87. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің маңызын жазыңыз.
Тәрбие – қоғамның негізі қызметтерінің бірі. Жеке адамды, мақсатты қалыптасыру процессі, аға ұрпақтың тәжірбиесін кейіңгі ұрпаққа меңгертіп, оларыдң сана – сезімін, жағымды мінез – құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірбиені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті,іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндірші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамадағы адамдардың өмір сүруі тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірбиелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Онсыз қоғам ұғымы ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қоғамның әдет – ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау. Қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар , өндіріс құралдары – құлиеленушілердің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты – құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі. Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиелеу ұйымдастыруды нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім — адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» — деді. Ы.Алтынсарин «өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбек сүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мүқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу — кісіліктің басты белгісі» — деген.
Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру маңсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сүлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» — деп жазды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы» халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты — Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиеледі.
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.
Дүниетаным — тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным — адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көз-қарас — ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі — оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстрактылы-тілі, ой операциялары-талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, қүрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз мін-детіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а)оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ә)оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б)озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру.
эстетикалың құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділіңке, батылдыңқа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
Тәрбие процесінің мәні — баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |