Мору қыртысын құрайтын минералдар арасында түбiрлiк таужыныстардың бастапқы минералдары (кварц, рутил, магнетит), ыдыраудың бастапқы сатысының минералдары (гидрослюда, гидрохлорит), кейiн кристалданған аморфтық минералдар, сонымен қатар морудың аяққы өнiмдерi болып табылатын туынды минералдар (темiр, алюминий мен марганецтің гидроксидтерi, халцедон, опал) бөлiнедi. - Мору қыртысын құрайтын минералдар арасында түбiрлiк таужыныстардың бастапқы минералдары (кварц, рутил, магнетит), ыдыраудың бастапқы сатысының минералдары (гидрослюда, гидрохлорит), кейiн кристалданған аморфтық минералдар, сонымен қатар морудың аяққы өнiмдерi болып табылатын туынды минералдар (темiр, алюминий мен марганецтің гидроксидтерi, халцедон, опал) бөлiнедi.
- Мору қыртысы және олармен байланысты пайдалы қазба кенорындары жаралу үшiн маңызды мәнге ие факторлар: климат, түбiрлiк таужыныстардың құрамы, құрылымы мен жасы, массивтiң тектоникалық бұзылғандығы, ауданның бедерi, гидрогеологиялық жағдайлар, мору қыртысы қалыптасу процесiнiң ұзақтығы.
- Пайдалы қазба денелерiнiң пiшiнi мен орналасу жағдайлары бойынша: аудандық, сызықтық және жапсар маңы мору қыртысы кенорындары (сурет).
- Мору қыртысы кенорнының типтерi:
- а–аудандық: 1–жамылғы түзiлiмдер; 2–жоса-саз таужыныстар; 3–4–никель минералдары жиналған серпентинит: 3–нонтрониттенген, 4–ыдыраған; 5–ыдырамаған серпентинит;
- б–сызықтық:
- 1–2–серпентинит:
- 1–ыдырамаған, 2–никель минералдары жинала ыдырап морыған; 3–жоса-саз таужыныстар; 4–жарықшақтық белдемi;
- в–жапсар маңы (карст): 1–серпентинит; 2–әктас; 3–карст түзiлiмдерi; 4–кен
Достарыңызбен бөлісу: |