- Кенорындарының типтері
- Мору кенорындарында пайдалы қазба затының жиналу тәсіліне байланысты қалдық және инфильтрациялық типтері бөлінеді.
- Қалдық кенорындар
- Мору кенорындарының бұл класшасы өздерiн қалыптастырған таужыныстардың үстiне орналасады. Жер қыртысында силикат (магмалық және метаморфтық) таужыныстар көп таралған. Мору белдемiнде бұл таужыныстар ыдырап, гидролиз процесі жүредi. Мұндай жағдайда сiлтiлi және сiлтiжер элементтер шынайы ерiтiндiлерге өтiп, көмiрқышқыл бикарбонаттарын жасайды да грунт суы алқабына өтедi немесе жербетi ағын суымен шайылып кетедi. Бастапқыда негiзiнен коллоид ерiтiндiлерден тұрған минералдық қалдықтың құрамына алюмототық, темiр мен марганец оксидтерi, кейде кремнийтотық кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |