парсылардікіне
3. Елдің астанасы бір қаладан екінші қалаға ауысып отырды. Парфия патшалары өте бай
болды. Өйткені, олар елді басып өтетін керуендерге әртүрлі алым-салық төлеттіріп
отыратын. Бірақ олардың билігі өте мықты болмады. Патша ақсүйек рулардың
ақсақалдарымен және дінбасыларымен ақылдасып олардың пікірлерін ескеріп отырды.
Мемлекет жері бірнеше әкімшілік аймақтарына бөлінді. Ондай аймақтар I Дарий кезіндегі
Парсы еліндегідей сатраптықтар деп аталды. Оларды басқарды- сатраптар. Әрбір аймақ
осы сатраптардың қолында болды. Олар патшаға көп тәуелді болмады. Кейбіреулері, тіпті
өздерінің ақшасын шығарды. Сатраптықтардың өздері бірнеше шағын аудандарға бөлінді.
Оларды диз деп атады.Диздерді басқарушыларды дизпат деп атады.
3.1. Елдің астанасы. бір қаладан екінші қалаға ауысып отырды.
3.2.Парфия патшалары болды.өте бай
3.3. Олардың билігі өте мықты болмады. Патша ескеріп отырды. ақсүйек рулардың
ақсақалдарымен және дінбасыларымен ақылдасып олардың пікірлерін
3.4. Мемлекет жерібөлінді. бірнеше әкімшілік аймақтарына (сатраптықтар)
3.5. Сатраптықтарды басұарды. Сатраптар
3.6. Сатраптықтар бөлінді. Шағын аудандарға(диз). Диздерді басқарушыларды атады. дизпат деп
4. Парфия билеушілерінің әскер басты тірегі болды. Олардың дені мықты қаруланған
жауынгерлер еді. Осындай Парфия мемлекетін Арсак ұрпағы биледі.Көшпелілер
парфиялықтар тарихында да елеулі орын алды. Парфия мемлекетінің негізін салушы
Арсактың өзі көшпелілер ұрпағы. Оның мұрагері Тиридат селевкілерге қарсы күресте
көшпелілерді паналап, арқа сүйеп отырған. Көшпелілер көбінесе әскери күш ретінде
парфиялықтарға көп көмек беретін. Әсіресе, батыстан келетін жауларын тойтаруға
белсене атсалысатын. Бірақ жағдай үнемі осылай бола бермеді. Б.з.б. 130 жылы Сирияның
патшасы III Антиох Парфияға қарсы жорық жасады. Оны естіген Парфия билеушісі
көшпелі сақтардан көмек сұрады. Бірақ сақтар келіп жеткенше парфиялықтар өз күшімен
жауын жеңді. Парфия билеушісі көмекке кешігіп келгеңдер деп кінәлап, сақтарға
келісілген төлемді беруден бас тартты. Сонда соғысқа сақадай сай болып келген сақтар,
соншама жер жүріп келген еңбектерін ақтайтындай төлем төлеуді немесе басқа жауына
қарсы аттандыруларын талап етті. Парфия билеушісі бұдан да тәкаппарлықпен бас тартты.
Оған намыстанған сақтар Парфия жерін ойрандай бастады. өздеріне қарсы шыққан
әскерін талқандап, Парфия билеушісін өлтірді. Парфияны талап, тонауға салды. Сөйтіп,
өздерін мұқатпақ болған парфиялықтардан өшіп алып, өз жеріне қайтты. Парфия оларға
салық төлеп отыруға мәжбүр болады.
