84. Тірек-қимыл аппаратының зақымдануы бар балаларға эмоционалды-энергетикалық сфераның қандай ерекшеліктері тән екендігін айтып беріңіз.
БЦП балалардың эмоциялық еркіндік сфераларының қатарының бұзылуы тәнімді. Кейбір балаларда жоғары эмоцияларды түрде білінеді, тітіренту,басқаларында тоқтатылған ұялшақтық. Бала жыласа, күлсе тоқтай алмайды. Жаңа сәттерде, шаршағанда күшейеді. БЦП балалардың. тұлға құрылысы ерекше.
Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы кезінде психикалық даму кемістігі танымдық әрекетінің, эмоционалдық-жігерлі сферасының және жеке тұлғаның қалыптасуының бұзылуларынан тұрады.
Тірек–қимыл аппаратының зақымдануындағы интеллект кемістігінің құрылымы бір қатар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
Қоршаған орта туралы мәліметтің бір шама аз көлемі. Бұл келесі себептердің салдары болып табылады: а) ұзақ мерзім бойы қозғалмау жағдайы және кеңістікте ерсілі-қарсылы жүру қиындығымен байланысты амалсыз оңашалау, құрбылармен ересек адамдармен қарым-қатынастың шектеуілігі, б) тірек–қимыл зақымдануымен байланысты затты-практикалық әрекет барысында қоршаған ортаны танудың қиынға түсуі, в) сенсорлық қызметтердің бұзылуы.
· Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы кезінде әр-түрлі талдағыш жүйелерінің үйлесімді қызметінің бұзылулары байқалады. Түрлі заттарды сипау, манипуляциялау, яғни іс-барысында тану қызметтері ТҚАЗ кезінде бұзылады.
· Ой-өріс кемістігінің әркелкі, дисгармоникалық түрде болуы, яғни бір интеллектуалдық қызметтер бұзылып екіншісі тежелсе, үшіншісі қалыпты жағдайда сақталып қалады. Мұндай өзгешелік мидың ерте даму сатысындағы органикалық зақымдануымен байланысты. Сонда көбінесе жоғарғы интеллект қызметімен басқада ең жағарғы қыртыс функцияларды қамтамасыз ететін мидың «жастау» функционалдық жүйелері күйзеледі. Кейбір балаларда ойлаудың көрнекі түрлері дамиды, басқаларында, керісінше, көрнекі-қызметтік ойлау төмендегенімен сөйлеу-логикалық ойлау жақсырақ дамиды.
· Психоорганикалық көріністердің ұлғаюы: психикалық процестердің бәсеңдігімен әлсіреуі, әрекеттің басқа түрлеріне ауысуы, зейін шоғырлануының жеткіліксіздігі, механикалық зерде көлемінің төмендеуі.
Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балаларға эмоционалдық–жігерлі сферанының бұзылулары тән. Кейбіреулерінде ол жоғары эмоционалдық қозуымен қатар шегіндірілген тежелуімен байқалады, басқаларына – ұяңдықпен сескенушілікпен сипатталады. Тәртіп бұзылулары қозғалыстың шегіндірілген тежелу, ашушаңдық, қоршағандарға қарсы шығумен сипатталады. Ал кейбір балаларда керісінше толық немқұрайлық, селқостық, қатынаспаушылық орын алады.
ТҚАЗ балалардың психологиялық сипаттамасы И.О Левченко, И.И. Мамайчук еңбектерінде ұсынылған. Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы қозғалтқыш, сенсорлық, когнитивті, әлеуметтік депривацияға және эмоционалды–күш жігерінің зақымдануымен көрініс табады. Эмоционалдық сферасы көптеген себептерге байланысты сәтсіздікке ұшырайды. Бір жағынан баланың орталық жүйке жүйесінде зиянды органикалық зақымдануы оның аффективті тұрақсыздыға әкеп соқтырады. Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балаларда сонымен қоса, ақыл–ой кемістігі қатар жүрсе, онда бала сырттан келген тітіркендіргіштерге жауап қайтара алмайды. Егерде ақыл–ойы кем болмаса, онда балалар кез–келген тітітркендіргіштерге жауап қайтара алады.
Достарыңызбен бөлісу: |