Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. - Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
- Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
9.4 2005-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесі. Инновациялық негіздегі жоғарғы білім беруді дамыту стратегиясы. - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы бүкіл халықтың талқылауынан өтті, оның барысында 3000-нан астам ұсыныстар мен ескертулер түсті. ЮНЕСКО-ның, Білім беруді бағалаудың Еуропалық қауымдастығы басқармасының, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірлік білім секторының, "Ашық қоғам" институты орта білім жөніндегі халықаралық басқармасының (Будапешт) сарапшылары, Ресейдің жетекші сарапшылары халықаралық сараптау жүргізді. Ұсыныстар мен ескертулердің көпшілігі назарға алынды. Бағдарламада білім беруді дамытудың мынадай негізгі бағыттары көзделген:
- 1. Оқыту 6 жастан басталатын әрі жоғары саты оқушыларын бейінді және кәсіпке бағытталған жүйеде оқытатын 12 жылдық жалпы орта білімге көшу.
- 2. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру жаңа деңгейін құру.
- 3. Академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды даярлаудың үш сатылық жүйесін: бакалавриат-магистратура-докторантура (Ph.D) құру.
- 4. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру.
Достарыңызбен бөлісу: |