4.1.Парфия билеушілерінің басты тірегі болды. әскер
4.2.Парфия мемлекетін биледі. Арсак ұрпағы
4.3. Сирияның патшасы III Антиох Парфияға қарсы жорық жасады. Б.з.б. 130 жылы
4.4.Парфиялықтар көмек сұрады. Сақтардан. Сақтар соғысқа жетті. Соғыс аяқталғанда
4.5. Парфия сақтарға кінә жауып, ақша төлуден. Бас тартты
4.6. Сақтар ызаланып. Патшаны өлтірді Сақтарға салық төлеп отыруға мәжбүр болды.Парфия
5. Азияның Жерорта теңізіне жақын бөлігін жаулап алған Рим мемлекеті өзінің шығыстағы
басқыншылық әрекетін күшейтті. Рим мен Парфия бетпе-бет келді. Екеуі аралық
шекараны Евфрат өзені бойымен белгіледі. өзеннің батыс бөлігін римдіктер, ал шығыс
бөлігін парфиялықтар иемденді. өзінің атақ-даңқын шығарып, беделге ие болмақ болған
римдік әскербасы Красс б.з.б. 55 жыл үлкен жорыққа шықты. Бірақ ол парфиялықтардың
соғыс тәсілін білмейтін еді. Красс өз қолын Қосөзеннің Карры қаласы маңындағы жазыққа
қарай бастады. Ол Парфия жауынгерлерінің жазық жерде қауіпті екенін ескермеді.
Парфиялықтар 3-4 күн ашық шайқасқа шықпай, еліктіре отырып, римдіктерді құмдауыт
далаға тереңдеп енгізді. Парфия әскерінің қолбасшысы Сурен кездесуге жақсылап
дайындалды. Оның әдеттегі атты әскерімен бірге, аттары да, өздері де сауытты мың
жауынгері болды. Жебелерді өте көп етіп дайындап қойды.
5.1. Азияның Жерорта теңізіне жақын бөлігін жаулап алған өзінің шығыстағы басқыншылық әрекетін күшейтті. Рим мемлекеті
5.2. Рим мен Парфия шекараны белгіледі. аралық Евфрат өзені бойымен
5.3. Өзеннің батыс бөлігін римдіктер, ал шығыс бөлігін парфиялықтар иемденді.
5.4.Римдік әскербасы Красс
5.5. Красс үлкен жорыққа шықты. б.з.б. 55 жыл
5.6. Парфия әскерінің қолбасшысы Сурен
6. Римдіктер жақындап келгенде парфиялықтардың әскери дабылы соғылып, шайқас
басталды да кетті. Бұл дауыспен римдіктерді үрейлендіре отырып,- деп жазылған бір
деректе, - парфиялықтар сауыттарының сыртындағы жамылғыны лақтырып тастап,
күтпеген жерден өздері маржан сияқты көз қарықтыра жарқырайтын темірден жасалған
дулығасы мен сауыттарын киіп, ал аттарын мыс және темір сауытарын кигізіп алып,
римдіктердің алдынан өрт-жалын сияқты қаулап шыға келді... Шашырай сапқа тұрған
парфиялықтар алыстан көздемей-ақ садақтарын атып жатыр. Римдіктердің жиылып, тығыз
тұрғандығы сондай, тіпті, әдейі мүлт жіберудің өзі мүмкін емес еді. Парфиялықтар үлкен
садақтарын серпіп күш беру үшін қатты кере римдіктерге ауыр да күшті соққы берді.
Осындай күйден римдіктер жағдайы ауыр болып кетті. Шайқас нағыз қантөгісті сипат
алды. Түнге қарай римдік әскерлер асығыс шегіне бастады. 40 мыңдық рим әскерінің 10
мыңдайы ғана әрең құтылып, өз елдеріне жетті. Қалғаны тұтастай дерлік қырылды.
Атақты Красстың өзі де қаза тапты. Оның басы соғыс олжасы ретінде Парфия патшасына
жіберді. Бұл жеңістің үлкен тарихи маңызы болды.Ол Парфия патшалығының қуатын
көрсетті. Оның римдіктердің шығыстағы басқыншылық әрекетіне тосқауыл бола
алатынын байқатты. Парфиялықтар бұдан кейін де Рим әскерлерін әлденеше рет
талқандады.
6.1. Парфиялықтар киді. көз қарықтыра жарқырайтын темірден жасалған
Достарыңызбен бөлісу: |